Тарғақ – орташа пішінді дала балшықшысы. Салмағы 230гр. Осы әдемі, сымбатты құстың негізгі ұялары қазақ далаларында орналасқан. Қыста жылы жаққа ұшып кетеді.(қыркүйектен наурызға дейін) Жерде, шұңқырта орналасқан, ұясында, сәуірде төрт шұбар жұмыртқаларын салады. Аталығы мен аналығы кезектесіп басып, 3-аптадан кейін мамықты балапандары шығады да, ұяларын бірден тастап кете береді.Балапандары ересектері сияқты жәндіктер мен шекіртке, қоңыз және ауылшаруашылық зиянкестері мен қоректенеді.Балапандары бір айдан кейін ұшады. Қазақстанның далалы мен шөлдерінде кездесетін бұл құстар түрі жойылып кеткен. Қызыл кітапқа енген.
Аққанат бозторғай- Дала құсы ылғалды жерлерді ұнатады. Негізгі таралу аймағы Қазақстан далалары. Республикамыздың Солтүстігіндегі ақселеулі және жусанды далаларда мекндейді, басқа жерден көктемгі және күзгі ұшып өту кездерінде кездестіруге болады. Бұл құстың біразы Маңғыстау түбегі мен Солтүстік Каспийде қыстайды, көбі қазан наурызға дейін Қазақстаннан тыс жерге ұшып кетеді.Дала бозторғай туысының ішіндегі пішіні орташа өкілі басқалар сияқты денесі шымыр емес. Салмағы 38-50 гр. Қанаттының шетіндегі жалпақ ақ жиегі және сары түсті қауырсынымен ерекшленеді. ұшқанда бұл жиектеррі көрінбейді қанаттары үшкір және үшкір әрі жіңішке сияқты болып көрінеді . Жерде де ауадада әндетеді . Әні күрделі , әрі әдемі. Ойнақ салып ұшуы –жоғарғы және төменгі нүктелеріне жанасқанға деиін қанаттарын қалықтатып терең қағады. Жазда екі рет балапан басып шығарады. Балапандарын жәндіктермен , негізінен шегірткелермен асырайды.
Қара бозторғай — Қазақстан мақтанышы. Оны Қазақстан даласының эндемигі деп есептеуге болады. Бұл құс Қазақстан жерінен тыс , екі ұлы орыс өзендері-Еділ мен Ертістің оң жағалауында ғана мекендейді. Қара босторғай қыста Қазақстанда бір жерге тұрақтамайды, оңтүстікке ғана емес , солтүстікке де қоныс аудара береді. Қара бозторғай аталықтары алабажақ Сұр туыстарынан айырмашылығы- жазда және көктемде қауырсыны түгел қара түсті және тұмсығы ақшыл болады. Күзгі түлеуден кейін(шілде тамыз) , олар қыстық жабынын киеді . Арқасы сұр түсті және бауыр жағы қара ақшыл теңбілді қанаты мен құйрығы қара түсті бірақ әрбір қауырсыны ақшыл сарғыш жиекпен көмкерілген . Жылдың бар мезгілінде аналығының қауырсыны әдеттегі бозторғай реңі – сұр қоңырқай түс Жас бозторғайлар сияқты ашық түрлі түсті . Денесі ірі (салмағы 50-75 г) Қуаң даланың жусанды жерлерін ұнататын . Барлық бозторғайлар әдеті: жерде тез жүгіреді , қатты , шапшаң ұшады, ауада ұзақ уақыт әндетеді. Шаңға шомылғанды ұнатады Жемін іздеу жолында қатты тұмсығымен жерді, ал қыста қарды қопсытады. Жазда үнемі суатқа ұшады Қара босторғайлар жылдың көп уақытында өсімдіктермен қоректенеді. Бірақ көктемде жәндіктерді жейді, балапандарын да жәндіктермен қоректендіреді. Жазда жұптасып, қалған уақытта топтасып өмір сүреді Ұясы жердегі шұңқыр . Күй – ойнақ кезінде аталығы көз тартарлықтай кейіпті алады: кішкентай меңіреу құр сияқты қанатын жайып , құйрығын желпуіш тәрізді бұрып , басын жоғары көтереді , Одан кейін әндете және қанатарын қаға қанаттарын қағып ұшады. Ұясындағы 3-4 шұбар жұмыртқаларын аналығы басып шығарады , бірақ балапандарын аталығы екеуі қоректендіреді. Жазда екі рет көбейеді.
