Проза жанрында 1922 жылы жазған «Бандыны куған Хамит» атты әңгімесі бар. Бұл әңгіме Октябрь революциясынын жеңісінен соң кеңес өкіметіне қарсы іріткі салу мақсатымен елдің үрейін, момын шаруалардың берекесін кетіріп жүрген бандылардың қарақшылықәрекетін әшкерелеуге арналған. Мұнда да автор жаа орнаған кеңес өкіметін оның ішкі жауларынан тазартып, көздің карашығындай қорғай білу керектігін айту, соны жас өспірімдерімізге, пионерлерге социалистік реализм негізінде түсіндіруі көздслген.Әңгіменің композиялық құрылысында бір ерекшелік бар. Мұнда да оқиға желісі салған жерден бірден сондағы жаратылыстың әсем көріністерін мөп-мөлдір сәулелі күнді, таңертеңгі түскі, кешкі мезгілдегі бұлттарды, айнала төңіректі оқиғаға байланыстыра суреттейді.
Табиғаттың әсем көріністерін суреттеген соңғы жолдарында табиғат бояулары туралы, жан-жануарлар туралы, ауа туралы және егіншілер мен шөп орған шалғыншылардыц шаруашылығы жаблы, тиімді күн райы туралы суреттеу әңгіменің негізгі түйіні, арқауы болып отырған оқиғаға байланысты алынған. Табиғаттың бұл көріністері әцгімеленіп отырған оқиғадан оқшау тұрған жоқ, қайта осылай суреттеу арқылы жас өспірімдердің көңіл күйін аулауға, оқиғаның себептерін ашып айқындай тусуге көп жәрдем ететінін жарыстыра айта отырады. Табиғаттың адамды таң-тамаша ететін осындай эстетикалық сұлу да әсем болмысын әсерлі суреттеген Сәкен әңгімесіндегі пейзаждық көріністер негізгі кейіпкерлердің мінезі мен типтік бейнесін әр жақты аша түсуге қызмет етіп отырғанын байқаймыз.
Дәуір шындығьш және басты кейіпкерлерді психологиясын, таптық көзқарастарын ашу үшін жазушы табиғат суреттерін параллелизм жасай отырып айқындайды. Бұл тек табиғаттың сұлу картиналарын суреттеу ғана емес. Пейзаж адамның түйсігі арқылы беріледі де, сол адамның сезім, ой, көңіл күйін, оның өмірге қарым-қатынасын түсінуге жәрдемдеседі, «Бандыны куған Хамит» әңгімесіндегі орман сұлулығын суреттегеңдегі табиғат образы Хамиттің типтік образымен ұштасып, ұлғая түседі. Осы көріністе Хамиттің гуманистік мораліне қасқыр мінез, қара ниет Кудряның ішкі дүниесі қарсы қойылған. Хамит пен Кудря арасындағы тартыс көрінісі дауылда жаңбырмен жуылып, тазарған жаңа өмірдің басталуымён, таңмен, болашацпен үштасады.Хамиттің бандыны іздеп бара жатқан бағыты осындай қалың орман. Бірақ бүл жерде жайылған мал да, қөрші тепкен үйлер де жок. Хамит келе жатқан орман іші қанша көркем болғанмен жалғыз-жарым адамға қоркынышты, үрейлі. Оқушы осы жағын да ерекше сезініп отырады. Өйткені жалғыз жолаушыны бандылар қай жағынан қоршап алар екен деген ойлар оқушысын әлсін-әлі үрей-лебдіре береді.