Табиғаттың аса маңызды байлығының бірі- жануарлар дүниесі. Ол өнеркәсіптік, техникалық, дәрі – дәрмектік шикізат, тағамдық өнімдері және адам қажетін қанағаттандыратын басқа да материалдық байлықтар алу үшін пайдаланылатын табиғи ресурс болып табылады. Жануарлар дүниесінің ғылыми, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттар үшін маңызы зор.
Қазақстан жерінде құнды тері, дәмді ет, дәрі – дәрмектік шикізат беретін жабайы аңдар мен құстардың алуан түрлері тіршілік етеді. Мұнда біздің елімізде кездесетін 1244 түрлі омыртқалы жануарлардың (балықтардан басқа) жартысына жуығы тараған.Бұларға сүт қоректілердің 158 түрі, құстардың 485 түрі, бауырмен жорғалаушылардың 52 түрі және қос мекенділердің 12 түрі жатады.Жер бетінде тараған омыртқалы жануарлардың арасында халық шаруашылығына аса маңыздыларының біріне терісі бағалы аңдар мен кәсіптік тұрғыдан ауланатын жабайы тұяқты жануарлар жатады.
Қазіргі кезде Қазақстан бойвнша жыл сайын 700 – 800 мың сомның бағалы жабайы аң терісі дайындалады. Өлкемізде таралған барлық сүтқоректілердің ішінде 50 – ге жуық түрі әр түрлі маусымда терісі үшін ауланатын аңдардың қатарына жатады.Негізгі ауланатын хайкандарға ондатр, ақтиын, суыр, зорман, кәдімгі саршұнақ , қызыл түлкі, қарсақ, қасқыр, қоян (3 түрі). Күзен (2-3 түрі) сияқты аңдар жатады.Сирек кездесетін, бірақ терісі аса бағалы бұлғын, құндыз, сілеусін, қара және сары күзен сияқты аңдарда бар.Сонымен қатар ауыл шаруашылығына зиянды су тышқаны, бұзаубас, ұшар, аламан сеікілді ұсақ кеміргіштер де ауланады.
Сусарлар. Дүние жүзіне сусар тұқымдасының өкілдері ең құнды терісі арқылы белгілі. Сусар тұқымдасына жататын аңдардың 19 түрі кездесетін болса, соның 15 түрі Қазақстанда тараған. Бұлардың ішінде бағалы терісі үщін ауланытандарына бұлғын, дала күзені, орман күзені, су күзені, сары күзені, сарғыш күзені, ақкіс, аққалақ, құндыз, борсық және құну жатады.Ал қалған түрлері – орман сусары, тас сусары, шұбар күзені, және орта азия құндызы өте сирек кездесетін болғандықтан Қазақстанның Қызыл кітабында жазылған.Бұл аңдарды қорғауға алуға байланысты, оларды аулауға толық тиым салынған.
Бұлғын – денесінің ұзындығы 43-53 см, салмағы 1-2 кг келетін терісі өте бағалы аң. Жүні ұзын, сәнді әрі жылтыр келеді. Аяқтарының және бауырының жүндері сәл тақырлау, ал құйрық жүндері ұзын, қалың болады. Табандары жүнді келеді. Ол жұмсақ қар үстінде оның жүгіруіне қолайлы. Қыста бұлғынның жүні әдемі, үлпілдек, жібектей жұмсақ, қылышықтары жылтылдап тұрады. Жүнінің түсі ашық қоңыр, сарғыштау келеді. Кейде қара қоңыры да кездеседі. Қылшық жүнінің астындағы түбірі ашық күлгін түсті болады. Тырнақтары қысқа және өткір.Осы тырнақтарымен ін де қазады, ағашқа да өрмелеп шығады. Бұлғын – икемді, өте шапшаң қозғалатын аң.
