Кресті өрмекшілердің құрылысы

Нерв системасы. Орталық нерв системасы бас – көкірегінің артқы жартысында төстабанның үстіңгі жағында шоғырланып жатады. Осы жерде құрсақ тізбегінің бірігіп кетуінен пайда болған жалпайып келген нерв массасы болады. Бұл жұтқыншақ асты массасының сегменттенуі бүйірдегі нервтердің бес жұбының түп жақтарының жуандап келетіндігінен көрінеді, бұлардың алдыңғы жұбы аяқ қармалағышты қамтамасыз етеді де, келесі төрт жұбы жүру аяқтарына кетеді. Артқа қарай екі нерв тіні кетеді де, олар сабақша арқылы құрсаққа еніп құрсақтың ішкі органын қамтамасыз етеді. Жұтқыншақ үсті түйін (ми) қысқа және жуан коннективалар арқылы жұтқыншақ асты массамен байланысқан, бүкіл орталық нерв жүйесі тар жұтқыншақтың горизанталь иіні тесіп өткен жалпы нерв массасына айналады. Жұтқыншақ үсті түйіннің алдыңғы жақ бетінен жұп негізі бар көз нервтері шығады, бұлар кейін көздің санына сәйкес сегіз бұтаққа бөлінеді. Көз нервтерінің астыңғы жағынан тап сол жұтқыншақ үсті түйіннің алдыңғы жақ бетінің өзінен хелицералардың қос нерві шығады.

Көру органдары. Кресті өрмекшінің сегіз көзінің бәрі де жай көздер.

Ас қорыту органдары. Кресті өрмекшінің ішектерінен үш бөлімді ажыратуға болады: алдыңғы, ортаңғы және артқы ішек бөлімі. Алдыңғы ішектері қысқалау, ал ортаңғы ішек — өте күшті дамыған және өзінің түрлі тармақтарымен іштің көп жерін алып жатады. Алдыңғы ішекті екі бөлімшесі де кутикуламен астарланған және олардың ішкі қуысын керетін радиациальды бұлшық еті бар. Жұтқыншақ орталық нерв жүйесін тесіп өтеді. Сол бағытында артқа кетіп, сорғыш қарынға барып құяды. Сорғыш қарыннан кейін сәл кеңірек ортаңғы ішек басталады – яғни бұның бас көкірекпен қарынға өзінен шығарып тұйық тармақтар жіберетін жері жатады. Бұл тармақтар бас-көкіректің ішімен аяқтарға барып, олардан кейін қарай бұрылып, төс табандағы орталық нерв жүйесінің астыңғы жағынан келіп тұйықталып аяқталады. Сабақша арқылы ортаңғы ішек құрсақ ішіне өтеді. Бұл тармақтар, өздерінің секрет шығару әрекетімен қатар, сору ролін де атқарады, ортаңғы ішектің негізгі каналы тәрізді қызмет атқарады. Құрсақтың артқы бөлімінде өрмек сүйелдерінің үстіңгі жағынан ортаңғы ішек қапшық сияқты кең жерге келіп құйылады – бұл жерді ректальдық қуық деп атайды. Бұған өрмекшінің нәжістері жиналады және мальпигий түтіктері арқылы мүшелерде ыдыраған өнімдер келіп түседі. Ректальдық қуықтан кейін тік ішек келеді, бұл – аналь сүйелінің төменгі жағынан келіп аналь тесігі болып сыртқа ашылады.

Қан айналыс органдары. Кресті өрмекшінің қан жүру системасы, өздерінің меншікті қабырғалары бар, қан тамырларынан және бірнеше қуыстардан – лакундардан, яки синустардан, құралады, бұл қуыстар дененің ішкі қуыстары болып табылады. Барлық қан тамырлары артериялық қан тамырларының жүйесіне жатады: бұлардың барлығы да қанды жүректен алып шығып, дененің барлық жерлеріне тотыққан қанды таратып алып кетеді. Синустар жүйесі вена қан тамырларының орнына жүреді, ақыр аяғында келіп, барлық қан синустар жүйесінің соңғы буыны – жүрек жанындағы синусқа келіп құйылады. Бұл синус жүректі жан-жағынан қоршап тұрады. Жүректің қабырғалары түзетін сақина тәрізді мышицаның жиырылуы қанды алдыңғы жақтағы бұтақтанып жатқан қолқаға да сондай-ақ, артқы артериялардың түйдегіне де бағыттап жіберіп отырады, осылар арқылы қан дененің ішкі қуысына құйылады. Дененің барлық бөлімінен қан өкпелерді қоршап жатқан синустарға жиналады, бұл жерден тотыққан қан жүрек жанындағы синусқа қайтады. Жүрек жанындағы қуыстан қан үш жұп остиялар арқылы жүрекке құйылады.

