Көп клеткалы жануарлар мен бір клеткалы жануарларға сипаттама

Губкалар- қарапайым көп клеткалылар. Оның қарапайымдылығы – денесі нағыз тканға бөлінбейтін эктодерма және энтодерма дейтін екі қабаттан тұратындығында. Ересек губкалар коллониялы бір нәрсеге жабысып қозғалмай тіршілік ететін сыртқы тітіркенішті елең етпейді деуге тболатын жануарлар. Олар өздерінің денелерінен су сүзеді. Сүзу губкалардың эндотермасын құрайтын кірпік жағалы клеткалары арқылы болып отырады. Губканың денесіне сумен бірге қоректік заттар және оттегі келеді. Денесінен шығатын сумен бірге зат алмасу қалдықтары да шығып отырады. Эктодерма мен эндодерманың арасында аралық қоймалжың зат әр түрлі клеткалы мезоглея бар. Осы қабатта губканың скелеті орналасады және жыныс клеткалар пайда болады. Скелеттің болуы клетканың басты сипаты. Олардың басым көпшілігінде скелет болады. Скелет көбінесе жеке пішіні әр түрлі ұсақ бөлшектерден тұрады, олардың известьтен не кременеземнен құралады.Кейбір губкалардың скелеті органикалық зат спонгиннан құралады. Губканың мөлшері бірнеше мм-ден 1,5м дейін жетеді. Губканың өсіп өнуінде әр түрлі процестер болады. Ұрықтанған жұмыртқадан әдетте еркінше жүзетін личинкалар шығады. Личинкалар көбінесе екі қабатты одан арғы көбінесе митиформозында ішкі қабаттың клеткалары сыртқа шығады, және теріге айналады. Ал сыртқы қабаттың клеткалары хоаницитке айналады. Осы процеске байланысты губканың несін эктодерма, несін эндодерма деп санау мәселесі анық емес. Сондықтан оларды көбінесе өзге көп клеткаларға қарсы деп атайды. Губкалар көбінесе теңізді мекендейді; тұщы суларда олардың азғана түрлері болады. Губкалар теңізде көп тараған олар жағалаудан бастап тереңге дейін кездеседі. Губканың қазіргі кезде 5000 түрі белгілі. Губкалар өте ертеден келе жатқан жануарлар, олардың қалдықтары жердің өте ертедегі қабатынан табылады. өздерінің ұзақ тарихында губкалар онша өзгермегенін айта кету керек. Көптеп қазба губкалардың түрлерінің осы кездегі губкалардың түрлерінен аз. Губкалар типі бірнеше отрядқа бөлінеді:

  1. Известі губкалар-
  2. Үш ості не алты сәулелі губкалар-
  3. Төрт сәулелі губкалар-
  4. Кремний мүйізді губкалар-

өкілі- Бадягалар.

Бадягалар тұщы сулы губкалар. Бұл губкалардың бірнеше түрі бар. Олар негізінде жақын екі туысқа жатады.

Сыртқы пішіні: бадягалардың тұрақты пішіні болмайды. Олар жастық сияқты томпақ, не күрделі бұтақты құрылыс түрінде де болады. Бадягалардың түсі сары қошқыл не жасыл. Губканың түсінің жасыл болуы оның тканінде өмір сүретін жасыл балодырдың болуына байланысты. Бір бадяга дегеніміз көбінесе бірнеше бадягалардың бірігуінен түзілген. Олардың санын ауыздарына қарай білуге болады, Бадягалардың тұла бойы недермалықмембранамен қапталады. Бұлардың тесігі саңылаулы болады.

Ішкі құрылысы: Дермолық мембрананың астында кең елдік не дерма дерма астылық қуыс болады. Бұл қуыстың т үбінен кірпікшелі камераларға баратын түтіктердің күрЖыныстық жолмен көбеюі. Бадяганың барплық түрлері айырым болады. Бөліну нәтижесінде іші клеткаға толған және кірпікшелі сыртқы қабығы бар личинка пайда болады. Мұндай личинка ұрғашы бадяганың организімінен шығады және аз уақыттан кейін еркімен жүзеді. Содан кейін бір нәрсеге бекіпгубкаға айналады. Бұл өзгерілуінде сыртқы қабатының клеткалары денесінің ішіне батып, онда кірпікшелі жиектіклеткаларға айналады.

Жынысыз көбеюі : Жыныссыз көбеюді бүршіктену әдісімен жүреді. Мұның өзі жолмен жүреді, сыртқы бүршіктену қомақтыколлопия құрады, ішкі бүршіктену гемулля пайда болады.

