Құрлықтың зоогеографиялық бөлінуі

Ежелгі дүниенің тропиктері мен субтропиктарды қамтиды. Африка материгінің

Сахара шөлінен оңтүстікке қарай, Аравия түбегінің оңтүстігі, Мадагаскар аралы, Үндістан және Үндіқытай түбектері.Зонд пен Жаңа Гвинея аралдары, Полинезия архипелагі жатады.

Эфиопия облысы – Африканың Сахара шөлінен оңтүстікке қарай, Аравия түбегінің оңтүстігін және Үнді мұхитындағы Сокотра аралын қамтиды. Табиғи жағдайлары жергілікті жердің рельефімен ерекшеленеді. Африка таулары ылғалды теңіз жерлерінің келуіне кедергі жасайды. Сондықтан Африканың орталығында құрғақ тропикалық климат.

Эфиопия облысында саванналар кездеседі. Ылғалды экваториалды ормандар Африканың батыс және орталық жерлерін алып жатады. Конго өзенінің бассейіні және Гвинея шығанағының оңтүстік жағалаулары. Экваториалды ормандардың өсімдік әлемі әр түрлі. 1 га. Жерде 50 ге жуық өсімдік түрлері кездеседі. Сүткоректілерден – домандар, африка трубказубі. Тұяқтылар өте көп. Антилопаның 40 туысы. Жирафтар, бегемоттар, шошқалар, носорогтар кездеседі. Жыртқыштардан –гиеналар,қасқырлар, гиена-иттері, түлкілер бар. Кеміргіштерден –ғажайып құйрықтиын, атжалмандар, тау тышқандар. т.б.

Насекомдар отряды 3 эндемикті тұқымдастардан тұрады. Сүткоректілерден жартылай маймылдар. Потто және галаго деген түрлері бар. Маймылдар көп және алуан түрлі. Горилла мен шимпанзе, мартышкалар, павиандар, мандрила мен колобустар.

Бір өркешті түйе сирек кездеседі.

Құстар әлемі алуан түрлі. Африка страусі, цесаркалар носорог-құстар, тотықұстар, питт құстары мекен етеді. Эфиопия аймағының рептилиялары алуан түрлі. Хамелеондар, кесірткелер, геккондар, жыландар. Ерекше түрлері болып саналатын жыландар, кобралар, крокодилдер кездеседі. Амфибиялар түрі алуан түрлі. Балықтар әлемі алуан түрлі және ерекше.

Омыртқасыздар әлемі алуан түрлі. Насекомдар, жәндіктер ерекше және алуан түрлі болып келеді. Соның ішінде термиттердің орны ерекше.

Батыс Африка және Кап аудандарын бөледі. Батыс Африка ауданы Гвинея шығанағы және Конго өзенінің бассейінін қамтиды. Ылғалды тропикалық орман. Либерия шошқасы, бегемоттар, африка бұғысы, орман антилопалары мекен етеді. Адам тәрізді горилла май-мылы мекен етеді. Әдемі Африка павмені кездеседі.

Құстардан — кептерлер, тотықұстар, бананжегіштер мекен етеді. Кап ауданының табиғаты өте әсем, экзотикалық. Өсімдіктері – суккуленті. Калахари, Карру, Намибия шөлдерін қамтамасыз етеді. Фаунасы алуан түрлі Зебра,гиена, вивверлермекен етеді.

Мадагаскар облысы түгелімен Мадагаскар аралын қамтиды., Канар, Сейшель, Маскарен аралдары кіреді. Мадагаскар аралының табиғат жағдайы алуан түрлі. Өсімдіктер әлемі өте әдемі, әсем де алуан түрлі. Кейбір жерлерде жоқ ғажайып өсімдіктер түрлері кездеседі. Өсімдіктердің 6000 түрлері өседі. Пальма,бамбук, орхидея және ғажайып саяхатшы ағашы өседі.

Фаунасы алуан түрлі. Ірі жыртқыш жануарлар жоқтың қасы. Приматтардан лемурлар, инди және ай-ай деген жануарлар мекендейді. Жыртқыштардан виверр тұқымдасына жататын фосса деген жанауарлар. Ерекше жануарлар тобына жатады. Насекомдармен қореқтенетін жанауарлардан –кірпілер немесе тенректер. Олардың 13 туысы , 30 тұрі бар. Сұтқоректілердің көбі Африкадан келгендер. Оларға ұзын құлақты шошқа, атжалмандар, тышқандар. Құстар әлемі алуан тұрлі. Мадагаскар питтасы, бакландар, поганкалар,тырналар, көгершіндер. Рептилиялардан –хамелеондар, геккондар,тасбақалар ніл қалтрауыны, кесір-ткелер. Қосмекенділерден бақалар кездеседі.

Индо-малай облысы Азаяның тропикалық аймағын қамтиді. Тынық мұхитының,Ұнді мұхитының архипелагтары мен аралдарын қамтиді. Сулавеси,Кіші Зонд аралдары және Малукк аралдары кіреді. Ғалымдар Жаңа Гвинея аралдарында жатқызды. Фаунасы ерекше. Сұтқоректілердін 46 тұқымдасы, соның ішінде қалталылар көп кездеседі. Жұмыртқа салушылардан жаңагвинеялық ехидна,қалталы тышқандар, насеком-жегіштерден кірпілер, алты қанаттылар, ұшатын тышқандар мекен етеді. Маймылдар әлемі алуан тұрлі. Макакалар, жұқатері маймылдар, гиббондар мен орангутангілер. Жыртқыштардан-қызыл қасқырлар, үнді мангустасы, жолбарыс, гепард және арыстан кездеседі. Пілдер, таперлер, носорогтар мекендейді. Өгіздер тұқымдасынан банктенігі гариал және текелер мен қойлар кездеседі. Рептилиялардан тасбақа, кесірткелер, қолтырауындар, жыландар мекендейді. Омыртқасыздар әлемі алуан түрлі. Насекомдар шаянтәрізділер,буынаяқтылар өте көп. Тұщы судың балықтары алуан түрлі. Құстар әлемі ерекше орын алады. Әсемде әдемі құстар кездеседі. Фазандар, павлин, көгершіндер тоқылдақтар өте көп. Фаунасының алуан түрлілігі жергілікті жердің әсем табиғатын сипаттайды.