Дала бозторғайы — Қазақстандағы 13 бозторғайдың ішіндегі ең ірісі (салмағы-55-65г) Далалы аймақтың барлық жерінде таралған .Қазақстаннан тыс жерде қыстайды, наурызда ұшып келіп , қазанда ұшып кетеді. Дала бозторғайы туысының әдеттегі өкіліне тән белгілер : шымыр денелі, аяғы ұзын, арқасы алабажақ сұр. Денесінің төменгі жағы ақ түсті. Көкірегінде қос қара дағы бар Осыған ұқсас қара алқалы бозторғайдан айырмашылығы: қанатының артқы жағындағы қауырсындары жалпақ ақ жолақпен көмкерілген және құйрығындағы шетеі қауырсындары түгелдей ақ түсті . Ұшқан кезде екеуі де жақсы көрінеді. Ұшқанда ұзақ әндетеді және көп ұшады. Бозторғайдың әні ішіндегі — ең жақсы , сыңғырлаған қатты әуен . Құс әнін бағалаушылардың көбі бұлбұл әнінен гөрі бозторғай әнін ұнатады. Барлық бозторғайлар сияқты жұптасып, ұя салады . Жердегі құрғақ шөп төселген шұңқыр ұясындағы 4-5 шұбар жұмыртқаларын аналығы басып шығарады, кейде аталығы кезектесуі мүмкін. 17 күнде жұмыртқаны жарып , балапандары шығады. Олар ұясын 10 күннен кейін тастайды, бірақ тағы бір апта ата- анасы асырайды. Жазда екі рет балапан басып шығарады. Жаз соңында , ұшар алдында , үлкен топ құрайды.
Дуадақ — өте ірі құстардың бірі , ересек аталық дуадақтың салмағы 16 кг жетеді . Күшті ұзын аяқтарында кескінді кеудесі , ұзын жуан мойнында кішілеу басы орналасқан және тұмсығының шетінде мұрты – қатты қауырсындары орналасқан болады. Қазіргі кезде тарнатәрізділер отряды, дуадақтар тұқымдасында небары 22 түрі ғана бар, оның үшеуі Қазақстанда тіршілік етеді. (дуадақ, безгелдек, жекдуадақ). Дуадақ –сақ құс. Егістік алқаптарын мекндейді, ұясы жерде болады. Ұясына 2-3 жұмыртқа салады. Жұмыртқаларын аналығы басып шығарады., ал аталығы оларды қорғап , маңында жүреді. Дуадақтар өсімдік тұқымдары , тамырсабақ жәндіктер , құрттар тіпті ұсақ омыртқалы жануарлармен – бақа кесіртке тышқан және ұсақ құстардың балапандарымен қоректенеді. Қазақстандағы тың жерді жырту және шектен тыс аулаудың салдарынан , 20- ғасырдың 70- ші жылдарнда елімізде дуадақ жоқ болып кетті. Дуадақ Қазақстанның Қызыл кітабына жойылап кетуі ықтимал деп енгізіліп отыр , аулауға толық тыйым салынған. Қазақстанда соңғы
5 жылда дуадақтың саны жайлап өсуде.
