Чех ғалымы Пуркинье 1840 жылы клетканың ішкі қүрамьга белгілеу үшін «протоплазма» деген терминді үсынған болатын. Протоплазма клетканы қүрайтын тірі зат — кариоплазма (ядро деген мағынада) мен цитоплазмаға бөлінеді. Бүл екі терминді ғылымға енгізген 1882 жылы польшалық ботаник Страсбургер.
Цитоплазма клетканың метаболизмдік жүмысшы аппа-раты. Бүнда негізгі метаболизмдік процестер жүреді.
Эукариондық клеткалардың цитоплазмасы гиалоплаз-мадан (һуаіоз шьгаы), органоидтардан және кірінділерден түрады. Клеткада белгілі функцияларды атқаратын цитоп-лазманың ерекше жіктелген бөлігін органоидтар (органел-ла) деп атайды. Аудармасы «кішкене орган».
Органеллаларды мембраналы және мембранасыз, жал-пы маңызы бар және арнаулы органеллалар деп ажырата-ды. Мембраналы органеллаларға эндоплазмалық тор, Гольджидің комплексі, митохондриялар, лизосомалар, пе-роксисомалар, ал мембранасыз органеллаларға рибосома-лар, центриольдар, микротүтікшелер, микрофибраллалар, микрофиламенттер, кірпікшелер мен талшықтар жатады. Гиалоплазма (грекше һуаііпе — мөлдір), негізгі плазма немесе цитоплазманың матриксы, клетканың маңызды бөлігі, оның шын мағынасьгадағы ішкі ортасы. Электронды микроскопта цитоплазманың матриксы гомогенді немесе электрондық тығыздығы темен үсақ дәнді зат болып байқалады.
Гиалоплазманың қүрамыңда түрлі глобулалық белоктар мен цитоплазмалық матрикстың ферменттері болады. Бүлар эукариондық клеткадағы белоктардың жалпы сан-ының 20-25 %-ін қүрайды. Матрикстың маңызды фермент-теріне гликолиздің ферменттері, қанттардың, азоттық негіздердің, аминқышқылдарының, липидтердің және басқа маңызды қосылыстардың ферменттері жатады. Матриксте РНҚ мен белоктың синтезделуі кезінде аминқышқылдары-ның белсенділігін арттыратын ферменттер орналасқан. Клетканың осмостық және буфферлік қасиеттері де гиа-лоплазманың қүрамы мен қүрылымына байланысты.
Гиалоплазма барлық клеткалық қүрылымдарды біріктіріп түрады және олардың бір-бірімен химиялык әрекеттесуін қамтамасыз етеді. Аминқышқылдарының, май қышқылдарының, нуклеотидтердің, қанттардың клетка ішіндегі тасымалдануын да іске асырады. Гиалоплазма да плазмалық мембранаға және онан кері, митохондрияларға, ядро мен вакуольдарға иондардың ағысы үнемі жүріп оты-рады. Гиалоплазма АТФ молекулаларының жинақталатын орны. Мүнда гликоген, май тамшылары сияқты қоректік заттар да жиналады. Плазмалық мембрана, немесе плазмалемма (гректің
ріазта — пішін,Іетта — кабықша)белоктармен
жалғасқан липидтердің екі қабатынан түрады. Сонымен бірге плазмалемманың сыртқы бетінде мембрананың қүра-мына кіретін белоктармен байланыскан күрделі қосылыстарды — гликопротеидтер мен гликолипидтерді, қүрайтын көмірсулардың молекулалары болады. Бүл мемб-рана үстіндегі комплекс, немесе гликокаликс, (грекше каіух — кабықша), бір және көпклеткалы жануарлардын клеткаларында жақсы жетілген. Сол сияқты өсімдіктердің клеткаларында да кездеседі. Гликокаликс сыртқы ортамен тікелей қатынаста болғандықтан, клеткалардың беткі ап-паратының рецепциялық функциясында маңызды рөл атқарады. Плазмалық мембрананың бос беттеріңце глико-каликстің көмірсу компоненті гликозильдік топтар антен-наларға үқсас тармақталған олигосахаридтік тізбектер қүрап, сырттан келген сигналдардың ажырауьш камтамасыз етеді.
Гликокаликсте түрлі заттардың диффузиясының жыл-дамдығы кемиді. Са++ немесе Мё++ иондарының көмегімен гликокаликс зонасымен байланысқан клеткадан бөлінген ферменттер болуы мүмкін. Бүл ферменттер түрлі заттар-дың (полисахаридтердің, белоктардың, майлардың тағы басқалардың) клеткадан тыс ыдырауына қатысады. Осы ыдырау өнімдері мономерлер күйінде плазмалық мембрана арқылы өтіп, клеткаға сіңеді.