- Аталық жыныс бездері – жыныс органының күрделі бөлігі. Мұнда аталық жыныс клеткаларымен бірге аталық жыныс гормондары түзіледі. Аталық безі мезотелий мен ақ қабықшадан тұратын қабықпен қапталған. Осы қбықтан аталық жыныс безін бөліктерге бөлетін дәнекер ұлпалық бөлмелер тарайды.
- Аналық жыныс бездері жуп орган дар, құрсақ қуысында жатырдың екі жанында жатады. Оны бір қабатты бір қатарлы куб тәрізді эпителий қаптап тұрады. Эпителийдің астында дәнекер ұлпалық ақ қабықша болады. Аналық жыныс безінің қан тамырлары мен нервтерге бай ішкі немесе жұмсақ қабатын және аналық жыныс клеткалары – ооциттер болатын сыртқы немесе қабық қабатын ажыратуға болады.
- Ұрықтану дегеніміз аталық және аналық клеткаларының қосылуы. Осыны нәтижесінде хромосомалардың диплоидтық жиыны қалпына келеді. Жұмыртқа клеткасының метаболизмі үдейді және зигота деп аталатын сапа жағынан жаңа клетка пайда болады. Осы кезде ядроның массасы екі есе артады, ал цитоплазманың көлемі сол күйінде қалады. Зигота бөлініп, көп клеткалы ұрық пайда болады. Пісіп жетілгеннен кейін аталық және аналық жыныс клеткаларының онан әрі бөлінетін және дамитын қабілеті болмайды, ұрықтанбаса, спермотозойдтар тез активтігінен, тіршілік қабілетінен айрылады, ал жұмыртқа клеткасы көп ұзамай өліп қалады. Сондықтан жыныс клеткалары ұрықтануы үшін тез кездесулері керек. Ұрытану процес інде үш фазаны ажыратады:
Бірінші фаза — жыныс клеткаларының бір — біріне жақындап жанасуы, екінші фаза спермотозоидтың, жұмыртқа клеткасына оның қабықша арқылы енуі. Сүтқоректілерде жұмыртқа клеткасына бір ғана спермотозоид енеді. Мұндай құбылысты моноспермия деп атайды. Омыртқасыз жануарларда, балықтарда, құйрықты қосмекенділерде, бауырмен жорғалаушыларда және құстарда полиспермия болуы мүмкін. Бірақ ұрықтануды бір ғана спермотозоид қамтамасыз етеді. Артық қалған спермотозоидтар мен ұрықтанбаған жұмыртқа клеткалары жұмыртқа өзегінде немесе жатырда өліп қалады, содан кейін оларды лейкоцит тер фагоцитоздайды. Ооплазмаға спермотозойдтың басы, мойны, және құйрық бөлімі енеді. Ал кейбір жануарларда, мысалы, молюскаларда спермотозоид толықтай енеді.
Спермотозоид енгеннен кейін ооплазманың шет жағының цитоплазмасы тығыздалып ұрықтану қабықшасы пайда болады. Үшінші фаза – аталық және аналық пронуклеустің түзілуі және кейін олардың қосылуы. Спермотозойд жұмыртқа клеткасына енгеннен кейін жұмыртқа клеткасындағы мейоз процесі аяқталғанға дейін және бағыттаушы денешіктермен хромосомалардың бір жиыны шығып кеткенге дейін оның ядросы өзгермейді. Мейоз аяқталған соң спермотозоидтың ядросы ісіне бастайды және хромосомалардың жарты жиыны бар ядроның өз пішініне ие болады. Осындай өзгерістер жұмыртқа клеткасының ядросында да жүреді және аналық про нуклеус пайда болады. Кейін екі про нуклеус жұмыртқа клеткасының центріне қарай жылжып, бір — біріне қарай жақындап келеді. Спермотозоидтың центриольдары екі еселеніп, жұмыртқа клеткасының бөліну полюстеріне ажырайды, олардың арасында митоздық ұршық пайда болады, пронуклеустердің мембраналары жеке көпіршіктерге бөлінеді, аталық және аналық пронуклеустардың хромосомалары жұмыртқа клеткасының центрі не жиналады. Осыдан кейін әкесі мен анасынан келген хромосомалар экваторға жиналып, жұмыртқа клеткасының бірінші бөлінуі жүреді. Егер ұрықтану кезінде спермотозойдтың Х – хромосомасы жұмыртқа клеткасына түссе, онда болашақ организм ұрғашы жынысты, ал егер У — хромосома енсе, еркек жынысты болады.