Орталық Қазақстан экономикалық аудан – Қазақстанның орталығында орналасқан. Оның құрамына Қарағанды, Жезқазған областары кіреді. Орталық Қазақстан экономикалық ауданы негізінен Сарыарқаның көтеріңкі Оңтүстік бөлігін алып жатыр. Ауданның шығыс жағында орталық Қазақстанның ең биік жері Қызылорай тауы немесе гранитті тау массивтері – Қарқаралы, Кент, Қызылтас аласа таулар орналасқан. Сарыарқаның Оңтүстік батыс Туран ойпатының біраз жері кіреді.
Археологиялық материалдар Қазақстанның орталық аудандарының территориясын ежелгі адамның ашель-мустье дәуірінде игергенін көрсетеді. Орталық Қазақстанда тас құралдар жасаудың қаратаулық дәстүрлерін сақтаған ескерткіштер бар. Олардың ішіндегі амель дәуірінің II жартысына жартысына жататын ең көнесі – обалысай (Жезқазған облысының жезді ауданы).
Жезқазғанның Оңтүстік –Шығыс жағында 150км жердегі Жаманайбат тұрақ өңінде жеті шапқы мен екі қырыштан тұратын дайын тас құралдар комплексі табылды.
Балқаштың Солтүстік төңірегі мен Ертістің сол жағалауындағы тас дәуірінің ең көп тараған ескерткіштері – тұрақтар – шеберханалар мен тас сындыратын орындар. Балқаштың Солтүстік төңірегінің және оған іргелес аудандардың ескерткіштерінде құралдың тас өндірісі леваллуа техникасының ұзақ уақыт болуымен сипатталады. Алайда Орталық Қазақстан Шығыс ауданындағы памолеттік ескерткіштердің бәрі бірдей аралас коллекциялармен сипатталмайды.
Қарағанды қаласынан 18км Оңтүстікте орналасқан тас дәуірінің тұрағы Қарағанды -15. Оны 1958ж – 1983ж. М.Н. Клапчук ашып зерттеген. Мұрақта жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесінде ескерткіштің бірнеше мәдени қабаттан тоұратыны анықталды. Мұнда қала мен ерте неолит дәуірі аралығын қамтитын тұрғын нашар ошақ орындары, аң сүйектері аршылып алынған. Қарағанды 15 тұрағынан табылған тас құралдарының ең ерте мезолитке жатқызуғада болады. Қазақстан аумағында өзара байланысын анықтауда Қарағанды 15 тұрағынан алынған материалдардың ғылыми – маңызы зор. Қазақтың ұсақ шоңылығының байтақ жерін мекендеген тайпалар тұрғын үйлер мен қора – қопсылардың қалдықтары бар қоныстар бейіт құрылыстары мен көне рудниктер жортастағы суреттер мен құрбан шалу орындары сияқты көптеген ескерткіштер қалдырды. Қала дәуіріндегі ескерткіштердің тараған батыс шебі бойлап жезқазған – Ұлытау –Арғанаты –Терісқаққан өзенінің жоғарғы жағы. Жезқазғанда бұл мәдениет көптеген кен өндірмелерінен көрінеді: олардың ішіндегі ең ірілері Кресто, Петро, Миылықұдық болды. Жезқазған – соңғы неолит және қола дәуірінен қалған кен орындары Раймунд, Сарқұдық, Тосқудық Айнанар, Қасқұдық, Жезқазған ауданында щұңқырлап қазған терең ұралар карерлер және олардың жанында төбе – төбе болып үйірген кен қоныстары әлі бар. Бұлардан табылған түркі тас құралдарға құмыра ыдыстардың сынықтарына қарағанда Жезқазған кен орындарын соңғы неолит дәуіріндегі тайпалар ашып пайдаланған.
Археологиялық зерттеулерге қарағанда Жезқазған қаласы тұрған жерде тым ерте замандарда қала дәуірінде мыс рудасы өндіріліп металл қорытылған.
Қазіргі уақытта Орталық Қазақстанда қала дәуірінің 30-ға жуық қонысы мен 150 ірі қорымы табылды. Орталық Қазақстандағы Андронов мәдениеті тайпалары өздерінің дамуында бірінен соң бірі келетін екі кезеңнен өтті, алдыңғысы – Нұра кезеңі Ортаңғысы Атасу кезеңі.
Соңғы қола дәуіріндегі олар Андронов мәдениетімен салыстырғанда анағұрлым жоғары көрнекті Дәндібай – Беғазы мәдениетін құрды. Бұл Қарағанды қаласының маңындағы Дәндібай ауылында және Балқаштың Солтүстік төңірегіндегі Беғазы қайнауында қола ескерткіші осылай аталды. Мәдениеттің алдыңғы Нура кезеңі толық зерттелмеген бибіт құрылыстарының материалдары бойынша ғана мәлім. Атасу дәуіріндегі Андроновтың халықтың мәдениеті – алдыңғы қола мәдениетінің жалғаыс мен табиғи дамуы. Сонымен бірге бұл – қоғамның оның экономикасы мен мәдениетінің дамуындағы жаңа неғұрлым жоғары кезең бұл кезең қола дәуірінің кемелденген орта кезеңіне жатады.
