ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰХИТ ТАБИҒАТЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ

Гидросфераның құрамдас бөлігі болып саналатын дүниежүзілік мұхит табиғатын зерттеу ежелгі өркениет орталықтары болып саналған, алғашқы теңізде жүзушілер — финикиялықтар мен мысырлықтардың, Үнді және Тынық мұхит жағалауын мекендеген ежелгі халықтардың қарапайым мәліметтерінің мыңжылдықтар бойында жинақталуынан бастау алады.

«Дүниежүзілік мұхит» ұғымын география ғылымына 1917 жылы орыс ғалымы Ю.М. Шокальский енгізген болатын. Дүниежүзілік мұхит атына сәй-кес біртұтас физикалық-географиялық жүйе болып саналады, оның құрамына мұхит айдындары ғана емес, оған жалғас жатқан құрлықтардың шеткі бөлік-тері де кіреді.

Дүниежүзілік мұхит географиялық қабықтың негізгі құрылымдарымен- литосферамен, атмосферамен, биосферамен және өзі құрамдас бөлігі болып саналатын гидросферамен тығыз байланыста ғана қалыптасып, дамып, түрлі сипаттағы өзгерістерге ұшырап отырады. Сондықтан да Дүниежүзілік мұхит-ты және оның суларын ғаламшарлық деңгейдегі біртұтас табиғи жүйе ретінде қарастыру қажет.

Дүниежүзілік мұхит бүгінгі таңда шартты түрде төрт мұхит: Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік Мұзды мұхиттарына жіктеледі[1].

Атақты географ — Страбон еңбектерінде бiртұтас Дүниежүзілік мұхит туралы алғашқы пікірлер айтылған болатын. Алғашқы ғылыми мәліметтер антик дәуірі ғалымдарының Жер шарын құрлық пен судың арақатынасына қарай «мұхиттық» (Аристотель, Страбон, Эратосфен) және «континенттік» (Птоломей және т.б.) бөліктерге бөлуінен басталған болатын.

Ежелгі гректер мен римдік теңізде жүзушілер Жерорта теңізі мен оған жалғас жатқан су айдындары бойымен бірнеше рет саяхаттап, жағалық бөлік-тер туралы өте тиянақты жазба деректер қалдырған. Оларда мұхит пен құр-лық арасындағы жылу мен ылғал балансы, Дүниежүзілік мұхит суының тұз-дылығы туралы ғылыми-анықтамалық мәліметтер сақталған. Олардың есеп-теулеріндегі көрсеткіштердің құндылығы сол, қaзipri мұ­хит суларының қаси-еттерін салыстырып, саралауға мүмкіндік береді.

Орта ғасырлардың бастауында скандинавиялық теңізде жүзушілер (нор-мандар мен викингтер) Атлант мұхиты деңгейінде көптеген саяхаттар жасап, ондағы ағыстар жүйесі туралы көптеген дәйектер мен құнды мағлұматтар жинақтаған.

Дүниежүзілік мұхит табиғатын зерттеудің ең маңызды кезеңі XV-XVI ғасырлардағы географиялық ашылулармен тығыз байланысты. Ұлы геогра-фиялық ашылулар деңгейіндегі зерттеулерді сол кезде күшті дамыған елдер — Португалия мен Ис­пания бастады[2].

XV ғасырдың eкінші жартысында Португалия Атлант мұхиты аркылы Африка жағалауына көптеген экспедициялар ұйымдастырып отырды. Португал теңізшілері құрлықтың батыс және оңтүстік жағалауын бойлай жүзді. 1488 жылы Бартоломео Диаш Африканың оңтүстік шетіндегі Қайырлы Үміт мүйісіне жетті. Христофор Колумбтың ұйымдастырылған экспедиция-сы Атлант мұхиты арқылы батыс бағытта жүзіп отырып, 1492 жылы Аме­рика дүние бөлігін ашты. Оның төрт саяхатының (1492-1504ж.) нәтижесінде Орта-лық Америкадағы Багам, Үлкен Антиль және Kiшi Антиль аралдары, Оңтүс-тік Американың солтүстік жағалауы ашылды.

1497-1499 жылдары португал Teңiзшici Васко да Гама Африканы оңтүс-тігінен айналып өтiп, Үндістанға апаратын теңіз жолын ашты. Ал Фернан Магеллан басқарған испан экспе­дициясы Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа өтетін жол тауып, одан әpi дүниежүзін (1519-1522ж.) толық бip рет ең бipiн-шi болып айналып шықты.

