Лизасома қүрылысы, химиялық қүрамы

Лизосомаларды 1955 жылы швед биохимигі Де Дюв дифференциалдық центрифугалау әдісінің көмегімен ашқан. Лизосомалар бір клеткалы және көп клеткалы жа-нуарлар организмдерінің клеткалары мен өсімдіктер клет-каларына тән. Лизосомалар полиморфты қүрылымдар, олардың қүрылысын электрондық микроскоп арқылы керу-ге болады. Лизосомалардың тығыз денешік, калдық де-нешік, миелиндік денешік, мультивезикулалық денешік, цитосомалар, цитосегресомалар т. б. көптеген атаулары бар. Бір клеткада лизосомалардың саны бірнеше жүзге же-теді. Лизосомалар үлкеңдігі 100 нм-дей бір қабатты мемб-ранамен қоршалған гидролазаларға толы жүмыр қапшықтар.

Бір лизосоманың өзіңце гидролазалардың кептеген са-ны болады. Соңғы мәліметтер бойынша, 60-тан астам түрі анықталды. Гидролазалар — түрлі биополимерлерді ыдыра-татьш ерекше катализаторлар (протеиназалар, нуклеаза-лар, глюкозидазалар, фосфатазалар, липазалар). Олардың әрқайсысы химиялық байланыстың белгілі бір типін ғана ыдыратады. Ферменттер гранулалық тордың рибосомала-рында синтезделеді, ал лизосомалардың өздерінің қалыптасу процесі Гольджи аппаратында жүреді. Лизосома — клеткаға түскен заттардың қортылатын орны.

Лизосомалардың төрт түрін ажыратады: алғашқы лизо-сомалар, екінші лизосомалар (фаголизосомалар немесе ге-терофагосомалар); аутофагосомалар және қалдық денешіктер (телолизосомалар). Алғашқы лизосомалар қүрамында қышқыл фосфатаза бар затқа толы, үлкендігі 50 нм шамасындағы үсақ мембраналық көпіршіктер. Алғашқы лизосомалар фагоцитоздық немесе пиноцитоздық вакуольдермен қосылып, екінші лизосомаларды қүрайды. Екінші лизосоманың қүрамына түскен заттар гидролаза-лармен мономерлерге дейін ыдырайды, кейін лизосоманың мембранасы арқылы тасымалданып гиалопазмаға барып, түрлі синтездік және алмасу процестеріне қатысады. Лизо-сомалар ішіндегі биогендік макромолекулалардың қортылуы көптеген клеткаларда ақырына дейін жүрмеуі мүмкін. Бүл жағдайда лизосоманың қуысында қортылмаған өнімдер жиылып екінші лизосомалар телолизосомаларға немесе қалдық денешіктерге айналады. Телолизосомаларда гидролиздеуші ферменттер аз болады.

Жануарлар клеткаларында үнемі аутолизосомалар (аутофагосомалар) кездеседі. Морфологиясы жағынан оларды екінші лизосомаларға жатқызады, айырмасы бүл вакуольдердің қүрамьгада цитоплазмалық қүрылымдардың бөліктері кездеседі. Мысалы, митохондриялардың, цитоп-лазмалық тордың, рибосомалардың, гликогеннің түйіршіктері және т. б. Клетка езінің қүрамды бөліктерін үнемі ыдыратып және қалпына келтіріп отырады. Молеку-лалық жаңару процесі жоғары дәрежеде реттеліп отыра-тын процесс.