Тыныс органдары. Кресті өрмекшінің тыныс органдары ретінде жапырақ пішінді келген өкпелері және кеңірдек түтіктерінің жүйесі бар. Кеңірдек түтіктері жалғыз сыңар болып келетін стигма мен өрмекшінің бауыры жағына өрмек сүйелдерінің ілгері жағынан келіп сыртқа ашылады. Құрсақтың алдыңғы жағының төменгі бетінде саңылау тәрізді жұп тесік жатады. Бұл тесіктер тақ жыныс тесігімен бір деңгейде жатады. Осы екі саңылаудың екеуі де жапырақ тәрізді өкпелердің стигмалары. Өкпенің саңылау тәрізді тесігі өкпенің кіреберісіне барып тіреледі. Кіреберістің артқы қабырғасы да, төменгі қабырғасы да тұтас келеді. Алдыңғы жақ қабырғасында бірқатар параллель саңылаулар бар, бұл саңылаулар өздерінің санындай жалпақ қалталарға барып жалғасады, ол қатарлар жалпы бір текше болып жатады. Қалталардың араларында дененің тар қуыстары жатады, сол қуыстарға қалталарды шайып өтетін қан келеді. Олардың жұқа кутикулардан қабығы болады және өздері семіп беттесіп қалмайды. Оларға ауа ешбір кедергісіз кіре алады, өйткені кіреберістің де сондай-ақ қалталардың да қабырғалардың беттерін ағаш сияқты бұтақтанып кеткен өсіктер басып жатады, бұл өсіктер қалтаның қарсы жатқан қабырғасына барып тіреледі. Кеңірдек үймесі бұтақтанбайтын екі жұп түтіктерден тұрады, бұлар негізгі қалтадан шығып ілгері қарай кетеді. Негізгі қалта өрмек сүйелдерінің ілгергі жағынан білінер – білінбес көлденең саңылау болып сыртқа ашылады.

Зәр шығару органдары. Кресті өрмекшінің зәр шығару органдары екі түрлі – мальпиги түтікшелері және коксальдық бездер. Бірінші аталған органдар ересек өрмекшіде ғана қызмет атқарады. Ішектердің әр жағында бұтақтанатын екі түтікшеден болады, бұлар ректалъдік қуыққа құярдың алдында бір-бірімен қосылып кетеді. Малъпиги мүшелерініңбұтақшалары ортаңғы ішектің тұйық тармақтарының барлық жердегі аралықтарын алып жатады. Малъпиги түтікшілерінің ішінде өте көп ұсақ сұр түйіршіктер жиналады, бұлар – түтікшілердің өздерінің бөліп шығаратын заттары. Кресті өрмекшінің коксалъдық қос безі аяқтарының бірінші жұбының түп жағында болады.

Улы бездері. Бас-көкіректің алдыңғы бөлігінде хелицералардың түп жағында ірі екі без жатады, бұл бездер түп жағы жұмырланған, қысқа цилиндр сияқты. Көбнесе бұл бездер хелицералардың негізгі мүшелеріне азды-көпті батыңқырап тұрады. Бездердің сыртқы жамылғысы спиралъ түрде ширатылып келген мышицадан түзіледі. Мышицалардың жиырылуы рақасында у сыртқа қарай ағады, бұл канал кейде хелицераның тырнағының ұшынан келіп те сыртқа ашылады.

