Биогеография пәнінің мақсаты, міндеті және оның басқа салалармен байланысы

Биогеография дегеніміз – ағзалармен оның бірлестіктерінің жер бнтінде таралу заңдылықтарын зерттейді. Жер бетіндегі тірі ағзалармен өсімдіктерді тіршілігі заңдылықтарын оқып үйрену, бірлестік компонентерінің өзара байланыстылығы мен біртұтастық көзқарасты қалыптастыру.

Міндеттері : 1) қазіргі заманғы биомбардың класификациясы. 2) Әр зонаның климаттық өсімдіктер дүниесінің, жануарлар дүниесінің ерекшеліктері. 3) Биомдардың алуан түрлілігін сақтау табиғи биомдардың антропогенді қысымының әсерінен сақтау және қорғау шаралары туралы білімдерді қалыптастру. Биогеография салыстырмалы географиялық әдістермен зерттеу арқылы әртүрлі географиялық іс-әрекеттерді биосфераға болжай алады. Әртүрлі ағзалармен оның бірлестіктерінің жер бетінде таралуы табиғат тәжірибесі болып табылады. Мұдай географиялық таралу ерекшеліктерді қолдан жасау немесе антропогенді жасау мүмкін емес, Өйткені бұл биосфераға қауіпті. Адамның жанды табиғатқа әсері биогеографияның тұрғыдан талдау келешекте үлкен маңызы ар.

Биогеографияға басқа ғылымдартәрізді түсініктер мен терминдер тән. Биогеографияда биологиялық және географиялық жалпы түсініктер бар және спецификалық өзіне тән терминдер бар. Бірлестік бұл — белгі бір өлшемді ағзалар топтасуын білдірді. Бірлестік бұл — өсімдіктер бірлестігі, жануарлар бірлестігі, саңырауқұлақтар бірлестігі болып келеді. Бұл терминдер белгілі уақыт өлшемінде бірлесе тіршілік ету мағынасын білдіреді. Сулы алқаптардың түбінде, тереңінде тіршілік ететін ағзалар “бентос” деп аталады. Суда белсенді қозғалатындарды “нектон” д.а. Судың ең үстінгі бетікі қабатындағысын “нейстон” д.а. Планктон, нектон, және нейстон бірлесе пелогиялық бірлестікті құрайды. Зооценоз ұғымына синоним ретінде жануарлар қоғамы немесе жануарлар қауымдастығы жатады.

Популяция — бұл термин бір түрге жататын осаптар бірлестігін білдіреді. Зооценоз немесе жануарлар қауымдастығы жануарлар бірлестігі д.а. Зооценоз және фитоценоз бірлестігі биоценозді д.а. Сонымен биогеографияда “ареал” деген сөз қарастырамыз.

“Ареал” – бір түрдің немесе екінші түрге таралу аймағын айтамыз. Биогеография саласы зоология, билогия, ботаника, география, экология, пәндерімен байланысты. Зоогеография және фитогеографияны биогеографияны бір бөлігі ретінде қарауға болады. Зоогеография жәнефитогеография оқып үйрену объектілері бойынша айырмашылықтары бар. Айтарлықтай жер бетінде ағзалардың таралуына әкелетін процестер немесе таралу заңдылықтары

көбінесе жалпы болып келеді.

Ағзаның таралуына әсер ететін факторлар.

  1. жылу және ылғал – бұл әсіресе құрғақ жердегі бірлестіктерге қажет.
  2. тұздылық құрамымен оттегімен қамтамасыз етілуі – судағы бірлестіктер үшін қажет. Пегротериялық, геохимиялық режим қажет.
  3. биотикалық фактор —сыбайластық сембиоз, антибиоз тәрізді процестер нәтижесі.
  4. соңғы мың жылдықта — жаңа өте мықты фактор адамның іс-әрекеті процесі болған. Антропогенді.
  5. тарихи фактор — оның түп тамыры мыңдаған жылдар дамуында жатыр. “Эдификатор” — өзінің тіршілік ететін ортасын өзгертіп, басқа мүшелерге әсер ететінін айтамыз. Айтылған факторлар әсерін кейбір ағзалар кедергіге кездесіп отыр.Бұл жағдайларда биогеографиялық аудандастыру қалыптасады. Яғни әр түрлі континенттерді салыстырғанда байқалады. Биом деген – аймақтық топ немесе белгілі бір климаттың ерекшелігі бар аудандықтоп.

Аудандастыру принціпі әр зонаның климаттық ерекшеліктеріне байланысты бірнеше топтары бар:

  1. Артикалық белдеудің биодары.
  2. Антрактида және арктикалық.
  3. Европа тундралары.
  4. Қоңыржай белдеулердің биомдары.
  5. Шығыс Азиямен Қиыр шығыс ормандары, өсімдіктері жабыны және жанурлары.
  6. Дала формайиялары.
  7. Оңтүстік Америка, Австралия өсімдіктері және жануарлары.
  8. Шөл. Өсімдіктермен жануарлар судың жетіспеуіне бейімделуі.
  9. Саванналар. Америка, Оңтүстік Америка, Австралия саванналары.

10.Тропиктік ормандар.