Балықтардың эволюция барысында тыныс алудың екі типі дамыған судағы және ауадағы. Суда тыныс алу желбезек және тері арқылы, ауадағы тыныс алу –тері, торсылдақ, ішек және желбезекүсті органдар арқылы іске асады.
Негізгі тыныс алу органы желбезек, ал қалғандары қосымша. Желбезектің негізгі қызметі газ алмасу –оттегіні сіңіріп, көмір қышқыл газын бөліп шығару. Желбезек су-тұз алмасуғада қатысады-аммиак, мочевинаны бөледі, су мен тұздар иондарын, натрии ионын, сіңіреді, бөледі.
Дөңгелек ауыздылардың тыныс алу жұтқыншақтан бөлініп қалыптасқан, шығу тегі энтодермальдік, желбезек қапшықтары. Миноганың желбезек қапшықтары жеті жұп, әрқайсысында екі тесік бар: сыртқы – суды сыртқа бөлетін және ішкі тыныс алу түтігіне ашылады, әрі жабыла алады. Тыныс алу түтігі жұтқыншақтың ұзынынан екіге бөлінуінен пайда болған: төменгісі тынысалу, жоғарғысы асқорыту. Түтік тұйық аяқталады, ал ауыз қуысынан ерекше қлапанмен бөлінген. Миноганың дернәсілі-құмқозғышта тынысалу түтігі болмайды, желбезек тесіктері жұтқыншаққа тікелей ашылады. Миксиндердің мұрын тесігі жұтқыншақпен қатынаста болады. Ересек дөңгелекауыздыларда су ауыз тесігінен кіріп жұтқыншаққа немесе тыныс алу түтігіне, одан желбезек қапшықтарына барады, одан сыртқа шығады. Коректенген уақытта ауызы бос болмайды, су сыртқы желбезек тесіктері арқылы сорылады және қайтадан шығарылады. Балықтардың эмбриондары мен құртшабақтарының тынысалуы сарыуыз бен қанат қатпаршақтарындағы шоғырланған қан тамырлары арқылы іске асады. Сарыуыз азайған сайын қанат қатпаршақтарындағы қан тамырлар саны көбейеді. Кейбір балықтардың дернәсілінің сыртқы желбезектері дамиды.
Ересек балықтардың негізгі тыныс алу органы, шығу тегі эктодермальдік желбезектер.
Шеміршекті балықтарда бес жұп желбезек саңылауы және соған сәйкес желбезек жоғалары болады. Желбезек қақпағы жоқ, тек бүтін бастылардың (химералар) желбезек саңылауларын желбезек қақпағы сияқты тер қатпаршағы жапқан.
Шеміршіекті балықтардың әр бір желбезегі, желбезек доғасынан, оның сыртынан басталатын желбезекаралық пердеден, перденің екі бетінде орналасқан желбезек жапырақшаларынан және желбезек доғасының ішкі жағындағы желбезек өскіндерінен тұрады. Желбезек пердесінің соңғы бөлігінде желбезек жапырақшалары болмайды, ол желбезек саңылауларын сыртынан жабады. Желбезек перделерінің түбінде қан тамырлары: веноздық қан шығатын артериялар орналасқан.
Желбезек пердесінің бір бетінде орналасқан желбезек жапырақшалары-жарты желбезекті құрайды.
Желбезек бір желбезек доғасында орналасқан, екі жартыжелбезектен тұрады, ол желбезк саңылауына қараған екі жарты желбезекқапшығын құрайды. Бес желбезек доғасының алдыңғы төртеуінде екі жарты жартыжелбезектер болады, ал соңғысында желбезек жапырақшалары болмайды, бірақ бірінші желбезек қапшығының гионид доғасында тағы бір жарты желбезек болады. Сонымен шеміршекті балықтарда төрт жарым желбезек.
Шеміршекті балықтардың тыныс алу органына шашыратқышты жатқызуға болады. Шашыратқыш тек шеміршекті және бекірелерде болады. Ең күрделі шашыратқыш скаттарда болады. Шашыртақыштың алдыңғы қабырғасында клапандар, ал артқысында –көру органын қанмен қамтамасыз ететін жалған желбеэек болады. Нағыз сүйекті балықтарда төрт желбезек доғасы және соған сәйкес төрт толық желбезек болады. Әрбір желбезек екі жарты желбезектен құралған. Желбезек жапырақшалары тікелей желбезек доғасына келіп бекиді, бұл желбезектің тыныс алуын күшейтеді.
Газ алмасуды жеткілікті қамтамасыз ету үшін желбезектің бет ауданы айтарлықтай болу керек. Желбезекпен тыныс алу активті және пассивті болуы мүмкін. Активті тыныс алу барлық балықтарға тән. Пассивті тыныс алу реофилді балықтарға тән. Оттегі бай суда тіршілік ететін балықтарда да пессивті тыныс алу тән. Олар жүзгенде ауызы мен желбезек қақпақтары ашық болады, ал судың ағысы балықтың жүзуінен туады.
Балықтарда қосымша тыныс алу органдары дамыған. Оларға тері, ішек, желбезек үсті органдары, тосылдақ жатады. Балықтардың терісі арқылы тыныс алады, ол тіршілік сипатына байланысты. Кейбір балықтардың ауамен тыныс алуы, желбезек үстіоргандардың көмегімен жүзеге асырлады.Ішекпен тыныс алу шырма-балықтарда, тропикалық жайындарда болады. Ішектің кейбір жерлерінде ішкі бетінің ас қорыту бездері жойылған-ол жерде газ алмасатын қан капиллярлары шоғырланған. Ауыз арқылы жұтқан ауа ішекпен жүріп аналь тесігінен шығады. Кейбір тропикалық балықтар ауамен тыныс алу үшін қарнын немесе қарынның ауа толған тұйық өскінін пайдаланады. Газ алмасуға ішекте қатысады. Қостынысты балықтарда бір және екіөкпелілер бар. Балық суда болса өкпелері қосымша тынысалу органынығ қызметін атқарады. Торсылдақ кейбір ашықторсылдақты балықтардың да қосымша тыныс алу органы.