Ол Манғолияның солтүстігінде, Қытайда Жапонияда, Кореяда тараған. Совет одағында бұл аң негізінен Оралда, Батыс және Шығыс Сібірде , Қиыр Шығыста, Алтай өлкесінде кездесетін. Мұндағы бұлғынның мекендейтін жерлерінде 1974 – 1977 жылдары оның саны 665 – 690 мыңдай болған. Бұлғын көбінесе жер бетінде тіршілік етеді. Бұл аң Алтай тауларындағы майқарағай қылқан жапырақты орман аралас, шыршалармен балқарағайлар немесе бұталар аралас өсетін шыршалар аралас ормандарды мекендейді. Ағашқа шапшаң өрмелеп шығады, соның қуыстарына тығылып жатады, қалың бұталардың арасында да қоныстанады. Ол орман ішінде кездесетін үлкен жақпар тастардың қуыстарында да мекендейді. Кейбір жағдайларда бұлғын қорегі мол жерлерді іздеп , сол маңдағы бұталардың жартастардың, кәрі ағаштардың қуысын паналайды. Ал қайсыбірі жағдайларында жабайы жемістері бар ағаштардың арасын мекендеп, сонымен қоректеніп жүреді.
Бұлғынның тіршілік еткен жеріне қарай қорек түрлері де алуан болып келеді. Ол көбіне орман тышқанын , шақылдақты, боршаны , ақтиынды, қоянды және басқа да кеміргіштерді ұстап қоректенеді. Бұлғын жаңғақты өзі жұлып жемейді, ол көбіне боршанның, ақтиынның және ұсақ кеміргіштердің жинап қойған қорларын тауып алады да, оларды бітеулей жұтады. Бұлғын қоректерін көбіне іңір қараңғылығында бастап аулайды. Дегенмен де кейде ол азығын күндіз де іздейді. Бірақ негізгі азығы – ұсақ кеміргіштер көбіне іңірде және түнде жүретіндіктен, Бұлғын да сол мезгілде шығады.
Бұлғын бір күнде 150-170 грамм қорек жейді. Егер жемтігі тым үлкен болса, жегеннен қалғанын қардың не бұтаның астына тығып тастайды. Ал ұсақ кеміргіштнрді көп ұстаса, оларды қатарлап жинап қояды. Бұлғын ұстаған жемтігін алдымен миын, бауырын және бүйрегін, кейін қалған жерін жейді. Сондай-ақ бұл аң кішкентай торғайларды, олардың жұмыртқаларын, кездессе аққкіс және аққалақ сияқты ұсақ жыртқыш аңдарды да жейді. Бұлғын қорек іздеп күніне 15-20 километржер жүреді екен.
Көбеюі — бұлғын жылына бір рет қана балалайды. Февраль айының аяғында бұлғын күйлей бастайды. Осы кезде олар қарға аунап, еркектері бір- бірімен таласып, ұрғашыларының соңынан шұбырып жүреді. Бірақ бұл уақытта бұлардың шағылысқандары байқалмайды. Бұл процес ұзаққа созылып, “нағыз” июнь –июль айларында б асталады. Бұлғын төрт айға жуық буаз болып жүреді де март айының аяғында немесе апрель айының басында туады. Ол бірден онға деиін, көбіне 3 – 4, ал сирек 5 күшік табады. Жаңа туғанда. Жаңа туғандағы түсі ашық болады, біраз уақыт өткеннен кейін жүндері өсіп, өзгеріп шымқай қоңыр түске айналады. Ұрғашы бұлғындар күшіктерін қатты қлрғайды. Егер қауіп туа қалса, оларды басқа жаққа алы п кетеді. Күшіктеріне ұяны жұмсақ кең етіп жасайды. Ұя сына түрлі жұмсақ шөп, құстардың қауырсындарын, мүк төсеп тастайды. Олар тез өседі. Егер жаңа туған күшігінің салмағы 30- грамдай болса, төрт айдан кейін оның тұрқы үлкен бұлғынға тең келеді. Жас бұлғынның жыныс мүшесі 2-ші жылда жетіледі. Бұлғынның 20 жылдай тіршілік етеді. Жылына 2 рет, яғни көктемде және күзде түлейді.