Үлкен шалшықты – ақ селеулі Қазақстан даласының әшекейі. Біздің даламыздағы ең үлкен шалшықты . Ұзын аяқтары , жіңішке ұзын доға тәрізді төменгі иілген тұмсығы бар.Жоны ашық сұр түсті , тек құйрық үсті ақ түсті. Жерде жүретін құс , бұталарға отыра алады. Төтенше жағдайда, мысалы жаралы болғанда ғана жүзеді. Үлкен жалпақ қанаттарымен бойлай және баяу қағып , жақсы әрі ұзақ ұшады. Дауысы әдемі, әуенді жәй дірілдеген ысқырық . Мұндай дыбысты ертелі кеш ойнақ салып ұшқанда шығарады. Күндіз белсенді , көктемгі және еүзгі қоныс аудару кезінде , түнде де ұшады. Жәндіктермен және басқа да ұсақ жануарлармен қоректенеді , кейде дәнмен де қоректенеді. Жұптасып тіршілік етедіҚұрғақ шөп төселген шұңқыр ұясына аналығы 4 сарғыш жасыл теңбілді жұмыртқаларын салады. Аталығы мен аналығы кезектесіп басып шығарады. Балапандарын бірге ілестіріп жүріп бірге қорғайды. Аңшылар үшін үлкен шалшықты патша қыр құсы болып есептеледі.
Безгелдек – Дуадақтар тұқымдасының ішіндегі ең ұсақ өкілі(салмағы 600-900 г) . Түрлі түске боялған дуадақтың ұшуы таңқаларлықтай : екпінді жылдам әуелеп ұшудан кейін , қанаттарын жылдам қағып , түзу сызықпен қалықтайды , қанаттары осы кезе сылдырлаған дыбыс шығарады. Безгелдек тек тың жерге қоныстанады, соңғы жылдары анда-санда егіс даласынан кездестіруге болады. Жұптасып тіршілік етеді, өте сақ құс. Мамырда аналығы 3-5 –тен , 7-11-ге дейін жасыл түсті жұмыртқаларын салады,да бір ай шамасында басып шығарады. Балапандары тамызда ұша бастайды. Балапандары жәндіктермен, ересектері мән және өсімдіктің жас бұтақтарымен қаректенеді Қазақстанда тың жерді игеруге байланысты безгелдек те дуадақ сияқты 50-60 шы жылдары жоғала бастады. Сондықтан 1978 ж Қазақстанның қызыл кітабына енгізілді. Соңғы 5 жылда саны біртіндеп қайтадан қалпына келтіріліп жатыр.
Ақбас тырна –осы тұқымдастың ең кіші өкілі (салмағы 2-2,5 кг) өкілі Көптеген басқа түрлерден айырмашылығы сазды жерлерде мекендейді. Тырна дуадақ пен безгелдекке қарағанда , қазақ даласының белгісі болып есептелінеді . Қазақстандағы тың жерді игеру нәтижесінде , ақбас тырнаның саны азайып кетті. Сондықтан Қазақстанның қызыл кітабіна енгізілді. Бірақ соңғы 20 жыл ішінде саны өсіп , қалпына келуде. Олар астықты егін далалары мен тозып кеткен мал жайылымдарында ұялайды . Бұл тырна әлі Қазақстанның қызыл кітабында.Бірақ қайта қалпына келтірілген түр ретінде 1991 ші жылдан Оның жасыл түсті беттеріне шығарылған. Қазақстанда тырна наурыздан қыркүйекке дейін кездеседі, қалған уақытта Индия, Пакистан, Иранда болады.
Жекелеген жұп болып , бір-бірінен қашықтықта орналасады. Ұясы ашық жерде , кейде тастармен , өсімдік қалдықтарымен қалайды. Екі жұмыртқасын аталығы менаналығы басып шығарады. Балапандарын бірге ілестіріп жүреді , жауынан мысалы түлкіден таянбай қорғайды. Балапандарын ұшырғаннан кейін , әдетте маусымның соңында , ақбас тырналар дала көлінің маңына топталып жиналады. Ұшып кетер алдында, бұларда түлеу жүреді. Тырналардың күзгі ұшып кетуі – орасан зор көрініс. Олар топ — топ болып тырауылдап оңтүстікке қарай созылып ұшады.