Бадягалардыңда губкалар сияқты регенирациялық қабілеті күшті. Егер бадяганы езіп жиі маталар арқылы сүзсек және клеткаларданқұралған эмульсия түзіледі. Бұл клеткалар бір бірімен жабысып, клетка жиынтығын құрады. Бұл клеткалар жиынтығы жақсы жағдайда өсіп бірнеше күшпен кейін кішкене губкаға айналуы мүмкін. Губкалардың мұндай регенирациялық қабілеттілігі губкалардың қарапайым екендігін және олардың жеке клеткаларының белгілі қызмет атқаруға нашар бейімделгенін көрсетеді.

Экологиясыжәне географиялық таралуы: Бадягалар көбінесе тропикте және субтропикте таралған. Қоңыр салқын үйектерде бола тұрса олардың түрлері аз. Қазақстанда бадяганың он түрі кездеседі. Бұлар төрт туысқа бөлінеді. Байкал көліндегі губкалардың орны ерекше. Онда тек қана Байкал көлінде кездесетін Lubomirskidae тұқымдасының бірнеше түрлері бар. Олаврдың басқа тұщы суық губкалардан бірқатар белгілері: гуммуласы болмауы арқылы айрылады. Бадягалар ағынды сулар да, ақпайтын қара сулар да кездеседі. Ағынды сулардың ағыны бәсең Жағалауларын мекендейді. Олар су астындағы бағанаға, томарға, су астындағы өсімдікке, жағалаудағы тастарға т.т. бекінеді. Олар басқа жануарлар , мысалы молдюскаларға жабысады. Губкалар судағы әр түрлі құрылыстарға жабысып бірқатар зиян келтіреді. өзінің қуысты құрылысының арқасында бадягалар толып жатқан әр түрлі су жәндіктердің , құрттардың, кейбір су шаяндардың личинкаларына пана болады. Сөйтіп олардың арасында ерекше биоценоз пайда болады. Біздің халық медицинасында кептірілген бадягаға ревмотизмді емсдеуге қолданылатын , сонымен қатар денені қызартуға қолданылатын, құрғақ губканың үстіндегі спекулдардың үйкегенде теріні қоздыратын әсері болуы керек Бір клеткалы жануарлар-қарапайымдылар Protozoa Бір клеткалы жануарлар. Талшықтылар. өкілі Эвглена. Қарапайым жануарлар типіне 30000-нан астам жануарлар кірді. Олар суда, ылғалды жерде, және көп жасушалы жануапрлардың ағзаларында тіршілік етеді.

Денесі жартылай сұйық цитоплазмадан және ядродан тұрады. Олардың цитоплазмасы екі қабаттан сыртқысы ашық түсті тығыз эктоплазмадан және ішкі эндоплазмадан тұрады. Цитоплазмада митохондрия, эндоплазмалық тор, рибосома, Гольджи аппараты, жиырылғыш вакуолы, ас қорыту вакуолы т.б орналасқан. Барлық қарапайымдылардың қозғалуы олардың жалған аяқтарына, талшықтарына, кірпікшелеріне байланысты. Көптеген түрлі бактериялармен және шіріген органикалық заттармен қоректенеді. Қарапайымдылар бүкіл денесі арқылы тыныс алып ауадағы оттегін сіңіріп көмір қышқыл газын бөледі. Көбеюі жыныссыз және жынысты жолмен жүреді. Жыныссыз көбеюде олар екіге бөлінеді. Нәтижесінде бір ағзадан екі н/е бірнеше жас қарапайымдылар пайда болады. Жыныстық көбеюде екі бірдей құрылысты қарапайымдылар бір бірімен қосылады. Одан зигота пайда болады. Көптеген қарапайымдылар қолайсыз жағдайда цистаға айналады. Ондай жағдайда қарапайымдылар көп уақытқа дейін сақталады, қолайлы жағдай болса, цистадан шығып өмірін жалғастырады. Қарапайымдылар судағы бактериялармен және шіріген органикалық заттармен қоректеніп суды тазартады, топырақтың түзілуіне үлес қосады. Олар әртүрлі жануарлардың денесінде өмір сүруіне байланысты көптеген аурулар таратады. Цистематикасы:

1-ші тип тармағы-Плазмалылар-Plazmodroma.

Плазмалылар тип тармағына жататын қарапайым жануарлардың бәрі псевдоподий немесе талшықтар арқылы қозғалады және оларда еш уақытта майда кірпікшелілер болмайды. Бұлтип тармағына үш класс кіреді.

