Балықтардың сыртқы қабатын қоршаған ортаның зиянды әсерінен тері қорғайды. Тері арқылы тынысалу, осмос қысымын реттеуге қажетті су, аммиак, кейбір тұздар, көмір қышқылы,өттегі өтеді. Тері активті зат алмасуға қатысады. Теріде түрлі сезгіш клеткалар орналасқан.
Балық терісі екі қабаттан тұрады. 1-эктодермадан пайда болған сыртқы эпидермис қабаты. 2- ішкі негізгі тері –мезодермадан пайда болған дерма.Бұл қабаттардың шекарасы базальді мембрана. Негізгі тері (дерма үш қабатты. 1-сыртқы шекаралық пластинка- дәнекер тіканді клеткалар болмайды. 2- сыртқы борпылдақ немесе субэпидермальді қабат. 3-тығыз дәнекер тіканді ішкі қабат. Терінің астында май клеткалары бар дәнекертіканді теріасты –субкутанеальді қабат болады. Эпидермис қабатында қан тамырлары болмайды, бірақ түрлі сезгіш клеткалары мен нерв ұштары бар. Дермада жүйке мен қан тамырлары болады.
Эпидермистің астында талшықтары ұзынынан және көлденең орналасқан. Балықтың терісінің құрылысы оның тіршілігіне байланысты. Балықтардың терісі жұзу жылдамдығына қарай қалыңдайды.Балықтардың эпидермисінің ішкі өсетін қабаты бір қатар орналасқан цилиндрлі клеткалардан тұрады. Ал сыртқы қабаты бірнеше қатарлы жалпақ клеткалардан тұрады. Эпидермистің ортаңғы қабаты целиндрліден жалпаққа бірте-бірте аусатын эпителиальдік клеткалардан тұрады.
Безді кілеткалар осы қабатта орналасқан. Олар шырыш, май, жарақатанғанда қорқыныш деген зат бөледі. Жүзу жылдамдығы өскен сайын шырышты клеткалар дененің ортаңғы және артқы бөліміне қарай ығыса түседі. Бұл гидродинамикалық кедергінің азаюына себепші болады. Шырыш балықтың суға үйкелісін азайтады, бактериаларды жойып отырады, балықтар жарақаттанғанда қанның ұйына қатысады.
Эпидермистің ішкі жағында негізгі тері (дерма) жалғасқан, ол тіреу қызметін атқарады. Балықтардың негізгі терісі екі қабаттан тұрады. Сыртқы жұқа қабаты және тығыз дәнекер тканнан тұратын, қабыршақты қоршайтын ішкі қабат.
Ақырын жүзетін балықтардың дермасы нашар дамыған.
Балықтардың түсін-терісіндегі пигменті клеткалар мен лейкофорлар береді. Пигменті клеткалар-дермальді, периневральді, перицомдық және периваскулярлық болып бөлінеді.
Олардың негізгі болатын жерлері: дерманың субэпидермальді және дәнекер тканінің субкутанеальді қабаты. Эпидермисте пигмент жоқ, эпидермистің жоғарғы қабатында анда-санда кездесетін меланофорлар мен липофорларды лимфатикалық жолдармен келген деп есептейді.
Хроматофорлар:
- Меланофорлар-көптеген бұтақтары бар жұлдыз сияқты клетакалар. Дененің нақтылы жерінде орналасқан. Меланофорлардың құрамында меланиннің қңыр, қара, немесе қаракөк түйіршіктері бар. Пигмент түйіршіктерінің орын ауыстыруы нәтижесінде балық түсі айшықтала береді. Меланин-қиын еритін белоктық зат. Меланин түйіршіктері 25 %—-дың әсерінен ериді.
- Ксантофорлар-пигмент түйіршіктері майда және түскен жарықта, тереңдігіне сәйкес ашықсарыдан қоңыр қызғылтсарыға дейін боялған. Ксентофорлар тығыз орналасқан жерлердегі әдеттегі сары түстен қызыл түс пайда болды.