Тоқу аппараты екі нәрседен –сыртқы өрмек сүйелдері және ішкі өрмек бездері мүшелерінен құралады. Кресті өрмекшінің үш жұп өрмек сүйелдері бар. Сүйелдің төбесіндкгі жарғақ бетінде ондаған төсіктер болады, міне осы тесіктерден секрет-өрмек шығады. Бұл өрмектер тесіктен шыққан кезінде ауада қатады. Тесіктердің өздері, пішіні де, үлкендігі де түрліше келген ерекше өсіктердің ұшында жатады. Ол өсіктердің біреулкрі – үлкен сопақ пішінді, екінші біреулері –ұсақ цилиндр сияқты немесе, ұшында қылтық тәрізді қосалқысы бар томпақ емшек сияқты. Өрмек бездері аналық өрмекшінің құрсағының ішкі қуысының төменгі жағын толтырып жатады. Өрмек бездерінің пішіні де, үлкендігі де бірдей болмайды. Бірақ мұндай бездер көп емес, ал нәк сияқты ұсақ бездержүздепболады және олар өзара түйдек-түйдек болып бірлеседі. Түйдектердің саны сүйелдердің санына тура келеді. Әрбір без бен әрбір сүйелдің атқаратын қызиеті әр түрлі: мысалы, нәк тәрізді бездер өрмекшінің ұстап алған жемтігін орап тастайтын секрет шығарады, түтік тәрізді без-жұмыртқа пілдесіне керек секрет шығарады, ал ампула тәрізді без-тор құру үшін секрет шығарады, ағаш тәрізді бұтақты без жабысқақ секрет береді, осы секретпен арба дөңгелегі сияқты торының жіпшелерін салып қояды.

Жыныс органдары. Сыртқы жыныс тесігі аталық өрмекшіде де, аналық өрмекшіде де құрсақтың төменгі бетінде, жапырақ тәрізді өкпелердің саңылау екі стигмаларының арасында жатады. Аталық өрмекшінің жыныс тесігімен тікелей байланысты жатқан сыртқы жыныс қосалқысы болмайды: аяқ-қармалақыштарының екуінің де ұшында бір-бір копулятиф мүшеден болады. Ал аналық өрмекшінің жыныс саңылауының нақ алдынғы жағында сыртқы жыныстық жалқы өсік жатады, бұны эпигине деп атайды. Оның қампиған түп жағында екі ұрық қабылдағышы болады. Аталық өрмекшінің ішкі жыныс аппараты ұзынша қапшық тәрізді қос ұрық безінен тұрады. Ілгері қарай олар қос ұрық өзегі түрінде ұласып кетеді, осыдан барып өкпе стигмасының артқы жағынан барған жерде бірігіп сыңар өзекке айналып сыртқа ашылады. Кресті өрмекшінің аналық безі екеу емес, жалқы. Бірақ бұл жағдай барлық өрмекшілерге тән емес. Аналық бездің алғашында жұп болғандығын, оның алдынғы жақ шетінен екеу борлып шығып кейін бірігіп жалқы өзеке айналатын, тұқым жолы көрсетеді. Оның кеңейген бас жағын “жатыр” деп, ал стигмалардың арасындағы көлденең саңылауға келіп ашылатын соңғы жағы “қынап” деп атайды. Эпигиненің түп жағында қосарының жатқан ұрық қабылдағышқа “қынаптан” шығып бір-бір өзектен кетеді, міне осы өзектер арқылы сперматозоидтар қынапқа барып өседі. Әрбір ұрық қабылдағыштың тағы да бір-бір өзегі болады, бұл өзектер эпигиненің түп жағында ерекше бөлек тесіктен ашылады. Осы қос тесікке кресті — өрмекшінің аталығы мен аналығы шағылысқан кезде жыныстық қосу мүшесінің – эмболустың – инесі енгізіледі.

Денесінің бөлімдері. Өрмекші тәрізділердің денесі екі бөлімнен құралады: бас – көкірек және құрсақ. Бұдан тек кенелердің денесінің құрылысы өзгеше келеді, олардың денелері бөлімге бөлімбейді және сегметтенуі де жойылған, немесе бұлардың тек іздері ғана қалған. Алдыңғы бөлімнің –бас-көкіректің — әдетте сегменттенуі анық білінбейді, өйткені үстіңгі жағынан жалпы арқалық қалқан жауып тұрады. Ал екінші бөлім – құрсақ болатын болса, бұл бірнеше сегменттерден құралады. Бірақ кейде соңғы екі-үш сегменттер бөлек- бөлек болып дербес тұратын жағдайлар кездеседі. Мысалы сольпуганың бас көкірегінің сондай дербес тұрған үш сегменті бар. Құрсақтың постанальдық қосалқыны есептемегенде, он екіге шейін сегменті болуы мүмкін.

