Таңертеңгілік мектеп тағамы. Таңертеңгі ыстық тамақ оқушылардың ой және дене жағынан қалыпты дамулары үшін қажет.
Каллориялылығы жағынан таңертеңгілік мектеп тамағы тәуліктік тамақтың 10-15 % болуға тиіс. Сөйтіп төменгі сыныптағы балалар үшін таңертеңгі тамақ 250-350 каллория, ал жоғарғы сынып оқушылыры үшін 300-450 каллория болуға тиіс .
Ішек қарын жұмыстары бұзылып, зат алмасуына нұқсан келген оқушылар дәрігерлердің көрсетуімен арнайы диеталық тамақтар ішуі қажет. Мектеп оқушыларына арнайы және күшейтілген тамақ беруәрдайым дәрігерлік бақылауға алынып отыру қажет.
Күні ұзартылған топтағы балаларды тамақтандырудың ерекшеліктері.
Балалар мектепте тәулік бойы болмайды, сондықтан тамақтыңкүндік рационын түгел алмайды, екі немесе үш рет қана тамақтанады. Күні ұзартылған топтағы тамақ алуан түрлі, құнарлы және каллориялы, сапалы болуға, белгілі сағатта ішуге тиіс .
Тамақтандыруды ұйымдастырудың қиындығы мынада: кейбір мектептерде, әсіресе бұрын салынған мектептерде, асхана жоқ .
Асхана жарық, кең, таза болуы керек. Ас тарату орнын салқын тағамдарды әзірлеу және сақтауға арналған тоңазытқыш сөремен және тамақ жылытуға қажетті электр плитасы және жлытқыштармен, шай, кофе т/б әзірлейтін қайнатқышпен жабдықтаған дұрыс.
Күні ұзартылған топтардағы балалардың денсаулығы тұрғысынан алғанда арасына 3-4 сағат салып, тамақты үш рет беру дұрыс болады.
Тамақтану улану және оның алдын – алу жолдары. Тамақтық азық –түлікті дұрыс сақтап, өңдемеген жағдайда оларға ауру тудыратын микробтар түсіп немесе зиянды заттар араласып кетуі мүмкін. Тіпті кей жағдайда бүлінгендік белгісі байқалмайтынтамақтан улануға алып келеді.
Тамақтан улану пайда болуы жағынан бактериялы немесе бактериялы емес (химиялық ) улану болып екі үлкен топқа бөлінеді.
Уланудың алғашқы белгілері едәуір тез, тамақ ішкеннен кейін бірнеше сағат өтісімен білінеді. Улануа тән негізгі белгілер мыналар: жалпы әлсіздік, бастың ауыруы, бас айналу, іштің ауыруы, жүрек айну, кейде құсу.
Бактериялы жолмен пайда болған тамақтық уланулар .
- Шартты патогенді ( ауру тудыратын ) бактериялардан негізінен ішек таяқшасынан болған аурулар. Азықтың бұл бактериялармен бүлінуі тамақ әзірлейтін бөлмені ұстаудың санитарлық гигиеналық ережелерін жеке бас гигиенасын, өңдеу және сақтаудың ережелерін орындамағындықтан болатын жағдай.
- Ботулизмді ерекше микроорганизм – ботулизм таяқшасы туғызады. Ботулизмнің қоздырғышы топырақта, жануарлар мен балықтардың ішектерінде кездеседі. Санитарлық ережені сақтамаған жағдайда ботулизмнің микробтары азыққа түсуі, содан барып уландыруы мүмкін. Тамаққа бүлінген балық консервілерін, сондай –ақ балықтарды, пайдаланудан ауру жиі болады.
Ботулизм микробы негізінен орталық нерв жүйесіне әсер ететін өте күшті у бөліп шығарады. Басқа уланулардан ботулизм осы жағдайлармен ерекшеленеді. Ботулизмнің негізгі белгілері: тыныс алу бұлшықеттерінің тыныстың тарылуы, ауыздың құрғауы, дауыстың шықпай қалуы, кейде жүрек айнуы байқалады. Ботулизмге ұшыраған адамға тез көмек көрсету керек әйтпесе аурудан өліп кетуі мүмкін.
Бактериялық емес жолмен болған тамақтық уланулар .
- Ауыр металдардың тұзымен улану. Қорғасын мен қалайы тұзынан улану жиі кездеседі. Организмге ең аз мөлшерде келіп түскеннің өзінде, онда қоғалып жиналу қабілеті болатындықтан, қорғасынмен улану ұзаққа созылады. Улану белгілері әдетте көмескі болады да , көп уақыттан кейін ғана барып білінеді. Бұл жағдайда жалпы сырқат күй жалпы әлсіздік, жүректің айнуы, ішек ауруы байқалады. Қатты уланған жағдайда тістің еттері қорғазынданып, іш қаттырақ ауырады.
- Басқаларға қарағанда қалайымен улану жиірек кездеседі. Ол қалайыланған ыдыстарда қышқыл тағамдар мен ішімдіктерді мәселенген квас, компот т/б сақтаған жағдайда пайда болады. Негізгі белгілері: қысқа уақыттық құсу, бастың аздап айналуы және әлі қашушылық.
- Улы химикаттармен улану тамақ әзірлейтін бөлмелер мен ауылшаруашылық азықтарын дәрілеу кезінде болады.
- Саңырауқұлақтан улану біршама жиі кездеседі. Қатты улану жеуге жарамайтын саңырауқұлақтарды тамақ ретінде пайдаланудан пайда болады.
- Улы өсімдіктер мен улы жидектерден улану бәрінен гөрі төменгі сынып оқушыларында жаз немесе күз мезгілінде жиі кездеседі.
Тамақ әзірлеу бөлмелерінде санитарлық – гигиеналық режим қатаң және ұдайы сақталғанда, санитарлық – ағартушылық жұмыс дұрыс жолға қойылғанда, улануды болдырмауға болады.