Дала қарақасы – Қарақас тұқымдасындағы кішірек шалшықты.Шалшықшаларға сай емес, ерекше қысқа аяқтарына байланысты , отырған кезде жылдам жерде жатқан сияқты болып көрінеді. Бірақ ұшқанда қарлығашты еске түсіреді. Үшкір ұзын қанаттары, айыр құйрығы , қысқа жалпақ тұмсығындағы кең ауыз қуысы – осының бәрі жәндіктерді ұшып жүріп ұстауына икемделген. Қарлығаштар сияқты , қарақаста да ұзақ уақыт ауада биік қалықтап ұшады, көбіне тұтас үйір болып қалықтайды. Ұяларын жерге салады, жұптар бір-бірімен шамалы қашықтықта орналасады , 2-3 шұбар жұмыртқаларын салады, ұясын жасыру үшін ескі жылқы қиыныңи үйіндісін пайдаланады. Екеуі жұмыртқаларын кезектесіп басып шығарады, балапандарын бірге ертіп жүреді. Қазақстанда 4 ай болады (мамырдың басынан қыркүйектің ортасына дейін). Қыстау үшін Оңтүстік Африкаға ұшып кетеді. Жәндіктер мен қоректенетін пайдалы құс шегірткені өте көп жейді .Өкінішке орай соңғы жылдары дала қарақасының саны барлық жерде азайып барады. Сондықтан Халықаралық Табиғат Қорғау одағының ерекше тізіміне енгізілді.
Дала Құладыны- Далалы аймақтың өте өжет қанатты жыртқыштарының бірі “Құладындай ақ ” деп қалыптасқан сөз , осы дала құладынына қатысты айтылған . Ол — өз туыстарының ішіндегі ең ақшылы. Аналығы мен жас құстардың ересек аталықтарынан айырмашылығы – беліндегі қара бояуында ақ таңғышы болады .Ұзын құйрықты және үшкір қанатты құладындар жерге жақын тышқантәрізді кеміргіштер мен ұсақ құстарды қарап, шусыз ұшады. Дала құладыны- Қазақстанда кездесетін 5 құладының ішіндегі ең ұсағы (ұзындығы 40 см, салмағы 0,5кг).Соңғы кезде барлық жерде осы құладының саны азайып барады, сондықтан қорғауды қажет етеді. Атына қарамай, әдетте, ашық далада емес, ылғалды жерлерде- өзен алқабы немесе дала көлдерінің маңында мекендейді. Сәуірде ұшып келеді, қыстауға (Африка мен Азияның Оңтүстігіне) қыркүйек- қазанда ұшып кетеді.Аналығы жерде шөп арасында орналасқан ұясына мамырда 4-7 ақшыл жұмыртқаларын салып, өзі 30 күн ішінде басып шығарады. Аталығы осы уақытта аналығына жем тасиды, әдетте ауада өз аяғынан аналығының аяғына береді (немесе тастаған кезде аналығы тосып алады). Тәжірибесіз балапандар көбіне дала жолдарында машинаның астына түсіп өледі. Ең пайдалы ұсақ қанатты жыртқыштардың бірі.
Дала қыраны- Қазақстандағы кәдімгі қырандардың бірі. Дегенмен басқа қырандармен бірге Қызыл кітапқа енгізілген. Соңғы жылдары барлық дала аймағында осы құстың санының едәуір өскендігі байқалады. Бүркіттен шамалы кіші (қанатының құлашы 2 м, салмағы 2,5-3 кг), дала қыраны ашвқ және түрлі-түсті қауырсынданған. Бірақ бұл айырмашылықтар онша біліне бермейді, сондықтан қырандарды айыру үшін жақсы еңбек дағдысы керек . Барлық далалы және шөлейтті аймақтарды мекекндейді. Қазақстанда наурыздан қыркүйекке дейін кездеседі, суық түсе Оңтүстік Азия мен Арабияға ұшып кетеді. Дала қыранының негізгі қорегі- кіші сарышұнақ.Қырандар бір-біріне 1 км қашықтықта орналасады. Ұяларын құс шыңынан шоқысына және шоқы баурайларында, бірақ жазықтықта жерге салады. Мұндай бірнеше жыл бойы салынған ұялары қолайсыз үлкен болады, далада бірнеше км жерден көрінеді. 1-3 шұбар жұмыртқаларын салып аналығы басып шығарады, балапандарын 60 күн екеуі қоректендіреді. Ауада қалықтап жүріп қорегін қарайды. Балапандары ұядан ұшқаннан соң, бірнеше ондаған дала қырандары бір жерге жиналады. Дала қыраны дала ландшафтының әшекейі болып табылады.