ХЛОРЕЛЛАНЫ ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДА ӨСІРУ ЖӘНЕ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА ҰСЫНЫС ЖАСАУ

Қазіргі уақытта Оңтүстік Қазақстанда агроөнеркәсіп кешенінің мәселелерін шешу маңызды мақсаттардың бірі болып тұр. Солардың ең маңыздылары бау- бақша және мақта шаруашылығын дамуын жолға қою. Бұл мәселелерді шешпей тұрып Оңтүстік Қазақстан экономикасын, әлеуметтік жағдайын дамыту мүмкін емес. Хлорелланы Орта Азия жағдайында ғылыми маңызын көтерген академик А. М. Музаффаров және биология ғылымдарының докторы, профессор Т.Т.Таубаев (1976 — 1978) ұсынған қоректік заттар кейінгі жылдар топырақ микро — биологиясынның ғылыми мамандары жағынан жәнеде байытылды. Хлорелла биотехнологиясын дамыту бүгінгі күнің маңызды мәселелерінің бірі.

Мал шаруашылығында, ауыл шаруашылығында, құс шаруашылығында және басқа бірнеше бағыттарды дамытуда жасыл балдыр – хлорелланың маңызы өте үлкен. Топырақ өнімділігін арттыруда, зиянды химиялық заттарданқұттылуда, зиянкестерден сақтануда хлорелла таусылмас табиғи байлық, қызметті аса маңызды, дихандар үшін өте қажетті қассиетті дүние.

Қазіргі таңда Мақтаарал өңірінде 300 мыңға жуық халық тұрады, 1 км2 майданға 124 адамнан келеді. Сол себепті біздің өңірде хлорелла өсіру аса маңызды. Мұның ең маңызды жолы биологиялық әдістерді қолдау арқылы іске асыруға толық мүмкіндік бар.

Топырақтың түзілуінде және өнімділігінің артуында басқа факторлармен бірге балдырлардың маңызы үлкен. Қолайлы жағдайда балдырлар топырақта бір маусымда гектарына 30-50 кг физиологиялық белсенді заттарға бай биомасса топтауы мүмкін (Жизнь растений, 1977). Ғылыми әдебиеттер мәләметтері бойынша балдырлар майда түйіршекті топырақты бірлестіріп, тез еритін тұздарды сіңіріп оларды жуылып кетуден сақтайды. Кейінірек бұл тұздар органик заттар түрінде өсімдіктер және микроорганизмдер қоректік ретінде сіңіреді. Олардың топырақтағы атқаратын қызметі гумус мөлшерін 0,67 дан 1,55% ға, карбонсуларды 0,39 дан 0,89% ға артырып топырақтың микробиологиялық процессін жеделдеттіру. Сонымен бірге топырақтағы балдырлар пленкасы судың булануы, балдырлар кездеспейтін топырақтарға қарағанда 1,57 есе азайтады.Бір гектар жерге құрылған құрылмадан жинап алынатын балдырлар биомассасы 50 гектар болған жерді органик тыңайтқыштармен қамтамасыз етеді (Холл,1979). Сонымен қатар табиғи жағдайда тұщы және ащы суларда кейбір балдырлардың жаппай өсіп кету нәтижесінде топталған биологиялық массасында органик тыңайтқыш түрінде қолдану мүмкіншілігі пайдалы екендігі көрсетілді.

Балдырлар ішінде топырақта кездесетіндер атмосферадағы молекуляр азоты өзінде топтап оны өсімдік және топырақтағы микрофлора үшін пайдаланатын жағдайға кетіріп беретін қөқ жасыл балдырлардың маңызы үлкен. Қазіргі заман ауыл шаруашылық қожалықтарында өсімдіктерді керекті мөлшерде азот тыңайтқыштарымен қамтамасыз еткен жағдайда көзделінген өнімді алу мүмкін. Мұндай азот тыңайтқыштары екеу болып, біруі химиялық азот(селитра) және екіншісі биологиялық жол арқалы кейбір фиксаторлар жағынан фиксация жасалынған азот.

Кейінгі жылдарда балдырларды қолдану барысында алып барылған зерттеулер, жылы жайлар жағдайы ашық жерге қарағанда бірнеше есе артықшылығы анықталды. Себебі, ыстықтық және ылғалдылық балдырлардың өсуіне және көбейуіне сейкес келуі анықталды.

Сонымен бірге кейбір балдырлар композициясынан дайындалған биопрепараттардың өсімдік өніміне әсері оларды бөлек қолдану арқалы, олардың артықшылығы анықталды.

80% хлорелла және 20% көк жасыл балдырлардан дайындалған биопрепарат АҚШ тың «Soil Technology» фирмасында дайындалып бидай, жүгері,соя егіндері өнімділігіне әсері зерттелді.Бұл препарат 1985 жылдан сатуға шығарыла бастады, сол жылы 100 мың доллар,1986 жылы 3 млн. 100 мың пайда алынған. Бұл өнімнін жұмсалуы 1га жерге 1,1 кг. Сақтау мерзімі 6 ай (Bioindustry, 1985; Genet. Eng. News, 1986). Орта Азияда микробиолог ғылымдар жағынан (Джуманиязов, Джуманиязова, Юсупов,2000) хлорелла, пистия балшық және харалар композициясынан құралған биотыңайтқыш істеп шығарылған.

Хлорелла кейінгі уақытта ғалымдардың назарын өзіне аударып келеді. Бұл балдыр қолайлы жағдайда тез дамиды. Хлорелла өнімділігі мен басқа өсімдіктерден ажыралып тұрады. Жақсы балдырлардың құрамында тіршілік үшін маңызды болған йод, радий, бром, мышяк, кобальт, калий, фосфор және басқа көптеген элементер барлығы анықталған.