Бұлғын кәсіптік тұрғыдан ауланатын терісі аса бағалы аң. Аңшылар бұлғынды негізінен 2- түрлі әдіспен ұстайды.Бірі – тәжірибелі аңшылар қыста лайка тәрізді иттен аң ізіне түссе, 2-сі әр түрлі жемді пайдалану арқылы жыртқыштың жүретін жолына , ұясының аузына қақпан құру.
Құндыз – кәсіптік тұрғыдан ауланатын терісі өте құнды аң. Дене тұрқы 65-70, құйрығы 41-44 см, салмағы 5-8 кг. Құндыздың арқасы мен құйрығының түсі жылтыраған қара қоңыр. Бауыры ақшыл, төсі қоңырқай келеді. Қазақстанның орманды — таулы аймақтарында ққұндыздың екі түр тармағы: кәдімгі құндыз және орта азия құндызы кездеседі.Бұл құндыздардың тек бірінші түрін ғана аулауға рұқсат етіледі.. Ал екінші түрі қазіргі кезде біздің өлкеде өте сирек кездесетін болғандықтан , Қазақстанның Қызыл кітабында жазылған. Сондықтанда орта азия құндызын аулауға болмайды. Құндыздың бұл түрін Ауғанстанда, Шығыс Иранда, Тәжікстанда, Қырғыстанда және Қазақстанның оңтүстігі мен Оңтүстік шығысында таралған. Туған өлкемізде орта азия құндызы Іле өзеніне ққұятын Шелек, Усек, Құндызы сияқты таулы өзендердің сағаларында таралған.Құндыз көбіне балықпен қоректенеді. Оның азығыны ңқұрамында шабақтар мен жыртқыш балықтар басым келеді.Балықтан басқа суда жүзетін құстарды, сүт қоректілерден – қоян, су тышқаны мен ұсақ кеміргіштерді ұстап жейді. Құндыз сондай батыл , күшті жыртқыш.
Ақкіс – сусар тұқымдасына жататын аң. Ұзындығы құйрығымен қосқанда 25-35 см, салмағы 180-250 гр болады. Қыста бүкіл денесі қар түсіндей ақ, құйрығының ұшы ғана қара. Жазда ол 2 түсті:арқа жағы қрңыр қызғылт, ал бауыры сарғыштау ақшыл. Бұл өте шапшаң және батыл жыртқыш. Тамаша жүзеді, ағашқа жақсы өрмелейді. ЮАқкіс Европада, Азияның оңтүстігінде және солтүстік Америкада кездеседі. СССР- де кең тараған. Қазақстанның шөлді аймақтан басқа барлық жерлерінде кездеседі. Ақкіс республикамыздың солтүстік бөлігінде және оңтүстік шығыстағы таулы өңірде өте көп таралған. Бұл аймақтарда 10 шаршы км 15020 ақкіс кездеседі.Солтүстік облыстардың территориясында ақкіс өзендер мен көлдердің жағасындағы қамыс, тал араларында сай- сала, жыраларында, қайың, көк терек өскен ормандарда мекендейді. Далалық аймақтарда ол өзен бойын , бұталы ағаш арасын қоныстанады. Тауда жабайы алма, өрік өскен бөктерде, тас- құздар қуысында және аршалы бұталар арасында тіршілі етеді.Тауда 4000 мерт биіктікке де,йін көтеріледі. Ақкістің негізгі азықтары – тоқалтістер иен су тышқандары сияқты ұсақ кеміргіштер және кішкентай құқстар. Сонымен блірге ол бақа, кесіртке, балық және насекомдармен азықтанады. Күзбен қыста оның қорегінң құрамында жеміс- жидектерде кездеседі. Әсіресе ақкістер сияқты жыртқыштар көптеген зиянды кеміргіштермен, құрт – құмырсқалармен қоректену арқылы ауыл және орман шаруашылықтарына үлкен пайда келтіреді. Тек ақкістің 1 өзі жылына 3000 жуық зиянды кеміргіштерді жоя алады. Оның қоймасынан 1 жылдың өзінде 450 кеміргіш табылған. Осы ұсақ кеміргіштердің саны аз болған жылдары ақкістердің де саны азаяды.
