Жалпақ құрттар типі

Жалпақ құрттар типі. Кірпікшелі құрттар класының көбеюі ж/е экологиясы. Құрттар деп аталатын көп түрлі жануарлар морфологиялық жөнінен барлығына тән мынадай белгілермен сипатталады:

А). Денелері билатеральды құрылысты.

Б). Нағыз аяқтары жоқ.

В). Денелердің сыртын жалаң қабат эпителий мен әр түрлі құрылысты мускулатурадан құралған тері мусколь қабық қаптап тұрады. Құрттар деген шартты артқа біріктірілген жануарлар дүниесін төменгі типтерге бөлеміз:

Жалпақ н/е паранхималық құрттар типі-Plathelminthes

Жұмыр құрттартипі-Nemathelminthes

Буылтық құрттар типі-Annelides

Немиртендер типі-Nemartini

Жалпақ құрттар типі.

Жалпақ құрттардың денесі ұршық тәрізді, жапырақ құрттар н/е таспа тәрізді пішінде болады. Денелерінің көлденең кесіндісі жұмыр болады. ‡лкендіктері түрліше 1-мм-ден де кіші түрінен бастап, ұзындығы бірнеше метрге жететін таспа құрттар өте зор паразиттіктүрлері де болады. Денесінің сыртын тері мусколь қабық қаптап тұрады. Ішкі органдары парензимаға батып жатады. Ас қорыту системасы мүлдем жоқ, тек ас қорыту клеткасынан кейде ас қорыту түтігі түрінде құралған. Аналь тесігі болмайды. Тыныс алу тері арқылы. Жыныс системасы гермафродитті ж/е қосымша бездер болады.

Жіктелуі.

Жалпақ құрттар типі – Plathelminthes

1 класс Кірпікшелі құрттар н/е Турбеллярия- Turbellaria

1 отряд Ішеексіз турбилялар-Acoela

2отряд Көп тармақты ішекті турбилялар- Polucladida

3отряд ‡ш тармақты ішекті турбилялар-Tricladida

4 отряд Түзу ішекті турбилялар – Rhabdocoela

2класс Сорғыштар-Trematides

1 класс тармағы Эктопаразитті сорғыштар-Monogenea

2класс тармағы Эндопаразитті сорғыштар-Digenea

3класс Таспа құрттар-Cestodea

1 класс тармағы Бір буынды таспа құрттар –Cestodaria

  • класс тармағы Көп буынды таспа құрттар – Cestoda

1 класс Турбилялылар н/е Кірпікшелі құрттар –TURBELLARIA

Турбилялар жалпақ құрттардың негізгі класын құрайды. Бұлар көбінесе еркін өмір сүруші, теңіздерді тұщы су алқаптарын ж/е ылғалды топырақтарда мекендейтін жануарлар. өкілі ретінде- ақ түсті планарияны қарастырамыз.

Дене пішіні ж/е сыртқы құрылысы . Ақ түсті планарияның басқа түрлерден айырмашылығы денесінің түсі ақ. Қоректі тойғандарының тармақты қоңырқай шегі ақ түсті денесінің сыртынан көрініп тұрады. Денесінің ұзындығы 15-26 мм-дей, көлденең кесіндісі 6-мм шамасындай. Басының алдына таман екі қара көзі орналасқан. Оның сорып жабысатын сызаты бар. Планарияныңденесін бір келкі кірпікшелі түкше тегіс қаптат тұрады. Бұл кірпікшелері арқылы субстарттыбойлап сырғып қозғалады. Бауыр жағында денесінің ортасынан кейінірек ауыз тесігі орналасқан, денесінің артқы бөлігінің аралығында жыныс тесігі орналасады. Жотасының бүйір жағында сегіз пар майда зәр шығару тесіктері бар.

Нерв системасы: ақ тұсті планарияның нерв жүйесі алдыңғы бөлігіндегі нерв клеткаларына жинақталған түйіннен басталады. Гидрада жүйке жүйесі бытыраңқы орналасса, ал бұл планарияда нерв клеткалары денені бойлай созылып екі бағана түзеді.

Сезім органдары: Сезім органдарына көз ж/е оң сезімді қызметін атқаратынбастағыөсінділержатады. Ақ түсті планарияның екі көзі болады.

Тыныс алу органдары: Планариялар бүкіл деннің сыртымен тыныс алады.

Олардың арнаулы тынысы алу органдары болмаиды.

Қан айналу органдары: Болмайды.

Зәр шығару системасы: Ақ түсті планирияның зәр шығару системасы пронефридия түрінде болады. Протононефридляра азды көпті тармақталған оң

Және сол каналдардан құралған. Олардың іші сүйек зәріне толы болады. Ол сол

Сүйек заттар денедегі зәр шығару тесіктеріарқылы сыртқа шығарылады. Ал тармақталған протонефридаканалының екінші жақ ұшында еш уақытта тесік болмайды және олар терменалдық оргондегеніміз зәр шығару каналы басталатын клетка сол клеткалардан каналдардыың қуысуына қарай созылып шоғырланған кірпікшелер шоғыры шығады. Паленхиманың ішінен бөлініп шығатын сұйық заттарды бөліп алатын аппарат міне осы клетка.

Ас қорту систематикасы: Ақ түсті планарияның ас қорыту системасы дененің бауыр жағындағы ауыз тесігінен басталады. Ауыз тесігі мускольды жұтқыншаққа жалғасады. Жұтқыншақтың қуысы ішек қуысымен үштасып тұрады. Ақ түсті планарияның ішегі үш бұтақты пішіндес: Бір бүтағы алға қарай екеуі артқа қарай бағытталған. ‡ш бұтақтың әрқайысында көптеген қосымша тармақтары болады. Олардың өзіде тағыда бірнеше өте ұсақ тармақтарға бөлінеді. Аналь тесігі болмайды. Тамақтың қорытылмаған қалдықтары ішектің ішінде жинала береді де содан кейін бүкіл дененің жиырылып қозғалуына байланысты ауыз тесігі арқылы сыртқа шығып отырады.

Жыныс системасы: Ақ түсті планарияның жыныс системасы гермафродитін.

Аталық жыныс аппараты дененің бүйір жағынд орналасқан, көптеген көпірішік тәрізді тұқым бездері – семейниктерден құралған . Аналық жыныс аппараты екі жұмыртқа безінен және оларды шығаратын түтікпен қосымша бездерден құралған. Жұмыртқа бездері дененің бас жағынан жақын жерде болады.