Пайдалы хлорелланың құрамында 56 пайызға дейін жалпы протейн, 50 пайыз таза ақуыз, 7-15 пайызға дейін пайдалы элементтер бар. Бұл балдырлардың құрамында 23 түрлі аминқышқылдары, сонымен бірге маңызды амин қышқылдарының барлығы кездеседі: лизин — 10,2 пайыз, метионин — 1,4 триптофан — 2,2 аргинин — 15,8 гистидин — 3,3 лейцин — 6,1 изолейцин 3 — 4 фенилалацин — 2,8 треонин — 2,9 және валин — 5,5 пайыз құрайды.

Хлорелланың құрамында әр түрлі дәрумендер көп. Жүз грамм құрылтылған биомасса құрамында 78,0 мг каротин, витамин В6— 2,30; витамин В2— 3,5; витамин В12 — 25,0; 302-холин, 145 мг никотин қышқылы бар.

Бұл су балдыры ақуыз, дәрумен және басқада азықтық қорларға бай болып, олардан тамақ өнеркәсібінде және жем шөп ретінде пайдалану өте тиімді. Оңтүстік Қазақстандағы Мақтаарал өңірі хлорелладан пайдалану үшін табиғи климаттық жағдай өте қолайлы.

Қазіргі дәуірде бір қаттар дамыған шетелдерде хлорелла және басқа балдырлардан азық ретінде пайдалануда. Жапония, Қытай, Оңтүстік Корея және басқа батыс елдерінде хлорелла және басқа су балдырларынан кондитер және сүт өнімдері, тағамдар және әр түрлі ішімдіктер дайындауда пайдалануда.

Мақта алқаптарына хлорелла суспензиясын арнайы ыдыстарда алынып келініп ,су ағып жатқан арықтарға құйуға болады. Хлорелла су ағынымен мақта алқаптарына тарайды және топырақтың жоғарғы қабатыңда балдырлар көбейеді ылғалдылық жақсы сақталынады. Мұнымен егін өнімі өседі және топырақ құрамы жақсарады. Оңтүстік Қазақстанда жүгері аса маңызды техникалық дақылдардың бірі болып саналады. Біріншіден жүгері дәні алынса,екіншіден мал шаруашылығы үшін азық дайындалады. Мақтаарал өңірінде негізгі көп егілетін техникалық дақыл бұл мақта. Сол себепті жүгері егу үшін ажыратылатын алқаптарға бірнеше жыл қатарынан бір ғана мақта дақылы егілу нәтижесінде ол жерлер өнім өте аз береді. Осындай жерлерге егілген жүгері өніп шығысымен оларға бір ай ішінде бүркегіш жәрдемінде хлрелла суспензиясы себілсе оның массасы, даму сатысы жоғары болады және топырақтың сапасы артады.

Соңғы жылдары Қазақстан, Россия және Беларусия мемлекеттерінің арасында кеден бақылау жүйелерінің алынып тасталуына байланысты Мақтаарал өңірінде бақша дақылдарына (қауын, дарбыз тб.) деген сұраныс артты. Бірақ бақша дақылдары көп жылдар мақта егілген алқаптарға егілуде. Бұл жерлерге өте көп мөлшерде минерал тыңайтқыштар, әр түрлі пестициттер қолданылған. Осындай жерлерден алынған бақша өнімдерінің сапасы төмен болумен қаттар әр түрлі ауыруға шалдығады. Мұндай жағдайға тап болмау үшін биологиялық тәсілді пайдалану аса маңызды роль атқарады. Хлорелла суспензиясында бақша дақылдарының ұрығын 23-30 сағаттай ылғалдандырып егу жақсы нәтиже береді, ұрық бір- екі күн ерте шығады, өсуі және дамуы жылдамдайды. Өнім 15-20 пайызға артады.

Қорыта айтқанда қазіргі таңда Мақтаарал аудандағы 136000 гектар егістік алқаптарының 74,5 пайызына дәстүрлі дақыл – мақта егіледі, 10,7 пайызына бақша, 4 пайызына дәндік дақылдар, 2,7 пайызына көкөніс өсірілуде. Егерде біз хлорелла суспензиясынан дұрыс пайдалана білсек, мынадай жетістіктерге қол жеткізуге болады.

  1. Хлорелладан аулшаруашылығында, ылас суларды биологиялық тәсілмен тазалауда пайдалану мүмкін.
  2. Әр түрлі қоректік заттарға бай болғандығы үшін хлорелладан кондитер өнімдеріне, кейбір ішімдік құрамына қосып пайдалануға болады.
  3. Ірі қара, қой,ешкі және басқалардың рационына тәулігіне 2 — 10 л хлорелла суспензиясы қосып берілгенде олардың тірідей ауырлығы 15 — 20%, сүт өнімділігі 13 — 18% көбейеді.
  4. Балапан және тауықтар рационына 0,2-2,5 грамм есебінде хлорелла пастасы қосып берілгенде, олардың тірідей ауырлығы 13-20 пайызға, жұмыртқа салу 12 пайызға, жұмыртқа құрамындағы дәрумен А көлемі 1,5-2 есе артады.
  5. Хлорелла суспензиясында бақша дақылдарының ұрығын(қауын,дарбыз тб.) 23-30 сағатта ылғалдандырып егу жақсы нәтиже береді.Ұрық бір- екі күн ерте шығады,өсуі және дамуы жылдамдайды.Өнім 15-20 пайызға артады.Сонымен бірге топырақ құнарлығы артады.