Ақкіс ін қазбайды.Көбінесе су тышқандары мен басқа кеміргіштердің індерін кеңейтіп, сонда тұрады.Ұясына төсеніш ретінде құрғақ щшөптерді пайдаланады. Жұптасып тіршілік етеді. Ақкіс аңшылыққа күн бата шығып, тамақ іздеп түні бойы жортады. Ақкістің аз не көп болуы оның қорегінің мөлшеріне байланысты. Ақкіс терісі бағалы аң. Қазір советодағы бойынша жылына орта есеппен 104 мың ақкістің елтірісі дайындалады.Бұл аңның терісі – шетелдерге шығарылатын товардың бірі.
Дала күзені — кәсіптік жолмен бағалы терісі үшін ауланатын аң. Ол күзеңдердің ішіндегі ірісі . дене тұрқы 29-52, құйрығы 7-18 сантиметрдей, ал салмағы 2 килограмға дейін болады. Арқасы ақшыл сары, қылшығының ұшы қара болып келеді. Бауыры ақшыл, ал құйрығы ала болады. Бұл аң республикамыздың барлық обьлыстарында да бар, бірақ саны бірдей емес. Ол негізінде Орал, Ақтөбе, Торғай, Жезқазған, Қостанай, Целиноград, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан облыстарының шөлейт және далалық аймақтарында жиі кездеседі. Дала күзенннің немесе сасық күзеннің негізгі қорегі көбінесе саршұнақтар. Бұл күзен әртүрлі жерлерде мекендейді. Көбіне жазық далаларда, құмсыз шөл және шөлейт аймақтарында, таудың етегінде, өзен көлдердің жағаларында жүреді. Дала күзені де басқа күзендер секілді түнде тіршілік ететеін жыртқыш. Ол көбіне інінен түнде шығады. Оны тек жаз айларында балаларын тамақтандыратын уақытта ғ ана күндіз көруге болады. Бұл аң іні сирек кездеседі. Олар сарышұнақтардың , әсіресе зорманның және әр түрлі тышқандардың (атжалмен, қосаяқ, құмтышқан, суыр, т.б.) індерін пайдаланады. Дала күзені жылына бір рет балалайды. Ол март айының басында ұйығады,содан апрель айында балалайды. Бір туғанда 8-12, ал кейде 19-ға дейін табады. Балаларының туған кездегі салмағы 5-6 граммдай болады. Олар бір айдан кейін ғана көзін ашады.Туғаннан кейін 4-5 күннен соң-ақ аңның етімен қоректенеді және бір жарым ай шамасында сүт емеді. Екі айға толған кезде үлкендерімен бірге іннен шығып, қорек іздейді.Содан көп ұзамай-ақ жас күзендер өз бетімен тіршілік ете бастайды.Сасық күзен көктемде және күзде түлейді.Бұл күзен 12-13 Жылдай тіршілік етеді.Бұл күзен бір күннің ішінде бір сары тышқанды немесе жиырмадан астам ұсақ кеміргіштерді жейді. Жылына әр күзен кемінде 250-300 саршұнақ және ол тек бір қыста 1500-ге жуық ытшқан тәрізді ұсақ кеміршгішті азық етеді.Сондықтан да егіншілік күшті дамыған аудандарда күзенді аулауды тежеп отыру-дәнді дақылдардың зиянкес кеміргіштермен күресудің бір жолы болып саналады.