Бұл тип тармағына бас хордалылар (cephalochordata) деп аталатын бір ғана класс жатады. Бұлардың хордалылары нерв түтігінен ұзынырақ, алға шығып тұратын болғандықтан — бас хордалылар деп аталған. Бұл класқа жататындардың негізгі белгілері мыналар: хордалары бас миынан да алға шығып созылып жатады, желбезек ерінің айналасында (атриалъдық) қуысы болады. Басы денесінен айқын бөлінген. Сезім мүшелері нашар дамыған. Бас ми деп нерв түтігінің алғашқы бөлімін атағанмен де оны қаптап тұратын бас сүйегі болмайды. Хорда және оның қабы скелет қызметін атқарады. Аяқ-қолдары жоқ, ал нефридиясы және жыныс системалары сегментті болады.
Ланцетник бас сүйексіздердің өкілі — (Branchiostoma Lanceolatum).
Сыртқы түрі. Ланцетник — ұзындығы 5-8 см болатын, екі бүйірінен қысыңқы, сопақ, балық пішіндес, мөлдір келген жәндік. Құйрығының артқы бөлімі найзаның ұшына немесе ланцетникке ұқсас болатындықтан — ланцетник деп аталған. Арқа қанаты құйрық қанатына келіп түйісіп, одан ары тұтасқан түрінде желбезек қуысына шейін созылады. Дененің құрсақ жақ бүйірінде орналасқан екі метаплевральдық қатпар болады. Олар артқа қарай атриальдық тескікке дейін созылады. Денесінің алдыңғы бауыр жағында 10-12 жұп қармалағышпен қоршалған ас жолы басталатын ауызалды тесігі болады.
Тері капшығы. Ланцетниктің тері қапшығы екі қабаттан тұрады: сыртқысын -эпидермис, ішкісін -кутис деп атайды. Жоғарғы дәрежеде дамыған жануарлардың эпидермисінен айырмашылығы ланцетниктің эпидермисі бір қабаттан тұрады да, оның сыртын жұқа кутикула қаптап жатады. Эпидермистің көпшілік клеткалары — цилиндр пішінді, бірқатары бокал тәрізді безді клеткалар ал бірқатар клеткаларында сезімтал түктері болады. Кутис қабаты нашар дамыған және ол қоймалжың тканьдерден құралады.
Ет системасы. Басқа хордалылар сияқты бұлардың еті де денесіне біркелкі орналаспаған. Ет өсіресе арқа бөлімінде көп болады. Ет системасы ұзына бойы бөлінген екі-миомерлер деп аталатын бунақтарға бөлінеді. Миомерлері бірінен-бірі миосепта деп аталатын дәнекер ткандермен шектеліп (белініп) тұрады. Сондықтан бунақтардың жіктері сырттан қарағанда айқын көрініп тұрады. Бұлшық еттерінің бөлшектерінің үшкір жағы денесінің алдыңғы жағына қарап орналасқан. Оң жағындағы миомерлері мен сол жағындағы миомерлері бір-біріне тұспа-тұс орналаспайды. Мұның өзі су ішінде жүзгенде көлденең бағытта денесінін оңай иілуіне жағдай туғызады.
Хордасы негізінен қаңқа қызметін атқарады. Хорда ланцетниктің арқа жағында бүкіл денесін бойлап созылып жатады. Хорданың негізгі денесі талшықты дискалардан тұрады. Олардың арасында іші сұйық затпен толған вакуолдері бар. Қалың дәнекер ткані хорданы және оның үстіңгі жағына орналасқан нерв түтігін қаптап тұрады.
Нерв системасы. Ланцетниктерде орталық нерв системасы деп аталатын бүкіл дене бойына хордамен қатарласып созылып жатқан нерв түтігі болады. Нерв түтігінін бас жақ бөлімінің ішкі қуысы кең, ал арқа бөліміндегі қуыс тар болады. Бұл қуысты — невроцель деп атайды. Ланцетник ұрығының даму кезінде невроцель сыртқы ортамен — невропор тесігі арқылы қатысады. Ересек ланцетниктерде невропор болмайды. Мұның орнына дененің бас бөлімінің үстіңгі жағында ояз қалады, оны иіс оязы деп атайды.
Бүкіл нерв түтігі бойымен, невроцельдің жиегіне, жарық сезгіш — гecce көзшелері орналасақан. Әрбір көзшенің өзі екі түрлі клеткадан тұрады. Біріншісі — жарық сезгіш клетка, ал екіншісі — пигментті клетка. Ланцетник миының барлығы дерлік жарық сезгіш келеді. Сөйтіп әрбір ет сегментіне екі пар нерв келеді. Біреуі — құрсақ, екіншісі — арқа нерві. Арқа нервтері атқаратын қызметіне қарағанда аралас қозғалтқыш — сезгіш, ал құрсақ нервтері таза қозғалыс қызметін атқаратын нерв болып саналады.