- Эритрофорлар- қызыл пигментті клеткалар –сирек кездеседі. Көбіне экзотикалық балықтарда болады және дененің барлық жерінде бола бермейді.
- Лейкофорлар, гуанофорлар немесе иридроциттер-балықтардың түсі үшін өте маңызды.
Балықтарға қорғаныштық түс тән, бұл балықтардың тіршілік ортасына сай, оларды байқалмайтындай етеді. Ол пигменті клеткалардың әртүрлі комбинацияларынан пайда болады..Пелагикалық балықтардың арқасы қоңыр, бауыры ақшыл болады.Балықтардың түсі түрақты емес, ол сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен өзгеріп тұрады. Түстің өзгеруі балықтың жасына,жынысына, денсаулығына байланысты. Көптеген бұзаубас балықтардың түсі көбею кезінде қараяды.Камбала тіршілік ортасына қарай түсін өзгертеді. Балықтардың түсінің өзгеруі хроматофордағы пигментердің жиырылуы және жайыла алатындығынан.Бұл процесс жүйке жүйесі арқылы іске асады.Көпшілік балықтардың төмендегідей негізгі түстерін ажыратады. Пелагикалық түс-арқасы көкшіл немесе жасылдау, бауыры мен бүйірлері күміс түстес. Шөптесінді түс-арқасы қоңырлау, жасылдау,немесе сарғыштау болады. Су түбінің түсі- арқасы мен бүйірі қаралау, ал бауыры ақшыл болады.
Балықтардың қабыршағы болады. Жайындар мен дөңгелекауыздыларда қабыршағы болмайды. Көпшілік балықтардың қабыршағы болады, ал жайындар мен дөңгелекауыздыларда болмайды. Қабыршақ балықтың дене бетінің тегістігін қамтамасыз етеді, сонымен олар жүзгенде балықтардың бүйірлерінде теріде пайда болатын қыртыстары болмайды. Қабыршақтың 4-түрі болады. Плакоидты, ганоидты, космоидты және сүйекті. Қабыршақтар терінің негізгі қабатының туындылары. Плакоидты қабыршақ тек шеміршекті балықтарға тән. Балық денесін түгел жапқан.Өмірінде бірнеше рет алмасады. Қабыршақ ізбест сіңген органикалық зат-дентиннен тұрады. Ганоидты қабыршақ ромбіпішінді және бүйірінде тістәрізді өсіндісі болады, солар арқылы өзара жалғасып ерекше сауыт құрайды.Сүйекті қабыршақ ганоидты қабыршақтың өзгеруінен-ганоин және космин қабаттары жойлып, тек сүйекті заты қалғаннан пайда болған. Қабыршақ жиегінің сипаты бойынша бұның екі типін ажратады. 1. циклоидты, 2 ктеноидты. Қабыршақтың өсуі –шабақта пайда болатын бірінші кішкентай қабыршақтың астында келесі жылы онан үлкен пластинка пайда болады , үшінші жылы оның астында онан да улкен пластинка пайда болады., солай балық өмірінің аяғына деін созыла береді. Балықтың жасын анықтағанда қабыршақтың склериті бар қабатын зерттейді.
Кейбір балықтардың эпидермисінде, тікенекті қанат талшықтарының түбінде у бөлетін бездері болады. Улы бездердің 3- типін ажратады.Олар қанаттың тікенекті талшықтарының және желбезек қақпағының түбінде орналасқан.Қазақстанда қарабалық пен көкбасты уылдырығы мен шоғалы улы .
Кейбір балықтарда жылтырауық органдары болады.Ол тұңғиық балықтарда болады.Жылтырауық органдар фотофорлар жылтырауық клеткалардан тұрады. Жылтырауық органдар балықтар өміріне қажетті болып келеді.