Зоогеографияның экологиалық негіздері

Біздің планетамыз тығыздлығына қарай бірнеше қабаттардан тұрады . Қатты қабат –литосфера, су қабаты-гидросфера, ауа қабаты-атмосфера. Маңызды тіршілік қабаты-биосфера.Биосфера қабатына-литосфераның беткі қабаты тереңдігі –30-60,кейде 200м, гидросфера түгелімен және атмосфераның төменгі қабаты 10-15км биіктіікті қамтиді. Тірі организмдердің миллиард жылдық тарихында тау жыныстары мен су атмосфера өзгерді. Атмосфераның кәзіргі газдық құрамы өсімдіктермен мен жануарлардың тіршілік әрекетінен пайда болды. Ауадағы өттегі өсімдіктердегі фотосинтез процессіне байланысты. Ал атмосфераға көмір қышқыл газі жануарлардың тыныс шығаруынан келеді.Су ағзалары гидросфераның тұздық режиміне әсер етеді. Жердің беткі құнарлы қабатын –топырақ деп атаймыз. Топырақтың түзілүіне биологиялық фактор әсер етеді, немесе тірі организмдердің әсері. Академик В:И Вернадский –жер бетінде ең күшті күш-тірі организмдердің әсері деді.

Тірі қабат ең жұқа қабат болып есептеледі. Биосфераның жоғарғы шекарасы ультракүлгін сәулелерінің қарқындылығымен анықталады. Ал төменгі шекарасы мұхит түбінде. Тірі организмдер өзіне қолайлы жерлерде тіршілік етеді.Мүздардың бетінде,ыстық шөлдерде, қайнаған бұлақтарда, өсімдіктер мен жануарлар мекен етеді. Мұздарда микрооганизмдер, балдырлар,төменгі насекомдар тіршілік етеді.Гималай тауларының 7мың м биігінде тіршілік көзі табылған.Аравианың шөлдерінде жануарлар қаумдастығы табылған.Нағыз тіршіліктің қайнаған көзі Жердің беткі қабаты.Осы жерде өлі және тірі табиғат арасында төқтаусыз байланыстар жұреді.Биогеоценоздың орны ерекше,не болмаса белгілі жердегі жануарлар қаумдастығының. “Биогеоценоз” деген терминді ВН Сукачев еңгізді.Биогеоценоздің ағзалары биоценозді құрайды.Биосфера арқылы Күн энергиясы өтеді.Әрбір ағза күн энергиясын қабылдайды

Күн энергиясын тікелей өсімдіктер қабылдайды-автотрофтар.Фотосинтез арқылы афтотрофтар бейорганикалық заттардан энергияның жартысын алады да органикалық заттарды пайда етеді. Углеводтарды,белоктарды,майларды витаминдерді пайда етеді. Гетеротрофтар –жануарлар мен саңырауқұлақтар. Биоценоздың негізінде тамақтану тізбегі тұзіледі.

Жануарлар тіршілік ету ортасында экологиялық факторлар әсеріне түседі . Бұл экологиялық факторлар жануарлардың географиялық таралуына, миграциясына, тығыздлығына әсер етеді. Экологиялық факторлар-абиотикалық, биотикалық және антропогендік деп бөлінеді . Абиотикалық факторларға-климаттық (жарық, температура,ылғалдылық,жауын шашын ,жел жатады. Биотикалық факторларға-тірі организмдердің өзара әсері мен байланысы жатады.Антропогендік факторларға адамның жануарларға әсері жатады.Қоршаған орта факторлары өзгермелі.Мысалы қоршаған орта факторлары жыл он екі ай өзгеріп тұрады.Экологтар кеиінгі жылдары-экологиялық валентілік деген сөз еңгіздірді. Экологиялық валентілік дегеніміз түрлердің белгілі бір ортаны мекен етуге дайын болуы. Егерде түрдің экологиялық валентілігі төмен болса оны стенобионті ағзалар дейді. Мысалы: адам тәрізді маймыл, қылқан жапырақтағы тоқылдақ тек қана өзіне лайықты жерде мекен етеді. Кез келген жерде тіршілік ететіндерді эврибионттар дейді. Эврибионттарға түлкі жатады. Ол тауда орманда, ашық жерлерде тіршілік ете береді. Атақты эколог Ю.Одум былай деген-“Организмдер өзіне қажетті ортада тіршілік етеді, және оны өзіне қажетті деңгейде өзгерте алады”. Жануарлар қоршаған ортаны өзгерте алады. Сыртқы факторлардың әсерін өзіне лайықты етіп бейімдейді. Мысалы Қара теңізде көп қылтаңды нерейда құрты тірішілік етеді. Бұл ағза теңіздің түрлі жағдайына бейімделген. Ал басқа жануарлар оның тұздылығына шыдай алмайды. Ағзалар абиотикалық факторлардың әсерінен ұзақ жылдық тірішілік әрекетімен бейімделеді. Кейінгі жылдары экологиялық факторлар жануарлар тіршілігін өзгертті соның әсерінен көптеген организмдер сыртқы формасын өзгертті.