Тропикалық аймақ

Бұл аймақтар жануарлардың таралып тіршілік етуіне қолайлы. Фаунаның қалыптасып түзілуіне маңызы аса зор. Теңіз жануарларының барлық түрлері кездеседі. Тропикалық аймақ екі облысқа бөлінеді. 1. Инда-Пацификалық. 2. Тропико-Атлантикалық.

Индо-Пацификалдық облыс Үнді және Тынық мұхиттарының 40 с. е пен 40 ө.е аралығын қамтиды. Бұл аймаққа- Қызыл теңіз, Парсы шығанағы, Майлай архипелагының аралдыры кіреді. Қолайлы температуралық жағдай, ортаның тұрақтылығы фаунаның өте бай болуына әсер етті.

Сүтқоректілерден саяз бұғаздарда тіршілік ететін дюгондар. Бұлардың денесінің ұзындығы 3-5 метрге дейін барады. Бұл жануарлар Қызыл теңізде, Атлант мұхитында, Тынық мұхитында тіршілік етеді.

Теңіз құстарынан мұнда ұсақ дауылпаздар, алып альбатростар гагарлар мекен етеді.

Теңізде улы жыландар да мекен етеді. Олардың елуге жуық түрлері бар. Балықтар әлемі алуан түрлі, түрлі түсті Диодонттар, тетрадонтар, тоты балықтар, кузовкалар мекендейді. Коралл рифтері үлкен көлемдегі аймақтарды алып жатыр. Бұл рифтер алты сәулелі, сегіз сәулелі кораллдардан тұрады. Кораллдар Инда-Пацификалық литоральдің биоценозы болып саналады. Көптеген молюс -скалардың тіршілігі осы литоральдің тіршілігімен байланысты. Бұл молюс-скаларды Қытай мен Жапонияда елдерінде азық ретінде пайдаланады.

Теңіз құрттарынан әйгілі палоло жәндігі өмір сүреді. Ол көбею кезінде мұхиттың бетіне көтеріледі. Полинезиялықтар бұл құртты өздеріне азық ретінде пайдаланып келеді.

Жергілікті фауналардың өзіндік ерекшеліктері оларды мынадай аймақтарға бөледі: Үнді-Батыс, Шығыс-пацификалық, Батыс- Атлантикалық және Шығым Атлантикалық.

ТРОПИКО АТЛАНТИКАЛЫҚ ОБЛЫС.

Бұл аймақ- Американың батыс және шығыс жағалауын, Вест-үнді архипелагінің суларын және Африканың батыс жағалауын қамтиды.

Жануарлар дүниесі кедейлеу. Тек Вест-Үнді теңіздері коралл рифтері мен бірге-бай алуан түрлі фаунаны қамтамасыз етеді.

Теңіз жануарлары ламантиндермен берілген. Бұл теңіз жануарлар тропикалық Америка мен Африканың өзендеріне дейін барады.

Ақ қарынды тюлендер, теңіз арыстандары және галапогос мысықтары кездеседі. Балықтар фаунасы алуан түрлі. Алып скаттар ұзындығы 6м. ірі тарпандар ұзындығы 2 м. дейін Коралл рифтері Вест-Үнді маңында қарқынды қалың әдемі болып өскен.Шаянтәрізділер алуан түрлі және көп болады. Африканың батыс жағалауының литоральы фаунаға кедей. Коралл рифтері жоқтың қасы. Балықтарда өте аз. Бұл облыс екі аймаққа бөлінеді.

  1. Батыс атлантикалық.
  2. Шығыс атлантикалық.

БОРЕАЛЬДІК АЙМАҚ.

Бұл аймақ Атлант және Тынық мұхитының солтүстік бөлігін алып жатыр. Ол үш бөлікке бөлінеді: Арктикалық, Борео-Пацификалық және Борео – Атлантикалық бөлік. Арктикалық бөлік – Американың солтүстік жағалауын Гренландия мен Азияның , Европаның солтүстік жағалауы кіреді. Скандинавия мен Кола түбегінің солтүстігін қамтиды. Судың температурасы 3-40С. Жылдың тең жартысын сулы мұздар басып тұрады. Судың беті мұзды, тұздылығы төмен. Жануарлар дүниесі кедей және біркелкі. Омыртқалы жануарлардан морждар, теңіз мысықтары, гренландия киті, дельфиндер ақ аю. Балықтар әлемі кедей.

Омыртқасыздар көп және алуан түрлі. Актиния, инетерілер көп. Теңіз жұлдыздары, кірпілер офиурлар кездеседі.

Борео пацификалық облыс – Жапон теңізінің жағалаулары мен саяз жерлері, Сахалин және Жапон аралдарының солтүстік бөлігі, Алеут аралдарының жағалаулары, Солтүстік Американың Аляска түбегінен Солтүстік Калифорнияға дейінгі жерлер кіреді. Температура жоғары және тұрақсыз. Орташа температура –10-150С.

Бұл аймақта –калан, сивуч, теңіз мысығы, теңіз арыстаны және теңіз сиыры мекен етеді. Омыртқасыздар әлемі алуан түрлі. Устрицалар, мидия, крабтар кездеседі. Борео Пацификалық аймақтың жануарлары Борео-Атлантикалық аймаққа ұқсас. Мұны амфибиореальдік құбылыс дейді.

Зоогеограф Л.С. Берг мынандай болжам жасайды. Бореальді суларда жануарлардың таралуы арктикалық бассейн арқылы жүрген деген жорамал бар. Тынық мұхитынан Атлант мұхитынан арктикалық бассейн арқылы, климат қолайлы жағдайда болған. Төрттік дәуірде климаттың өзгеруі, ауа райының қатты суы, климаттың өзгеруі, бореальдік түрлердің жойылуына әкелді. Кезінде бір тұтас ареалдар, ұсақ бөлшектерге бөлінді.

Амфибореальдік таралудің нәтижесінде мына жануарлар пайда болды. Чистік құстары, тюлендер және көптеген балықтар келіп мекендеді.