Тәрбие технологиясының ерекшеліктері

1.Кешенді қатынас Мектептің тәрбие жүйесінің пайда болуы, қалыптасуы, дамуы көптеген объективтік және субъективтік факторлардың ықпалымен жүретін ұзақ мерзімді және күрделі процесс болып табылады. Сонымен қатар ол оқу орнының қызметі мен айналадағы әлеуметтік ортаға мәнді өзгерістер ендіреді. Оның нәтижесі көп жағдайда мектеп өмірінде нені, қалай қашан өзгерту қажетігін анықтай білуге байланысты. Қателеспес үшін ең алдымен оқу орнының бүгінгі жағдайы мен келешектегі бейнесін нақты елестете болжай білу өте маңызды.

Мектептің тәрбие жүйесінің дәл бүгінгі таңдағы және келешектегібейнесінің үлгісін жасау оның қалыптасуы мен дамуы жағдайында қажет болып табылады.

Үлгі ретінде философ В.А.Штофтың пайымдауынша, зерттеу объектісінің бейнесі мен елесін таныта отырып, оны алмастыра алатын, яғни оның зерттелуі сол объекті туралы жаңа ақпарат беретін ойша көрініспен материалдық тұрғыда бұрын қолданылған жүйені түсінуіміз керек

Академик В.Д.Афанасьев үлгінің негізгі сапаларын атай отырып, оған

мыналарды жатқызады:

— түпнұсқаның –жүйеге ұқсас сай келуі;

— мақсаттылық, яғни оның параметрлерінің жүйе алдына қойылғанмақсатпен, күтетін нәтижелерімен сәйкес келуі;

— субъектілік бағалау қатынасына және үлгіні жасаушыларға бейтараптық қатынаста болу;

— түпнұсқаның- жүйенің параметрлерімен және кейбір детальдарымен алшақтау.

Үлгі обьектінің немесе құбылыстың белгілі бір жеңілдетілген, схемаландырылған көрінісі болып табылады. Ол үлгіні жасау процесі-ерекше таным тәсілінде жасалды, яғни жүйе зерттеу объектісінің үлгісінде көрініс табады.

Философтардың әлеуметтік құбылыстар мен объектілердің үлгісін жасау проблемалары жайлы көзқарастары мектептің тәрбие жүйесінін үлгісін жасау жолдарын анықтауға көмектеседі. Үлгі жасау процесінде тәрбие жүйесінің мәні мен маңызды сапаларының тең келтіру үлгісін жасалуы тиіс. Жасалатын үлгіде тәрбие процесінің субъектілеріментәрбиежүйесініңкомпоненттеріжайлытүсініктері, жүйежасаушы факторлар мен байланыстар, жүйенің құрылымы мен қызметінің соңғы және арлықтағы нәтижелері оларды қадағалау мен белгілеп отырудың әдістері туралы түсініктері жинақталуы қажет. Үлгі жасауда қолданылған технологиялар тәрбие жүйесінің әлеуметтік-педагогикалық кешенінің біртұтас үлгісін жасауға мүмкіндік туғызуы керек, яғни оқушылардың сабақта және сыныптан тыс әрекеттерін өзара байланыстыратын, мектептің, отбасының және әлеуметтік ортаның тәрбиелік күшін кіріктіретін, инновациялық процестер мен дәстүрлі формалардағы әрекеті біріктірілген, жүйенің қызметіне әсер ететін сыртқы және ішкі факторлардың сипаты мен тенденциялары анықталған, әрі ескерілген болуы керек.

  1. Талаптар Тәрбие жүйесінің үлгісін жасау-бұл жүйелі білім беру үлгісін жасау процесі. Мұны әрі тәрбие жүйесін танып білу тәсілі ретінде де, әрі жүйені басқарудың маңызды компоненті ретінде келешекте де- оның қызметі мен даму сатыларында да оның элементтері, байланыстары мен құрылымын өзгеріске ұшырап жатқанда да қажет деп қарастыру керек.

Талаптар:

Iкезең-мектеп бейнесін жасау.

II кезең-оқу орнының тәрбие жүйесінің бір үлгісіне мектептің осыбейнесін ендіру.

IIIкезең- оқу мекемесінің тәрбие жүйесі үлгісі мен мектеп бейнесін нақтылайтын аздаған өзгерістер ендіріп өңдеу.