Аяқ-қолдары. Өрмекші тәрізділердің алты жұп аяқ-қолдары болады және бұл аяқ-қолдарының бәрі де бас көкіректе тұрады, ал құрсақта басқа қызмет атқаратынрудименттері болуы мүмкін. Ересек өрмекші тәрізділердің аяқ-қолдарының бірінші жұбы-хелицералар яки жоғарғы жақ сүйектер – қашанда болса ауыздың алдындағы жағында жатады және әдетте екі-үш мүшеден құралады. Хелицералармен жемтіктерін ұстап алады, көбіне сол тіпті сол жемтіктерін өлтіруге және олардың қатты қабықтарын ұсақтауға жұмсайды. Соңғы мүшелік тырнақ сияқты (өрмекшілерде), немесе соның алдыңғы мүшеліктің тамағымен бірігіп қысқаша айналады. Аяқ-қолдардың екінші жұбы – аяққармалағыштар (педипальпалар), не төменгі жақ сүйектер ауыздың екі жағында жанында жатады.

Аяқ-қармалағыштарын не жемтігін ұстауға жұмсайды, бұл үшін оның ұшындағы бөлімі нағыз яки жалған қысқаша айналған, не сезу мүшесі ретінде пайдаланады. Ал өрмекшілердің аталықтарында ол шағылыс мүшесіне айналған. Аяқтарының қалған басқа төрт жұбының төртеуі де әдетте жүру аяқтары болады.

Нерв жүйесі және сезім органдары. Әсіресе шаяндардың орталық нерв жүйесі күшті бунақталған болып келеді, оның денесінің сырт жағы да көбірек бунақталған. Бірақ шаяндардың да, сондай-ақ басқа өрмекші тәрізділердің де нерв түйіндерінің шоғырлануы өте күшті: аяқ-қармалғыштардың сегменттерінен бастап құрсақтың жақтағы төртінші сегментіне шейін сегменттердің түйіндері бірігіп үлкен массаға айналған, бұл масса дененің бас-көкірек бөліміндегі ішектердің астында жатады. Осы массаға қосарланып жатқан жұтқыншақ үсті түйіндер де қосылып кетеді. Жұтқыншақ үсті жұтқыншақ асты массасы мен байланыстыратын коннективалар өте қысқа және жуан келеді, сондық жұтқыншақ асты түиіндердің жалпы массасының арасында жатқан шамалы тесіктен өңеш бойлап өтеді. Бесінші сегменттен бастап сегменттер өздерінің дербес нерв түйіндерін сақтап қалған. Әсіресе өрмекшілер мен кенелердің нерв жүйесі айрықша көбірек шоғырланып келеді, өйткені бұлардың бүкіл орталық нерв жүйесі бірігіп бір массаға айналған.

Өрмекші тәрізділердің көздері екеуден бастап он екіге дейін баруы мүмкін. Бұл көздері бас-көкіректің алдыңғы бөлігінде жатады. Көздерінің бәрі де жәй көздер түріне жатады.

Асқорту жүйесі. Ішектердің үш бөлімінен алдыңғы ішек өт жіңішке канал түрінде болады бұл әдетте шамалы кеңейіп келеді, ол сұйық ас қоректерін сорып алады,өрмекші тәрізділердің ауқаты міне осы сұйық қоректер болады, ішегінің осындай кеңейген жері өрмекші тәрізділерде ортаңғы ішекпен шекаралықта жатады. Ортаңғы ішекте әдетте тұйықталып жатқан көптеген тармақтары болады. Ортаңғы ішектің ось каналындағыдай осы тармақтарда да, ас қорытылып, бойға тарайды.

