Балықтар класының көпшілігі сүйекті балықтар тобына жатады. Сүйекті балықтар барлық су қоймаларында дерлік таралған. Сондықтан да, тіршілік жағдайларының алуан түрлі болуы, олардың түрге бай, көп түрлі болуына себепші болған. Балықтардың бұл тобының негізгі белгілері мен құрылысндағы ерекшеліктері мыналар. Скелеті қандай дәрежеде болса да сүйекті болады. Скелетінің сүйектенуі екі жолмен орындалады. Скелетінің алғашқы сүйектенуін жамылғы, немесе тері сүйектену деп атайды.
Балықтар скелетінің құрамында жабын сүйектен басқа шеміршекті сүйектер де кездеседі. Сүйектің бұл түрі эмбриональдық дәуірде, шеміршектің біртіндеп сүйектенуінен пайда болады.
Сүйекті балықтар тобына тән екінші бір жалпы ортақ белгісі желбезек аралық пердесі болмайды, сондықтан желбезек жапырақшалары бірден желбезектер шеңберіне орналасады, желбезек аппаратын сыртынан жауып тұратын сүйекті қақпағы болады.
Осы кездегі сүйекті балықтар төрт класс тармағына бөлінеді: шеміршекті сүйектілер, қауырсын қанаттылар, қос тыныстылар және саусақ қанаттылар.
4 класс тармағы Қауырсын қанаттылар (Actinopteryqii)
Осы уақытта тіршілік ететін балықтардың түрінің 90 процентіне астамы осы класс тармағына жатады.
Бұлар барлық суларға тараған, барлық теңіздер мен мұхит суларының әр түрлі қабатарын мекендейді. Сонымен қатар көптеген түрлерін әр алуан тұщы сулардан -өзендерден, бұлақтардан, көлдерден, бөгеттерден кездестіруге болады. Қауырсын канаттылардың барлық түрлеріне тән дене құрлысында мынадай белгілері бар. Дене скелеті толығына сүйектен тұрады, ал шеміршек кейбір жерінде ғана сақталған. Көкірек қанаттарының әдетте базалиялары болмайды, қауырсындаы бірден иық белдеуіне бекиді. Сондықтан балықтың, бұл класс тармағын қауырсын қанатты балықтар деп атайды. Қауырсын қанатылардың өкілі ретінде алабұға. Алабұға тез жүзетін, көбінесе ұсақ шабақтамен қоректенетін жыртқыш балық. Қауырсын қанатты балықтардың систематикасы.
Қауырсын қантты балықтар үш отряд үстіне бөлінеді: 1-отряд үсті сүйекті ганаоидалар (Holostei), 2-отряд үсті — көп қанатты балықтар (Polypteri), 3-отряд үсті — сүйекті балықтар (Te1estei
5-класс тармағы Қос тынысты балықтар (Dipno1)
Қазіргі қос тынысты балықтардың үш түрі ғана белгілі. Тұщы суларда тіршілік ететін өзіндік ерекшеіліктері бар балықтар. Олар суда еріген оттегімен тыныс алумен қатар ауадағы оттегімен де тыныс ала алады. Әсіресе, олардың бір ерекшелігі оттегіне тапшы суларда да тіршілік ете алатындығы. Дене мөлшері кейбір түрлерінде 2 метрдей болады: Хордалары бүкіл өмір бойы сақаталады.Омыртқа желісі тіпті жетілмеген, сол сияқты жоғарғы және төменгі омыртқа доғаларыда нұсқа болады.
Қос тынысты балықтардың прогессивті белгілерінде алдынғы миының күшті дамуы жатады.
Қос тынысты балықтар девон дәуірінің орта кезінде, полезойдың аяғында пайда болып, мезазойдың бас кезінде кеңінен таралған.
6-класс тармағы Саусақ қанатты балықтар (Crossopteryqii)
Саусақ қанаттылар — өте ескі, әрі толығына дерлік құрып біткен балықтардың ерекше тобы.
Дене пішіні ромб немесе дөңгелек келген қалың сүйек пластинкаларымен — космоидты қабыршақтармен қапталған.
Саусақ қанаттылардың қос тынысты балықтарға жақын екенінде ешқандай күмән жоқ және олар бір түбірден тарған болуға тиіс. Олар алғашқы кезде тұщы суларда тіршілік еткен және онда әрдайым оттегі жеткіліксіз болған болу керек. Соның салдарына қос тыныс жолы пайда болып, оттегі жетіспеген кезде бұл балықтар да қос тыныстылар сияқты әлсін-әлсін су бетіне көтеріліп, атмосфералық ауамен өкпесі арқылы тыныс алған. Су өсмідіктернің және олардың қалдықтарымен ластануы қанатарының жүзу қызметін атқарумен қатар денеге тірек болуына бейімделуіне себепші болған. Сондықтан бұл жүзу қанаттарының бес саусақты аяққа айналуына себепші болған факты болып саналады. Мезазойда саусақ қанатты балықтар теңізде тіршілік етуге көшкен.