Тәрбие жүйесінің үлгісін жасау процесін кезең-кезеңімен қарастырамыз және әр кезеңдегі педагог, оқушы, ата-аналардың бір мақсатқа бағытталған бірлескен тіршілік әрекетінің формалары мен әдістерін анықтаймыз.

Бірінші кезең- мектеп бейнесін жасау. Ол өте күрделі және ұзаққа созылады. Мектеп бейнесін жасау-бұл педагогтардың, оқушылардың, ата-аналар мен өзге де әлеуметтік орта өкілдерінің мектептің тәрбие жүйесінін нақты немесе болжамды үлгісін жасауға және оның құрылымы мен дамуының жолдарын, субъектілері мен құралдарын анықтауға кіріктірілген мүмкіндіктері. Мектеп бейнесі тәрбие жүйесінін компоненттері мен өзара байланысқан бірнеше құрамынан тұрады.

Тәрбие жұмысы-бұл жеке тұлғаның неғұрлым толық дамуына бағытталған мақсатты іс-әрекет. Педагог -тәрбиешінің есінде ең алдымен тәрбиешілік және дамытушылык іс-әрекет, ұжымды ұйымдастыру және дамыту, оқушы тұлғасының қалыптасу мәселесі тұруы керек.

Қазіргі мектептің жалпы даму тенденциялары тәрбие жүйесінің болуы, әр мектептегі тәрбие жұмысын атқаруда түрлі әлеуметтік институттардың өзара қызмет бөлісіп алуан, тәрбиешілер қызметінің мақсаттары мен міндеттерінің өзгеріске ұшырауын, олардың функцияларын қайта қарауды талап етеді.

Оқыту

процесіндегі

тәрбие

 

Сабақтан тыс (оқудан тыс іс-әрекет)

 

Мектептегі іс-шаралардың маңызы ерекше. Мектепте ұйымдастырылатын іс-шаралардың мақсаты оқушылардың дүниетанымын дамытып, қалыптастыру, өмір жайлы түсінігін жетілдіру, мектептегі іс-шаралар оқушылардың көңіл-күйін көтеріп, мектепке деген жағымды эмоция қалыптастыруы тиіс. Мектептік іс-шаралар дарынды, жігерлі, оқушылардың өзін-өзі көрсетуіне, өз орнын түсінуге, ерік жігерін шыңдауға бағытталуы керек. Оқушыларға жалықпай еңбектенсе, оның нәтижелі болатынына сенім қалатын осындай іс-шаралар арқылы олардың көзін жеткізуге болады. Мектеп оқушыларының үлгілі-өнегелі болуы немесе тәртіп бұзуы тәрбие жұмысының сапасына байланысты.

Мектептегі оқу-тәрбие істерінде іс-әрекеттің барлық түрлері кешенді түрде іске асырылады. Әр оқушы өз таңдауымен, қалауымен, еркімен атқаратын қоғамдық істерді таңдайды. Мұғалім әр оқушының ішкі қажеттілігін ескереді.

Мектептегі тәрбие іс-шаралары мен кешенді істер үлгісі.

Күні Мектеп ұжымын дамыту Сынып ұжымын дамыту Жеке оқушыны дамыту Пед.бақылау
         

Мектеп бейнесі мен тәрбие жүйесі компоненттерін құрастырудың өзара байланысы.

Мектеп бейнесін құрастырушы Мектептің тәрбие жүйесінің
1.Мектеп оқушысының бейнесі.

2.Мектептің тәрбие жүйесіндегі жеке индевидтер мен ролі туралы.

3.Мектептің тіршілік әрекетінің бейнесі, ондағы іс-әрекетті жүргізу, оқу-тәрбие процесімен қатысушылардың өзара қарым қатынасы мен араласуы

4.Оқу орнының айналадағы әлеуметтік және табиғи ортамен жұмыс істеу өзара қарым – қатынас жайлы түсінік

1.Идеялар мен мақсаттардың кіші жүйесінің бөлігі.

2.Тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін жүзеге асырушылардың бірлігі.

3.Іс-әрекет пен қарым –қатынастың кіші жүйесінің бөлігі.

4.Мектеп ұжымы игерген әлеуметтік және табиғи орта.