Артқы ішектен көбіне ректальдық қуық пайда болады, өрмекшілердің осындай қуығына бұтақтанған түтікшелер сияқтанып мальпигий бездері қос өзекпен келіп ашылады.

Қан айналу жүйесі. Өрмекші тәрізділердің қан айналу жүйесі түрлі дәрежеде кездеседі, мысалы, шаяндардағы және өрмекшілердегі күрделі қан жүру жүйесін бастап кенелердің екі өстиялы қарапайым қапшық тәрізді жүрегіне шейін кездеседі. Қан айналу жүйесі кенлерде тіпті болмауыда мүмкін.

Қан айналу жүйесінің қанадай дәрежеде дамығандығы тыныс алуға қаншалықты шек қойылғандығын, өрмекші тәрізділердің үлкен-кішілігіне және оның денесінің бөлшектенуіне байланысты екендігі айқын көрінеді. Егер, мысалы, жапырақ тәрізді өкпелілердегі сияқты тыныс алуға аса қатаң шек қойылған болса, онда қан айналу жүйесі тұйық болмағанымен де, жақсы дамыған. Кеңірдекпен тыныс алған жағдайда қан айналу жүйесі аз бұтақтанады.

Тыныс органдары. Өрмекші тәрізділердің тыныс органдары екі түрлі болады: жапырақ тәрізді өкпелер және кеңірдектер. Өкпенің немесе кеңірдектің ішкі қуысы сыртқы ортамен стигма деп аталатын, тесік арқылы қатынасады. Егер өкпе болса, стигма кіре беріске (vestbulum) болып жалғасады, бұдан ілгері қарай қатарласып жарыса жатқан бірнеше тесіктер кетеді. Әрбір саңлау ерекше қалтаға барып тіреледі, қатарлардың қабырғалары арқылы газ алмасады. Қалталардың ішкі бетін түрлі скульптуралар басып жатуы мүмкін, скульптуралар қалтаның қабырғаларының бір-бірімен қабысып қалмауына себеп болады. Жапырақ тәрізді өкпенің әрбір екі қалтасының аралығына қан жүріп жатады. Ал осы жапырақ тәрізді өкпелілердің өздері, желбезек жапырақшаларының дененің ішіне қарап батып кеткендігіне желбезектерден пайда болған шығар деп болжайды. Кеңірдектер бұтақтанған не бұтақтанбаған түтіктер түрінде болады. Әдетте өрмекші тәрізділердің не жапырақ тәрізді өкпелері, не кеңірдектері болады. Тек қос өкпелер өрмекшілерде ғана өкпелер, сондай-ақ кеңірдектер де кездеседі.

Зәр шығару органдары. Өрмекші тәрізділердің зәр шығару органдары ретінде мальпигий түтіктері де сондай-ақ коксальдық бездері де қызмет етеді. Әдетте коксальды бездер бір жұп қана болады, бұл бездер жұбынан жатқан аяқтардың бірінің түбінен барып ашылады. Коксальдық ебз орталық қапшықтан (sacculus), әкетуші өзектен—лабиринттен, резервуардан және сыртта тесігі бар сыртқа шығарушы өзектен құралады.

Өзінің дамуында орталық ішекпен байланысты екінші зәр шығару органы мальпигий түтіктері болады. Өрмекші тәрізділерде бұлар бір немесе екі жұп болып кездеседі.

Өніп — өсу және даму органдары. Өрмекші тәрізділер дара жынысты болады. Аналық без де, сондай-ақ аталық без де жұбынан болуы да немесе тақ болуы да мүмкін. Егер тақ болса бастапқы кезде жұп түрінде болған екі бездің қосылуынан барып жалпы болып кетеді. Тұқым жолдары мен ұрық жолдары қосарланып келеді, бірақ сыртқы сыңар тесік болып ашылады. Жыныс жүйесі құрсақ ішінде жатады да, сыртқы құрсақтың екінші сегментінен барып ашылады.

Өрмекші тәрізділердің көпшілігі жұмыртқа салады, бірақ баласын тірілей туатындары да бар (шаяндар). Жұмыртқаларының әдетте сары уызы біразы ғана майдаланылады.

Постэмбрионалдық дамуы тікелей. Бірақ кенелердің метаморфозбен де дамуы мүмкін.