Дене тәрбиесінің тәжірибесіндеөте көп мөлшерде денетәрбиесі жаттығулары қолданылады. Дене тәрбиесі жаттығуларының қасиетінтанып, оларды тиімді паидалану үшін дене тәрбиелеу тәжірибесінде жаттығуларды топтау қажет.
Дене тәрбиесі жүйесін тарихи қалыптасыпқалған белгі боиынша топтау. Олбоиынша барлық жаттығулар төрт топқабөлінеді.
а) гимнастикалықжаттығулар.
ә) ойын жаттығулары.
б) туристік жаттығулар.
в) спорттық жаттығулар-спорттықәр түрінде пайдаланатын стандартты жаттығулар.
- Белгілі дене қуатын дамыту бағытындағы жаттығулар:
а) күш жылдамдығы жаттығуларды жаттығушылардың күштерін дамытады.
ә) төзімділік пайда болуына әсер ететін жаттығулар.
б) үйлесімді қозғалысты талап ететін жаттығулар.
в) икемділікке арналған жаттығулар.
г) комплексті қимылды талап ететін жаттығулар.
- Жаттығуларды білім беру мақсатына қарай топтау.
а) Негізгі жаттығулар. Сабақтың негізгі бөлімінде өткізілетін, спорт түрлерінің негізгі жаттығулары.
ә) Дайындық жаттығулары. Негізгі жаттығуларды үйренуге керек дене қуаты қасиеттерін дамытуға көмектесетін жаттығулар.
б) Жақындататын жаттығулар. Негізгі жаттығуларды үйрететін, оңайлататын қимыл әрекеттер.
- Дененің бұлшықетін дамытатын жаттығулар. Қолдың бұлшықеттеріне, кеуде бұлшықетеріне, аяқ, іштің бұлшықеттеріне арналған жаттығулар.
- Қозғалысқа арналған жаттығулар тобы:
а) циклды жаттығулар.
ә) Аралас жаттығулар.
- Жаттығуларды күш қарқынына қарай топтау:
а) өте жоғары қарқынмен орындалатын жаттығулар.
ә) жоғарғы қарқынмен орындалатын жаттығулар.
б) қатты қарқынмен орындалатын жаттығулар.
в) қалыпты қарқынмен орындалатын жаттығулар.
Дене тәрбиесі жаттығуларының әсер етуін анықтайтын факторлар.
Жаттығулардың адам организміне әсер етуі әртүрлі себептерге байланысты: оқыту процесі екі жақты ұзтаз оқытады, оқушылар үйренеді. Сондықтан жаттығулардың әсер ету ұстаз өнегесіне, ақылына, білім деңгейіне,қимыл дағдысына, дене қуатына сондай-ақ оқытушы мен оқушының белсенділігімен ынтасына байланысты.
Ғылыми факторлар адамның дене тәрбиесі заңдылықтарын түсінуі.
Әдістемелік факторлар— жаттығуларды қолданар кезде ескеретін талаптар.
Жаттығулардың күшті әсері осы талаптарды орындап, дұрыс пайдалануына, жаттығуларды орындау уақытына, орындау қарқынына, орындау санына немесе аралық тынығу санына, қайталау арасындағы тынығу уақытына, демалыс түріне байланысты.
Санитарлық- гигиеналық факторлар: Дене тәрбиесі жаттығулары адам организміне тиімді әсер етуі үшін тамақтану, демалу, еңбек ету тәртібін сақтап, жаттығатын орынды, спорт залын санитарлық нормада ұстау керек.
Метерологиялық факторлар— ауа температурасы, ылғалдылығы, жел күші т.б. жатады. Дене тәрбиесі жаттығуларын қамтамасыз ететін бір топ материалдық факторларға спорт ғимараттары, жабдықтары, спорт киімдері т.б. жатады.
Табиғи күштер және дене тәрбиесінің қосымша амалы. Табиғи күштер күннің қызуы, судың, ауаның температурасы, атмосфераның қысымы т.б. денсаулықты нығайтуға, шынықтыруға, жұмыс қабілетін өсіруге, жаттығуларды тиімді пайдалануға көмегін тигізетін дене тәрбиесінің амалдары болып келеді.
Дене тәрбиесі процесінде табиғи күштер жаттығуларды қолайлы жағдайда орныдау бағытында пайдаланылады. Еңбек және оқу тәртібінде бұл процедураларды тиімді пайдаланса, белсенді демалысқа немесе шаршаған организмді қалпына келтіруге қол жетеді.
Дене тәрбиесінің бір амалы гигиеналық фактор. Бұл амалдың тәсілдерін екі топқа бөлуге болады.
Дене тәрбиесі процесіне кірмейтін тәсілдер: Олар еңбек гигиенасы, тамақтану, демалыс режимдері, яғни дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысуға толық мүмкіндік беретін жағдайлар.
Дене тәрбиесі процесіне кіретін тәсілдер: Бұған морофонды жүгіру кезіндегі арнайы тамақ беру, жаттығу кезіндегі жайлы жағдай туғызу (ауа тазалығы, жақсы жарық беру т.б.) организмді тез қалыпқа келтірудің гигиеналық тәсілдері( ауаны аэронизациялау, ауа температура ортасы) жатады. Ауа температура ортасы. Оларға жүзу бассейіндері, су бүркейтін себез қондырғылары, ванналар, монша- сауна жатады.
Ауаны эронизациялау- спортшылар демалып жатқан жердің ауасына қосымша оттегін жіберу. Бұлардың бәрі спортшылардың көңіл күйлерін көтеріп, бойын сергітеді.