Теңіздерде жануарлардың таралуы

Мұхиттар мен теңіздер Жердің үлкен биоциклі. Жер шарының 70 % жерін мұхиттар мен теңіздер алып жатыр. Сонымен бірге мұхит фаунасы өте бай, жануарлар дұниесінің 64%ін құрайды. Ал құрлықта жануарлар фаунасы 36%.ін құрайды.

Жер шарында төрт мұхит бар. Атлант мұхиты, Тынық мұхиты, Ұнді мұхиты, Солтұстік мұзды мұхит. Әр мұхиттың өзіндік ерекшелігі бар. Жануарлар дұниесі мен өсімдіктер дұниесі өзіне лайықты болады. Жануарлардың таралуына сұдың тұздлығы, температурасы, сұдың ағысы, жарықтың тұсуі әсер етеді.Тіршілік ең алдымен суда пайда болған, сондықтанда көптеген кластар өкілдері

суда тіршілік етеді. Оған коралл полиптері, молюсскалар түрлері, губкалар немертиналар жатады.

Мұхитта ертеде тіршілік еткен жануарлардың түрлері кездеседі, олар миллион

жылдар ішінде айтарлықтай өзгермеген. Бұның өзі теңіз жануарларының эволюциясы өте төмен, және жай жүретінін көрсетеді. Жануарлар өз тұрлерін сақтап қалған.

Сулы орта мен жердің бетіндегі орта арасында физико – химиялық қасиетінде айырмашылық бар екендігі анықталады.

Теңіз организмдері үшін судың тығыздылығы, қысымы күн сәулелерінің жету тереңдігінің экологиялық маңыздылығы ерекше.

Теңіз жануарлары ұлпаларының тығыздылығы су бетіндегі тығыздылыққа тең Жануарлар төмен түскен сайын қысым жоғарылайды. Мысалы Мариан шұңғымасында қысым өте жоғары. Соған қарамастан тіршілік бар.

Жануарлар сыртқы қысымды ішкі қысыммен теңейді. Теңіз жануарлар арасында қысым қатынасына қарай. 1) эврибатты 2) стенобатті

Жануарлардың теңізде таралуына да жарық әсерін тигізеді. Күн радиациясы неғұрлым терең түссе, соғұрлым тіршіліг көп болады. 200-400 метр тереңдікте өсімдіктердің өсуіне жарық жарық жетіспейді. Ал одан терең жерлерде жарық мүлдем жоқ, жануарлар қараңғыда тірішілік етуге мәжбүр.

Теңіздің жарық жақсы түсетін аймағы (0-30м.) дейін эвфотикалық,, орташа түсетін жерді дисфотикалық (30-200 м), мүлдем жарық түспейтін жерін 200 м. төмен жатқан жерлерін- афотикалық дейді.

Жылудың теңізді таралуы жануарлар тіршілігіне әсер етеді. Күн радиациясының энергиясы жылудың көзі болып табылады. Сондықтан судың беткі қабатындағы температура теңіздің орналасқан жеріне де байланысты. Судың салқындауы теңіз бетіндегі булануға, судың үнемі аралысып тұруына байланысты. Теңіз ағыстары, қатты желдер, температураның өзгеруі судың салқындауына әкеледі.

Теңіз суындағы оттегінің мөлшері шамалы ғана өзгеріп тұрады. Оттегімен қанығуы судың беткі қабатындағы тіршілік ететін өсімдіктері болады. Оттегінің мөлшері О2С-9 мл/л. Экваториалды суларда О2 мөлшері аз 3 мл/л. Полюстарға жақындағанда көбейеді. Суық ағыстардың О2 көбейеді.

Кейбір жерлерде О2 мүлдем болмайды. Мысалы Қара теңізде 150 м. тереңдіктен –2200 тереңдікте су сероводородпен уланған. Ол органикалық қалдықтардың анаэробті шіруіне байланысты.Қара теңізде судың алмасуы болмайды. Жануарлардың таралуына теңіз суының тұздылығы да әсерін тигіздіреді. Мұхиттарда ерітілген тұздың мөлшері 3,5% (35 %промиль), тропикалық теңіздерде ол жоғары, өйткені булану жоғары. Қызыл теңізде тұздылық ең жоғары 40% . Суда ас тұзымен қатар, нитраттар, фосфаттар, Са, Cg, Fe, Cu т.б. Теңіз суларының тұздылығы үнемі өзгеріп тұрады.

Теңіз жануарларының таралуына ағыстарда әсер етеді. Ағыстар температураның таралуына, тұздылыққа ықпал етеді. Ірі ағыстар Жер шарының айналымына байланысты түрлі бағытқа жүреді. Ағыстар жылы және суық деп екіге бөлінеді.

Жылы ағыстар (20,50С) мысалы Гольфстрем Бермуда аралдарының маңынан өтеді, сол жерлерде корал рифтері пай болған. Оңтүстік және орталық Америка жағалауындағы ағыстарда өз ықпалын тигіздіреді.

Ағыстар жануарлардың көп түрлілігіне әсер етеді.

Теңіз суындағы пассивті қозғалатын организмдерді планктон дейді. Арнайы органдармен активті қозғалыс жасайтын организмдерді нектон дейді. (балықтар, кит тәрізділер, маллюсклар). Бұл жерде тіршілік ететін ағзалар кеңінен таралған.

Мұхит түбіне бекінбей еркін тіршілік болған жерді пелагиальді деп атайды. Су түбінің бетін, жағалаудағы тіршілікіті бенталь дейді. Пелагиаль өкілдері пассивті және активті тіршілік етеді.

Ірі және орта көлемді организмдерді плейстон дейді. Олардың денесі суда да, ауа кеңістігінде де болады. Оның өкілдерінің бірі сифонофорлар.

Нейстон – орта және майда көлемді жануарларды біріктіреді. Нейстон бүкіл дүние жүзіне тараған. Оған өсімдіктер, инфузорилер, теңіз өлшегіштері жатады. Судың беткі қабатында (0-5 см) тіршілік бар. Жұмыртқалар, личинкалар, ұсақ су организмдері. Оны моллюскалар мен түрлі құрттар, балықтар салған. Ол қабатты гипонейстон дейді. Бұлардың ірі формалары мұхит түбінде тіршілік етеді. Гипонейстонді теңіз инкубаторы деп атайды.

Тропикалық аймақта нейстон өте көп. Жануар дүниесі алуан түрлі. Моллюскалар, крабтар, креветкалар.

Абиссальді аймақ-теңіздің ең терең жері. Көлемі жағынан үлкен. Бұл жерде үнемі қараңғы, температура біркелкі ағыстар әлсіз, тұздылығы жоғары, қысымы жоғары.

Тамақтану жағдайы ауыр. Жоғарыдан түскен тамақ қалдықтарымен қоректенеді. Сондықтан мұхит түбінде тіршілік аз. Актиния, құрттар, моллюскалар крабтар.

Көптеген жануарлардың көздері көрмейді, ал кейбіреулерінің көздері үлкен, сәл түскен жарықты қабылдауға ұмтылады. Жарық беру қабілетіне креветкалар, кальмарлар ие . Өз бойынан жарық бөліп тұрады. Оны биолюминесценция дейді. Ол химиялық заттардың өз ара байланысынан болады.