1Талшықтар-Flagellata

2 Тамыраяқтылар-Rhizopoda

3 Споралылар-Sporozoa

4 1 класс. Талшықтылар-Flagellata

Талшықтылардың толып жатқан формаларын бір класқа қосып тұратын негізгі белгі олардың бір немесе бірнеше талшығының болуы.Бұл талшықтар осы организмдердің қозғалу органелласы.Талшықтар дененің алдыңғы жағынан шығады, әдетте олардың саны бір немесе кейде екі, кейде 4-8.Талшықтар плазмада жататын ерекше кішкене денешіктен -базаль түйіршігінен тарайды.Талшықтардың көбінің тығыз пелликула деп аталатын қабығы болады.Осы қабыққа байланысты талшықтардың денесінің пішіні и ұзынша келген ,өзгеріп отырмайтын тұрақты болып келеді.Қоректену әдісіне қарай талшықтар мына төмендегідей топқа бөлінеді:

1.Автотрфты организмдер-бұл талшықтар кәдімгі өсімдік сияқты қоректенеді.Яғни галокиттік немесе өсімдікше қоректену деп атайды бұл әдісті.

2.Гетеротрофты-организмдердіңхлорофилдері болмайды.Олар жануарлар немесе өсімдіктер жасаған органикалық заттарды қорек етеді. Гетеротрофты талшықтар шіріп кеткен қақтарда болатын белоктың ыдырауынан шыққан продуктыларды осмос жолымен бойына сіңіру арқылы қоректенеді.Қоректенудің мұндайәдісін сапрофииті қоректену деп атайды.Кейбір гетеротрофты талшықтар бактерияны,бір клеткалы балдырларды ,және майда қарапайым жануарларды қорек етеді.Қоректенудің мұндай әдісін галлозойлық немесе жануарлыққоректену деп атайды.Бұл әдіспен қоректенетін талшықтардың денесініңалдыңғы жағында дербес жұтқыншақпенауыз тесігі кездеседі.

3.Кейбір жасыл формалары аралас қоректене алады.Яғни оларды миксатрофты деп атаймыз.

Бұл класқа он отряд кіреді.

1.Хризомонадалар-Chrysomonadina.

2.Гетерохлоридалылар-Heterokhloridina.

3.Крипотомонадылылар-Crytomonadina

4.Сауыттылар-Dinoflagellata

5.Эвгленелар-Euglnoidina

6.Хлорамонадалылар-Chloromonadina

7.Фитомонадалылар-Rhytomonadina

8.Алғашқы монадалылар-Phytomonadina

9.Көп талшықтылар-Polymastigina

10.Тамыр талшықтылар-Rhizomastigina

Осылардың ішіндегі ең маңыздысы және көп кездесетіні эвленалар отрядына тақталамыз.

Денесі ірілеу,ұршық тәрізді, немесе сопақша келетін жасыл түсті талшықты жануар,әдетте лас басқан суларда болады.Эвгленаның сыртын жылтыр қабық пеллекула жауып тұрады.Денесінің алдыңғы жағында жұтқыншағы болады.Бұл домалақ болып келетін резервуарға барып тіріледі.Жұтқыншақтыңтүбіне жарықсезгішнүкте сигма болады.Бұл эвленаның қозғалысын реттеп отырады.Резервуардың қасында жиырылғыш вакуоль орналасқан.Бұл зәр шығару және осмос қысымын реттеп отырады. Эвгленаның жиырылғыш вакуолін бірнеше кішкене зәр алып келетін вакуолдер қоршап жатады.Жиырылғыш вакуоль бір минутта екі рет жиырылады.Сол кезде жиырылғыш вакуольге толған сұйық зат резервуарға құйылады және жұтқыншақ арқылы сыртқа шығарылады. Эгвленаның денесінің арт жағында тамшы сияқты ядросы болады.Плазмадахлорофил сіңген көк жасыл хроматхоралары болады.Эвглена нағыз жасыл өсімдіктерше қоректенеді. Эвгленалар ұзыннан бөліну арқылы көбейеді.Ядро митидика әдісімен бөлінеді ядро бөлінгеннен кейін плазмада бөлінеді.Плазманың бөлінуі оның алдыңғы жағында шұңқыр пайда болуынан басталады.Осы кезде талшықтар түсіп қалады, және базаль түйіршіктері бөлінеді.Кейіннен базаль түйіршіктерінен талшықтар өсе бастайды.Плазманыңбунақталып екіге бөліну процесі алдан артқа қарай жүреді мұның нәтижесінде жас особтар бір -бірімен тек денесінің артқы жағынан ғана қосылып тұрады содан кейін олардың арасындағы байланыс үзіліп әрқайсысы жеке шығады. Қолайсыз жағдай кездескенде эвглена цистаға айнала алады. Су тиген жағдайда ғана циста бұзылып, эвглена қайтадан тіршілікке кіріседі.