Инфузориялар типіне көп майда кірпікшелілері не өзара желімделіп біріккен кірпікшелілерден құралған ірілеу келген мембраналары бар қарапайым жануарлар жатады. Кірпікшелілер класына жататын инфузориялардың бәрініңде
өмір бойы кірпікшелері болады. Бұлар тек цистаға айналғанда ғана кірпікшелерін жоғалтады. Сорушы инфузориялардың даму кезеңінің алғашқы кезінде еркімен жүзіп жүрген уақытында ғана кірпікшелілер болады. Содан кейін олар бір орында тіршілік етуге көшеді де кірпікшелерін жоғалтады. Тығыз пеликуласы және скелет фибрилдары болатындықтан инфузориялардың дене пішімі әрдайым белгілі бір қалыпта болады. Инфузориялардың құрылысы көбіне күрделі болады. өйткені олардың көбінде бұлшықет ж/е скелет элементтері күрделі болып келетін перистом қозғалу қызметін атқаратынбелгілі органелалылар болады.
Барлық инфузорияларды басқа қарапайым жануардан бөліп тұратын кірпікшелілерінен басқа бір белгі ядро аппаратының құрылысы. Оларда екі түрлі ядро болады. Бірі үлкен- маркунуклеус, ал екіншісі- микронуклеус кішкене. Көп түрлерде бірнеше макронуклеус ж/е микронуклеус болады. Инфузориялар бөліну не бүршіктеніп бөліну арқылы өніп өседі. Бұл жағдайда микронуклеус митотикалық жолмен , ал макронуклеус амимтотикалық жолмен бөлінеді. ¦рықтану изогамиялық не амизогамиялық жолмен болады: тек протоцилиат ғана популяция әдісімен ұрықтанады. Бұл тип тармағына төмендегі екі класс кіреді:
- Кірпікшелі инфузориялар –Ciliata
- Сорғыш инфузориялар-Sactoria
- класс. Кірпікшелі инфузориялар – Ciliata.
Кірпікшелі инфузориялардың денесін өмір бойы кірпікшелер басып тұрады. Олар цитостум арқылы осмос жолымен қоректенеді. Көлденең бөліну не бүршіктеніп бөліну арқылы өніп өседі. Уақыт жыныссыз өніп өсуді жынысты процес коньгация не кануляция бөліп кетіп отырады. Инфузориялар тұщы суларды, теңіз суларындада болады. Дегенмен көп түрлері тұщы суларда ғана болады. Кірпікшелі инфузориялар класына екі класс тармағы кірді: 1. Протоцилаттар –Prociliata.
- Нағыз инфузориялар –Euciliata
Парамеци кірпікшелі инфузория класының өкілі. Парамицияның құрылысы жиі кездесетін өз еркімен қозғалп жүретін инфузория. Парамецияның ұзынша сопақша болып келген денесін бірдей кірпікшелер бір тегіс жауып тұрады, сондықтан ол тең кірпікшелілер отрядына жатады, кірпікшенің құрылысы нәзік мөлшері кішкене ж/е саны көп. Мысалы Парамецияда 2500-ге жақын кірпікше болады. Парамецияның қозғалысы бұралып кіріп бара жатқандай болып келеді. Оның себебі кірпікшелерінің орналасуында.
Инфуцорияның барлық денесін тығыз жұқа қабық- циликула жауып тұрады. Циликуланың астында эктоплазманың мөлдір жұқа қабаты жатады, қалған дененің бәрін түйіршікті эндоплазма алып жатады. Парамеция денесінің алдыңғы жағының төменгі жағында ұзынша келген саңылау- ауыз жанында ойық яғни перистомы болады. Перистомының түп жағында сопақша келетін тесік – клеткалық аузы цистастом жатады. Бұл ерілген жұтқыншаққа цитопарикске барып жалғасады. Жұтқыншақты жұтқыншақ скелет талшықтары ұстап тұрады. Жұтқыншақ тікелей эсдоплазмаға келіп ашылады.
Қоректенуі ж/е зәр шығаруы. Парамеция негізінде бактерияларды қорек етеді. Бактерияларды сумен бірге жұтқыншаққа келеді. Бұл су қабығы жоқ эндоплазмамен кездескенде сол жерде домалақ асқорыту вакуолі пайда болады.
Ас қорыту вакуолі жұтқыншақтан бөлініп плазманы айналып отырып бояу ағатын плазмасымен бірге инфузория денесінің ішіне түседі. Ас қорыту вакуолі парамецияның денесінде денені айналып отырып белгілі жолдардан өтеді. (Ас қорыту циклоза), бұл жолдың ұзақтығы қоректік заттың түріне ж/е температураға байланысты бір сағаттан үш сағатқа дейін болады. Парамеция өте көп бактерия жұтады. Мысалы шөпті суға салып нәтижеде алынған тұнбаға жіберілген парамеция бір сағатта алпыс асқорыту Ас қорыту вакуолін шығарады, ал әрбір вакуолда 30 шақты бактерия болады. Яғни күніне бір парамеция 4300-ге жуық бактерия жұтатындығын көрсетеді. Парамецияның амебадан айырмашылығы оның жиырылғыш вакуолі мен зәр шығаратын тесігі тұрақты структура.
Вакуолдердің жұмысы ортадан шығарылып төгілу алдында вакуолдің іші сұйыққа торлы болады. Бұл кезде бұған келіп жатқан түтіктер суға онша толы болмайды бұл фазаны диостолла деп атайды. Содан кейін вакуоль қысқарады, өзінің ішіндегі заттарын ерекше кішкене тесіктері арқылы сыртқа шығарады ж/е солып қалады. Ал бұл кезде түтіктері бұрынғыдан да күшті кернеліп суға толады. Бұдан кейін түтіктердің бәрі бұрынғыдан күшті кернеліп суға толады. Бұл фазаны цистостолла деп атаймыз. Басқа қарапайым жануарлардағы сияқты парамецияның жиырылғыш вакуолдерінің қызметі артық суды денеден туғызуы. Сонымен қатар сумен бірге зат алмасуынан денеге сіңбей қалған біраз заттар сыртқа шығарылады.
Көбеюі: Парамецияның – макронуклеус пен микронуклеус эндоплазмада жатады. Парамеция барлық инфузориялар сияқты көлденең бөліну арқылы өніп өседі.Бұл микронуклеустың бөлінуінен басталады. Микронуклеус аздап ісінеді. Хроиосомдар ж/е поляр шетінде қалпақ тәрізді басы бар ұршық пайда болады, бұл ахроматин денешігінен түзіледі. Хромосомдар экватор пластинкасын құрайды. Бұл бөлініп жас ядролар пайда болады. Содан кейін макронуклеуста бөліне бастайды. Макронуклеус созылады, ж/е аметиотикалық жолмен бунақталып бөлінеді. Парамецияның денесі де бунақталып бөлінеді. Сонымен қатар жаңадан пайда болған жас жәндіктерді органелалар бірдей болып бөлінеді, ал кейбір жоқ арганелалар жаңадан пайда болады. Парамецития 15-17 градуста кезінде тәулігінде бір рет бөлінеді температураның көтерілу, бөліну процесін тездетеді.Жыныстық жолмен көбеюі коньугация арқылы жүреді.