Зоология- жануарлар дүниесін әр түрлі жағынан зерттейтін ғылым саласы.:Ол жануарлардың табиғат жағдайларындағы тіршілігін, олардың ересек күйіндегі және жеке осиптардың өмірінің әр кезеңіндегі құрылысы мен организмнің
Қызмет әрекеттерін зерттейді,жануарлардүниесінің құрамы, неше түрлі
жануарлардың пайда болуының заңдылығын ж/е таралуының ерекшелігін зерттейді.
Жануар тану пәнінің міндеті жануарларды жанжақты зерттеу оның құрлысын, көптүлілігін тіршілік әрекетін, таралуын, және халық шаруашылығындағы маңызын оқыту болып табылады. Зоология сөзі грекше екі сөзден (Зоо-жануар, логос-оқу тану деп түсіндіріледі.).Морфологиялық зерттеулер жануарлардың сыртқы құрлысын, физиологиялық зерттеулер-тірі ағзаның сырқы ортаның арасындағы байланысын зерттейді.
Жануарлардың барлығы жасушадан құралған, ол дененің негізі болып табылады. Жасушалар тобы және жасуша аралық заттар белгілі пішінді, құрлысты, қызметті болып олар ұлпаларды құрайды. Жануарларда ұлпалар төрт түрге бөлінеді; эпителий, ет, жүике және дәнекер. Осындай әртүрлі ұлпалар өзара байланысты болып белгілі қызмет атқаратын жеке мүше құрайды. Жануарлар ағзасын бірнеше жүиеге бөлуге болады. Олар; жүике, асқорыту, қан айналу, т.б. жүйелер. Адам баласына жануарлар туралы мәліметтер ертеден белгілі. Ғылыми бастауын ертедлегі грецияның данышпан ұлы ойшылы Аристотельден басталады (б.э.д 4э). Ол белгілі жануарларды (500-ге жуық) екі топқа бөлді: қызыл қанды жануарлар және қансыз жануарлар. Осылайша омыртқалылармен омыртқасыздар бір-бірінен бөлінді, өйткені Аристотель қызыл қанды жануарларға осы кездегі омырталы жануарлар класына сәйкес келетін мынадай бес майда топты жатқызды:
- Тірі туатын төрт аяқтылар-бұлар осы кездегі сүтқоректілерге сәйкес
келеді.
- Құстар.
- Жұмыртқа салатын төрт аяқтылар және жорғалаушылармен қосмекеділерге сәкес келеді.
- өкпемен тыныс алып тірі туатын аяқсыздар-кит тәрізділер.
- Желбезекпен тыныс алатын қабыршақты аяқсыздар-балықтар.
Ал омыртқасысыздың орасаң көп түрін Аристотельдің өте майда топтарға бөлуі онша дұрыс емес еді. Аристотель жануардың не бары 520 формасын сипаттап жазды. Ал қазіргі кезде жануарлардың бізге белгілі формалары 100000 дана саналады. Орта ғасырдағы зоология тарихына тоқталмасақ та болады. ¤йткені діннің көрсеткен қысымы табиғатты тікелей зерттеуге кедергі болды.
Тек қайта өрлеу дәуірінде ғана зоологиялық зерттеу жұмыстары жолға қойылып жандана бастады. Ерте заманның ірі анатомы Галлен(131-2001) жануарлар анатомиясын зерттеп, содан кейін сол зерттеулердің нәтижесін адамға қолданған. Сол кезде физиологияда өркендеп дами бастады.Бұл дәуірдің физиологтардың ішіндегі ең атақтысы, қан айналысын зерттеген Гарви(1578-1657) ол өзінің эмбриологиялық бақылаулар арқасында қандай жануар болса да жұмыртқадан өніп өседі деген қорытынды жасаған. 16-шы ғасырда тұңғыш рет көзілдірік- ж/е үлкейтіп көрсететін шынылар пайдалана бастады. Бұларды ептеп бір-біріне қосудан микроскоп шықты. Микроскопты жақсарту жұмысын Лебен Гук(1628-1694)атқара бастады. Ол инфузорияны, қан денешіктерін ашты ж/е тұқым сұйықтығынан сперматозоидтарды тапты. Мольпиги (1628-1694) линза арқылы насикомдар анатомиясын анықтау жөнінде өте көп жұмыстар жасады. Морфология пәндерімен қатарлас жануарлар системасы туралы ғылымында- систематикада дамыды. 18-ші ғасырдағы ең ірі систематик Линней (1707-1778) болған. Ол классиктің кітабы табиғат системасы 1735-ші басылып шықты. Линней жануарларға латын тілінде біріңғай ат қойды, бұл жағдай сол кезге дейін шыққан зоология кітаптарында болып келген кемшілікті жойды, бұл кемшілік әр ұлттан шыққан авторлардың сол бір жануарды өз тілінде түрлі-түрлі атауынан болатын еді. Линней түрлерді қос атпен- бейнарлы номенклатурамен атауды кіргізді. Линней ірі систематикалық топтарды біріне бірі бағынған үш топқа бөлді. Олар: бір-біріне ұқсас туыстар отрядқа отрядтар класқа біріктірілді. 19-шы ғасырдыңбас кезінде зерттеулер көп ілгері басты. Әсіресе Линней дәуіріне қарағанда омыртқасыздар деп аталатын жануарлар дүниесі туралы мәліметтер көп жиналды, бұларды Ломарк(1744-1828) он класқа бөлді. Ломарк сонымен қатар жануарлар дүниесін омыртқасыз ж/е омыртқалы жануарлар деп екіге бөлуді қалпына келтіріп жолға қойды. 1859 жылы Дарвиннің “Түрлердің тегі “ деген кітабының жарыққа шығуы зоологияның тарихында ұлы өзгеріс кезеңі болды. Дарвиннің идеясын дамытуда эволюциялық биологияның басқа бағыттарында маңызы өте зор. В.О. Кавалевский (1842-1883) эволюциялық полентологияның негізін қаласа, И.М. Сеченов (1829-1905) жануарлар физиологиясының орыс мектебін құрды. Қазақстанның жануарлар дүниесін жүйелі әрі ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмыстары 17-18-ші ғасырпларда ұйымдастырылған экспедицияларға байланысты. Мұнда қазақтың ұлы ғалымы Ш. Уәлихановтың еңбектері ерекше орын алады. 1943-ші жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының Зоология институты жұмыс істейді. Л. С. Берг, И.А.Далгушин, М.Д.Зверев, Т.Н.Досжанов, А.Бекенов ж/е басқа ғалымдар Қазақстанның жануарлар дүниесіне арнайы зерттеулер жүргізіп, ғылымының дамуына ерекше үлес қосты.