XVI-XVIII ғасырларда Дүниежүзілік мұхиттың түрлі бөліктерінде көпте-ген саяхаттар ұйымдастырылып, олардың нәтижесінде алғаш рет океаноло-гия ғылымының нeriзi қалана бастады. Ондай зерттеулер қатарына 1648жы-лы С. Дежнев пен Ф. Поповтың, кейіннен В. Беринг пен А. И. Чириковтың Азияның солтүстік-шығыс жағалауын бойлай жүзіп, Азияны Америкадан бө-летін бұғазды, Тынық мұхитының солтүстік-батыс жа­ғалауын ашуын, «Ұлы Солтүстік экспедициясы» (1734-1741ж.) мен Дж. Куктың Тынық мұхит эква-ториясы бойынша жасаған үш экспедициясын ерекше атап өтуге болады.

XIX ғасырдың бас кезінде болған И. Ф. Крузенштерн, Ю. Ф. Лисянский, О. Е. Коцебу, Ф. Ф. Беллинсгаузен және М. П. Лазарев экспедициялары нәтижесінде Дүниежүзілік мұ­хит табиғатының зерттеу аясы кеңейіп, мұхит табаны бойын­ша жүргізілген океанографиялық байқаулар мен зерттеулер негізінде көптеген ғылыми мәліметтер жинақталды. Антарктикалық сулар мен мұздар туралы орасан зор маңызды ғылыми ақпараттар нақтыланды.

Дүниежүзілік мұхит табиғатын кешенді зерттеу XIX ғасыр­дың 60-жылдары мен XX ғасырдың ортасына дейінгі аралықта ғана жүйелі жүргізе бастады. Бұл кезеңнің соңына қарай мұхит табиғатына түбегейлі зерттеулер жүргізді.

Ол зерттеулер «Челленджер», «Витязь», «Фрама» сияқты ғылыми-зерттеу экспедициялық кемелер мен Ч. У. Томпсон, С. О. Макаров, Ю. М. Шокальский, В. В. Докучаев, М. А. Рыкачов, А. В. Эверлинг, Г. Шотт сияқты ғалымдар еңбегінің нәтижесінде жинақталды[3].

Дүниежүзілік мұхттың нағыз ғылыми жоспарлы дәрежесінде зерттелу кезеңі (XX ғасырдың ортасынан қaзipri кезге дейін) Дүниежүзілік мұхит табиғатын кешенді ландшафттылық зерттеулер жүргізілуімен сипатталады.Бұл жұмыстар Дүниежүзiлiк мұхит табиғатын зерттеу барысында:

  1. Компоненттік: физикалық-географиялық;
  2. Кешенді физикалық-географиялық (ландшафттылық);
  3. Палеогеографиялық зерттеулер сияқты үш бағытта жүргізілуде.

Жүйeлi зерттеулерді жүзеге асыру үшін Ресей, Франция, Улыбритания, Норвегия, АҚШ, Канада, Аустралия сияқты мұхитқа тікелей шыға алатын елдерде океонологиялық бағыттағы ғылыми-зерттеу институттары көптеп ұйымдастырылды.

Қaзipri таңда Дүниежүзілік мұхит табиғатын кешенді зерт­теу жұмыстары жаңа деңгейге көтеріліп, үздіксіз сипатта жүзеге асырылуда.

Дүниежүзілік мұхит табиғатын зерттеу барысында геогра­фия ғылымын-да мынадай зерттеу әдістері кеңінен қолданылады:

Геожүйелік әдic

  1. Ландшафттылық-географиялық;
  2. Геофизикалық;
  3. Геохимиялық;
  4. Кибернетикалық.

Палеогеографиялық әдіс

1.Нағыз палеогеографиялық;

2.Тарихи-географиялық.

Географиялық болжау әдici

1.Географиялық модельдеу;

2.Картографиялық модельдеу;

3.Математикалық модельдеу[4].

Зерттеуге қажетті нақты ақпараттардың барлығы экспедициялық, стационарлық және эксперименттік жұмыстар нәтижесінде жинақталады. Жинақталған мәліметтерге алғашқы қорытынды жасалады, ол одан әpi мұхиттың геожүйелерін болжау мақсатында үлгілеу үшін пайдаланылады.