Жас организмнің негізгі ерекшелігі – оның үздіксіз жан- жақты дамып отыруы, ол даму организм пайда болғаннан бастап, 22-25 жасқа дейін созылады.
Организмнің дамуы – күрделі процесс, онда өзара байланыста болып отыратын үш фактор әрекет етеді: а) бойдың өсуі, яғни дененің өлшемдері мен салмағының артуы: б)жеке даму–ұлпалар мен органдарының жеке дамуы және в) форма пайда болуы. Бойдың өсуі бірқалыпты болмайды, әрі бойдың жай өсуі кезінде ұлпалардың бөлінуі мен форманың пайда болуы тездейді.
Сезім мүшелерінің гигиенасы. Сезім органдарының көмегімен адам өзін қоршап тұрған ортада болып жатқан құбылыстарды қабылдайды. Адамды тәрбиелеу және оқыту процесі оның тұрған күнінен бастап сезім мүшелерінің тікелей қатысуымен жүзеге асады. Сезім мүшелерінің бірінің зақамдануымен немесе оның қалыпты қызметінің өзгеруінен өмірді біртұтас , жан – жақты қабылдау бұзылады.
Сыртқы дүниені қабылдаудың бұзылуы қайсібір сезім мүшесінің, мысалы есту органдарының, зақымдануының немесе оның қалыпты қызметі бұзылуының нәтижесінде ғана емес, сонымен қатар үлкен ми сыңарлары қабығының сәйкес орталықтары немесе есту нервтерінің зақымдануынан да пайда болады. Мысалы, адамның есту органдары дыбыс пен сөзді қабылдайтындай бүтін немесе зақымдануы салдарынан нашар есітеді деп, саңырау деп, ал сөйлей білмейтін болса мылқау деп атайды.
Мектеп жасындағы балалардың дәм сезу органдары жақсы жетілген болады.Бірақ балалар мен жасөспірімдерінің кейде дәм сезгіштігі түрлі себептерге байланысты , мысалы ауыз қуысының ауруға ұшырауынан , тағамның бүліне бастауынан , мешел ( рахит ) ауруынан т/б нашарлауы мүмкін .
Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың иіс сезімі әдетте ересек жастардағыларға қарағанда күштірек.
Иіс сезімі адам тұмауратып қалғанда күрт нашарлап кетуі мүмкін.
Тері түйсігі балаларда жақсы дамыған. Сипау түйсігі балалардың айналадағы заттармен жақсы танысуына көмектеседі. Ол өмірде істес болатын заттармен жақсы танысуға көмектеседі.Қысым сезімі шыбықтардан түрлі заттарды тоқып, балшықтан, пластизлиннен заттар жасап жаттыққанда дами түседі.
Көру органдары айрықша көңіл бөлуді талап етеді, өйткені дүниені көру арқылы қабылдай тек солардың көмегімен ғана болады.
Балалардың көздері құрылысы жағынан ересек адамдардың көзінен өзгеше болады. Олардың көз шарасы мен көз алмасы ересектердікіне қарағанда саластырмалы түрде үлкен келеді. Көз алмасының алдыңғы артқы осі қысқарақ болады да, ол балалардың алыстан көргіштігін арттырады. Балалар көзінің ақ қабығы жұқарақ, мүйіз қабығы қалыңдау болып, көз бұршағының формасы үлкен адамдардікіне қарағанда дөңестеу, әрі серпімді келеді, бұл оның ( көз бұршағының ) формасын тез өзгеріп тұруын қамтамасыз етеді.
Балалардың алыстан көргіштігінің жақыннан көргіштікке айналып кетуі оп–оңай; өйткені ересек адамдардікімен салыстырғанды, балалардың көзі көз ішіндегі қысымға қатысты алғанда көнгіш келеді, әрі осін оңай ұзарта алады. Жақыннан көргіштіктің дамуына көздің ұзаққа созылған аккомадациясы, сондай-ақ басты бір шама төмен игенде болатын көз ішінің қысымын арттырып отыратын үнемі көзге қан толу көмектеседі.
Көру гигиенасы мектептегі және үйдегі оқумен , жазумен , сурет салумен және жақын жерден қадала қарап жұмыс істеуді қажет ететін басқа да жаттығулармен байланысты сабақтар кезінде табиғи және жасанды жарықтың жеткілікті, әрі дұрыс болуын қарастырады.
Балалар мен жа сөспірімдердің көзге көп күш түсетін жұмыстарға байланысты уақыт нормасын бегілеудің гигиеналық маңызы бар. Жазу және оқу кезенде көздің қағазға ұзақ уақыт қадалуынан кірпік еттері талып, көбіне көз ішіндегі қысымды күшейте түсуіне әкеп соғады. Осыған байланысты оқу жұмысын көзге күш түсетіндей жаттығулар (оқу, жазу т/б) бүкіл сабақ бойы жүргізілмей, сабақтың басқа түрімен кезектесіп отыратындай етіп құру қажет.
Есту органының көмегімен алуан түрлі дыбыстар қабылданады. Ауаның дыбыстық тербелістерін дабыл жарғағы қабылдап, осының нәтижесінде ол (дыбыстық тербеліс) тербелмелі қозғалысқа келтіреді. Осымен бір мезгілде құлақтың есіту сүйекшелері де тербеледі. Одан дыбыс тербелістері ішкі құлақтың сұйық затына беріледі де, осының салдарынан есіту нервісі талшықтарының ұштарымен байланысып жатқан ерекше клеткалардан тұратан корти органын қоздырады. Қозу есту нервісі арқылы миға беріледі .
Мектеп жасындағы балалардың есту органының ересек адамдардың есіту органынан ешқандай айырмашылығы болмайды.
Есіту органы ггигиенасы оған күтіммен қарау және оны ауруға шалдықтыруы немесе естуді нашарлатуы мүмкін, барлық факторларды мүмкіндігінше болдырмау жағын қарастырайық .
Құлақты таза ұстау-гигиенаныңнегізгі ережелерінің бірі. Бұл ережені сақтамаған жағдайда сыртқы есіту жолында, құлақты дүршіктіріп, қышытып тұратын «құлық » пайда болады. Осы жағымсыз түйсікті жоямын деп балалар мен жас өспірімдер құлақтың сыртқы дыбыс жолының қабырғасын және дабыл жарғағын зақымдауға немесе құлақтың ішіне инфекция ендіруі мүмкін . Құлақтың іші қышыған кезде, сыртқы дыбыс жолын абайлап жуып, онан кейін оны сүлгінің немесе бет орамалдың бұрышымен тазарту керек.
Балалар мен жас өспірімдердің құлақтарына олар скарлатина, қызылша, гриппен т/б ауырғанда және одан кейін ерекше назар аудару керек, әйтпесе ортаңғы құлақ асқынып, қабынуы мүмкін. Құлақты ұқыпты күту оны бұл аурулардан кейін болатын қиын жағдайлардан (есітуінің нашарлауы, құлақ мүкістігі және тас керең болып қалуы) сақтайды.
Балалардың есіту органдары үшін тым қатты дыбыс та зиянды, себебі ол есіту органы мен нерв системасы зақымдауы мүмкін. Сондықтан балаларды әр түрлі қатты шудан сақтау керек.