1945 жылы Портер, Клод және Фуллам фибробластар-дын өте жүқа кесіндісін электрондық микроскоппен қарап ерекше торды байқаған. 1953 жылы Портер оны эндоплаз-малық тор (эндоплазмалық ретикулум) деп атаған. Кейін эритроциттер мен бактериялардан басқа клеткалардың бәрінде де байқалған. Бұлшықет клеткаларындағы эндоп-лазмалық торды саркоплазмалық тор деп атайды.
Эндоплазмалық тор кепіршіктердің, микроканал-шықтардың және қапшықтардың (цистерналардың) жүйесі (4-сурет).
Эңцоплазмалық тордың екі түрін ажыратады: 1. Бүдыр немесе гранулалық; 2. Тегіс немесе агранулалық.
Гранулалық эндоплазмалық тордың мембранасының цитоплазмалық бетіне жабыса біткен рибосомалар болады. Эндоплазмалық тордың бүл түрі бездік және эмбриондық клеткаларда, белокты жедел синтездейтін жануарлар мен есімдіктер клеткасында көп мөлшерде байқалады. Бүл мембраналардың бәрі цитоплазманы жеке бөліктерге бөліп түрады. Бір клетканың өзіңце де эңдоплазмалық тордың екі түрі де болуы мүмкін. Эндоплазмалық тордың элемен-ттері центросфера зонасынан басқа клетканың барлық аймағында кездеседі. Эндоплазмалық тордың қабырғасы плазмалық және басқа клеткалық мембраналар сияқты ли-попротеиндік мембранадан түрады. Бірақ та эндоплазма-лық тордың мембранасы жүқа, тегіс және өткізгіштігі түрліше болады, бикабаттағы фосфолипидтің қүрылысы езгеше, ал олармен байланысты холестерин жоқтың қасыңда, сол сияқты белоктарда өзгеше. Гранулалық эн-доплазмалық тор кейде эргастоплазма деп аталатын ци-топлазманың базофильдік учаскесіне сәйкес келеді.Бүл клеткалардың цитоплазмасының базофильдігі оңдағы РНК көп болуына байланысты. Электрондық микроскоп базо-фильдік цитоплазмада рибосомалардың кеп болатынын анықтады. Гранулалық эндоплазмалық тор белокты синтез-деуге қатысады, ал тегіс эндоплазмалық торда синтез про-цесі жүреді, бірақ олар белок емес липидтер мен кейбір полисахаридтер.
Эндоплазмалық тордың мембраналарымен байланысқан рибосомалар клеткадан шығарылатын белоктарды синтез-деуге қатысады. Сонымен бірге клетка ішіндегі астың қортылуына қажет белоктар — ферменттерді синтездейді. Эндоплазмалық тордың куыстарында жиналған белоктар Гольджи аппаратының вакуольдарына жеткізіледі, онан олар басқа вакуольдарға ауысады немесе клеткадан шығарылады.
Гранулалық эңдоплазмалық торда триглицеридтер син-тезінің ферменттері де кездеседі. Гранулалық эндоплазма-лық тор вакуольдар жүйесінің мембраналары мен плазмалық мембрананың түзілетін орны. Мүнда мембрана-ның қүрамына кіретін фосфолипидтер синтезделеді. Тегіс эндоплазмалық тор үсақ вакуольдар мен түтіктерді, канал-шықтарды қүраушы мембраналардан түрады. Агранулалық эндоплазмалық тордың мембраналарының бетінде рибосо-малар болмайды. Стероидтарды бөлуші клеткаларда агра-нулалық эндоплазмалық тор жақсы жетілген. Мысалы, бүйрек үсті бездердің қабық затының клеткаларында. Со-нымен бірге рецепторлық клеткаларда, балықтардың хло-ридтік желбезек клеткаларында және басқа кейбір клеткаларда жиі кездеседі. Бүлшық ет талшықтарындағы маңызы да ерекше. Эндоплазмалық тордың туындылары сферосомалар (микросомалар), лизосомалар, өсімдіктердің вакуольдері немесе тонопластидтер, пероксисомалар бол-маса микроденешіктер және ядроның мембраналары.
БЕЛОКТАР. Клеткалардың сыртқы пішіндері жағынан әр түрлі бо-луы және оның функциясында да айырмашылықтың байқалуы — белоктарға байланысты. Белоктар — тірі клет-каның негізгі қүрамды бөлігі. Белоктарды протеиндер деп те атайды. Оның бүл аты гректің «протос»— «алғашқы» деген үғымды білдіретін сөзінен шыққан. Ол белоктың тіршіліктегі бірінші орындағы маңызын көрсетеді.
Белоктар клетканың басты күрылыс материалы ғана емес, сонымен бірге клеткада жүретін барлық процестерді реттейді. Коссельдің, Гофмейстердің және Эмиль Фи-шердің жүмыстарынан кейін белоктардың аминқышқылда-рьшан түратыны анықталды.
Клеткада белоктардың саны өте кеп. Ең кішкене және қүрылысы жабайы бактериядағы түрлі белоктардың саны бір-екі мың, ал адамның клеткаларьшда 100000-ға жетуі мүмкін. Белоктардың молекулалық массасы бірнеше мыңнан бірнеше миллионға дейін ауытқиды. Табиғи бело-ктарда жиырма түрлі аминқышқылдар кездеседі. Клетка-ларда басқа органикалық қосылыстарға қарағанда белоктар көп болады. Клеткалардың жалпы қүрғак массасының 50%-нен астамы белоктардың үлесіне тиеді. Белоктарда кездесетін аминқышқылдарының бәрі аминқышқылдар Ь категориясына жатады. Табиғатта сирек болса да аминқышқылдарының Д — изомері де кездеседі, бірақ та олар еш уақытта белоктардың қүрамында байқалған жоқ.
Белоктардың екі типі бар: фибриллалық және глобула-лық. Үзын жіп пішінді макромолекулалар тобы фибрилла-лық немесе мембраналық қүрылымдарды қүрайды. Глобулалық белоктар клеткаларды қүрауда ерекше рөл атқарады. Фибриллалық белоктар әдетте ерімейді. Глобу-лалық белоктарда макромолекулалардың топтары көбінесе жеке немесе жиналып орналасады. Олардың әрқайсысы күрамында кем дегенде 200 аминқышқыл бар тәртіпсіз ша-тысып жатқан жіптерге үқсайды. Глобулалық белоктардың кепшілігінің бетінде химиялық белсенді топтар болады. Олар маңызды рөл атқаратын энзимдер. Протеиндік мак-ромолекулалар липидтермен, көмірсулармен косылады. Со-нымен қүрылымдық және функционалдық маңызы өте үлкен макромолекулалардың кешендері қалыптасады.
Гистондар мен протаминдер клеткалық механизмдерде маңызды рөл атқаратын негізгі протеиндер. Суда ерімейтін глобулиндер өте көп. Олар миозин, тиреоглобулин, фибри-ноген. Глобулиндердің қүрамында гликол (глицин) болады.