Сезім органдары — өте қарапайым. Олар Гессе көзшелері арқылы жарықтарды, иіс оязы арқылы судың химиялық қасиеттерін ажырата алады. Сонымен қатар денесіндс — эпидермисте бытырап жатқан сезгіш клеткалары болады.
Ac қорыту және тыныс органдары. Ауыз алдындағы қармалағыш түктерінің түп жағында ауыз орналасқан. Ауызбен жұтқыншақты бөліп тұратын, етті сфинкер болады. Жұтқыншағы кең, ол жүзге жуық желбезек саңылауларын аралап өтеді. Ол сыртқа ашылмай атриальдық немесе желбезек айналасындағы қуысқа ашылады. Атриальдық қуысы бүйір қатпарларының өсуінен негізделген. Қатпарлар құйрық бөлімінде өспейді, соның нетижесінде атриопор деп аталатын тесік пайда болады. Сөйтіп су жұтқыншақтан желбезек саңылаулары арқылы атриальдық қуысқа, одан атиопор арқылы сыртқы шығады.
Жұтқыншақтың құрсақ жағындағы ішкі бетінде өзекшесі болады. Бұл өзекше безді және кірпікшелі клеткалармен эндостильмен қапталып тұрады. Ауыз маңына таянғанда өзекше екі айырық болып, жұтқыншақтың үстіңгі бөліміне қарай созылады. Бұл жерде олар ішекке қарай-созылып жатқан желбезек үсті оязына балып жалғасады. Эндостильдіқ шырын шығаратын бездерінін шырынына, су ағынымен ілесіп келген қоректік заттардың ұсақ бөлшектері жабысып қалады. Эндостильдік эпителий кірпікшелерінің қозғалуы шырынға оралған қоректік заттардың ауыз бөліміне, одан ары желбезек үсті өзек арқылы ішекке түсуін қамтамасыз етеді.
Ішегі жіктелмеген, бүкіл дене бойына созылған түтіктен тұрады. Ішектің алдыңғы бөлімінің құрсақ жағынан бір қуыс және тұйық есінді шығады. Бұл жоғарғы сатыдағы омыртқалылардың бауырының қызметіне ұқсас қызмет атқарады. Сондықтан бұл өсіндіні бауыр өсіндісі деп аталады. Бұл айтылғандардан ланцетниктер пассивті түрде қоректенеді және тыныс алады деген қорытынды шығады. Бұлардың тыныс алуы және қоректенуі ауыз бөліміндегі — жұтқыншағындағы және ішегіндегі кірпікшелі эпителийлерінің қозғалып тұруына байланысты.
Қан айналу системасы — карапайым бірнеше қан тамырларынан ғана тұрады қаны түссіз, жүрегі болмайды.
Зәр шығару жүйесі — жұтқыншақ маңайына орналасқан көптеген (90 пар) нефридия түтікшелерінен тұрады. Нефридия түтікшелерінің бір ұшы желбезек маңындағы қуыспен жалғасады да, екінші ұшы целом қуысына еніп тұрады. Осы қуысқа еніп тұратын ұшында бірнеше тесіктер бар. Бұл тесіктердің іші қуыс, сырты түйреуіштің басы сияқты клеткалармен — соленоцидтармен қапталған. Соленоцидтардың іші қуыс, оның ішіндегі қозғалып тұратын түктерінін көмегімен целомның ішіндегі зәр заттары желбезек қуысына келіп одан сыртқа шығарылады.
Жыныс бездері. Аталық және аналық жыныс бездері сырт жағынан ұқсас болғандықтан оларды бір-бірінен ажырату мүмкін смес. Олар көптеген (25 пар) шap тәрізді целом қуысынын желбезек бөліміне орналасқан денешіктерден тұрады. Жетілген жыныс клеткалары уақытша пайда болған жыныс жолы арқылы желбезек қуысына келіп одан атриопор арқылы сыртқы суға шығарылады. Яғни ланцетниктің ұрықтануы сыртта болады.
Көбеюі және дамуы. Ланцстниктредің кебеюін және дамуын бірінші peт А.О. Ковалевский зерттеген. Ланцетниктердің ұрықтарын шашуы және олардың ұрықтануы әдетте кешкі уақытта болады. Ұрықтанған жұмыртқалары өте қысқа мерзімде дамиды. Кешке ұрықтанған жұмыртқа түн ортасында гастролалық даму кезеңіне жетіп үлгереді. Жұмыртқаның бөліне бастаған мезгілінен 36 сағаттан соң ұрықтың ауызы және алғашқы желбезек сақылауы қалыптасады.