Атасу кезеңінің ескерткіштері Орталық Қазақстанда көп, олар Қоңырат ауданындағы Былқылдақ, Қарасай Теміртау, Қарабие ҚорымдарыШерубай – Нұра өзені алқабындағы Басбалдақ, Ақсу-Аюлы 1 қорымдары және басқалар. Құрбан шалынатын орындарда орталық Қазақстандағы Нұра, Қарасу, Жорлы, Ақбілек өзендерінің алқаптарындағы кемелденген қаланың өзені бір үмідегі ескерткіштері болып табылады.
Атасу заманынан Дәндібай – Беғазы заманына дейінгі өтпелі кезең Атасу өзенінен Ертіске дейінгі байтақ далада таралған көптеген ескерткіштермен сипатталады. Олардың қатарына Ақсу-Аюлы -2, Ортау-2, Байбола 2,
Бұғылы – 3, кешендері жатады.
Дәндібай – Беғазы мәдениетінің өтпелі және дамыған кезеңдеріндегі құрылыстардың көбінің ішкі қоршауларында ағаш төбесінің қалдықтары сақталыпты бұл төбе пирамидалы сатылы жақтау түрінде бөренелермен жабылған.
Дәндібай – Беғазы мәдениетінің дамыған дәуіріне жататындар – Беғазы, Айбас – Дарасы, Аққайтас Дәндібай, Ортау -3, Саңғыру – 1 зираттары, Ұлытау, Шортанды бұлақ Қарқаралы 1-3 қоныстарын атаумызға болады. Біғазыдағы ескертркіштер тобында біртектес алты қоршау бар. Беғазы ескерткіштерін салу үшін сүр түсті граниттің өте үлкен кесектері іріктеліп алыныпты. Мұндай гранит құрылыстарға жақын жерден шыққан. Құрылыстың кейбір тік бұрышты тақталарының салмағы 3тн дейін жетеді. Соңғы қою дәуіріне бейіттік құрылыстардан басқа Қарқоралы қаласы жанындағы Суықбдұлақ Қорқоралы, Ұлытау поселкісі маңындағы Қызылтаудағы Тағыбайбұлақ және басқа қоныстар жатады.
Орталық Қазақстан тайпаларының мәдениеті неғұрлым көлемді археолгиялық қазба жұмыстары жүргізілген. Тасмола қайнауының атына сәйкес Тасмола мәдениеті деп аталады. Оны ерекше бөліп алуға тастар тізбегі бар, мұрытты обалар деп аталатын ерекше үлгідегі ескерткіштер себеп болады. Ең ірі обалар топтары Бұғылы, Қызыларай, Қорқаралы, Баянауып, Қызылтас, Кент, Қу тауларының аңғарына шоғырланған. Батыста олар Ұлытау Арғанаты, Желдіадыр тауларының бөктерінде, оңтүстікте Желдітау, Тайатқан, Шұнаң таулы жазыңдарын алып жатыр. Б.з.б VII-III Орталық Қазақстан тайпаларының экономикасы мен мәдениетінің гүлденуі кезеңінде Балқаштың солтүстік өңірімен Жезқазғанның кен металлургия ошақтары онан әрі жұмыс кетеді. Орталық Қазақстанның әуелгі темір дәуіріне тән көрнекілік – жартасқа салынған суреттер – петрылибіттер. Олар Ұлытау таулары Балқаш маңынан Шұнақ деген тауларынан табылды.
Археологиялық мәлиметтер бойынша Тасмола мәдениеті негізінен үш кезеңнен тұрады. 1 кезең бзб VII-Viғ қамтиды. Бұл кезең туралы Тасмола I-V, Қарамұрын I Нұрманбет IV қорымдарынан мәлимет алуға болады. Тасмола мәдениетінің алғашқы кезеңінің обаларынан табылған заттар жиынтығы тұрақты болып келеді.
2 кезең б з б V-IIIғ бұл кезеңде бұрынғы дәстүрлерін жалғастырды.
3 кезең б з б I мың жылдың аяқ кезінің ескерткіштері жете зерттелмеген.
Б з б III-I ғасыр біруатар ескерткіштерінің тасмололық шығу тегін көрсететін тұтас топ Қараоба және Қорғантас қорымдарының обалары болып табылады. Оларға ортақ сипат! Жерленгендерді меридиандық бағытта салу, қабірдің бір бөлігін құрбандыққа шалынатын малдардың сүйектеріне арнап бос қою.