Құстар жоғарғы сатыдағы омыртқалылардың ұшуға биімделген ерекше маманданған бұтағы деуге болады. Құстар генетикалық жағынан рептилилерге жақын, оның прогрессивті бұтағы.
Құстарды рептилилерден ажыратуға болатын белгілері:
а) құстардың орталық нерв системалары жақсы жетілген, сондықтан олар әр түрлі жағдайларға биімделіп, мінез – қылықтарын өзгертеді.
Б) денесінде зат алмасу процесінің жылдамдығы мен дене жылуының реттелуінің дұрыс болуына байланысты температурасының жоғары және тұрақты болуына әкеліп соққан,
в) ауа кеңістігінде ұшу қабілеті көпшілігінің қозғалу, өрмелеу қабілетін жоймаған,
г) көбею біршама жетілген жұмыртқаларын басуы және балапандарын қоректендіруі.
Қаз тәрізділер Бұл отрядқа ірі және орта үлкендікте болатын, ұзын мойынды, қысқа аяқты құстар жатады. Олардың саусақтары төртеу, оның үш саусағы денесінің алдына бағытталып, оларды тері жарғақтарымен қосылған. Әдетте олардың тұмсығын жалпақ, үстіңгі жағынан төмен қарай қысыңқы келеді. Тұмсығының сырты жұқа терімен қапталған, тұмсығының ұшында мүйізді бөлімі болады, оны «тырнақша» деп атайды. Тұмсығының үстіңгі бөлімінің ішкі жағында мүйізді пластинкалары бар. Кейбір түрлерінде (крохалдарда) жақтарының жиектерінде мүйізді тісшелері болады. Жамылғы қауырсыны тығыз, қатты, шеткі қауырсындары болады. Құйымшақ безі жақсы дамыған.
Еркектерінің шағылыс оргындары болады. Жылына бір рет жұмыртқа салады. Жұмыртқадан шыққан балапандары ширақ болады. Қаз тәрізділердің бүкіл дүние жүзінде 200 – дей түрі бар. Бізде олардың елуге тарта түрі кездеседі. Кәсіптік құстардың көпшілігі осы отрядқа жатады. Бұлардан үй құстарының көптеген түрлері шығарылған.
Кептертәрізділер отряды – Columbiformes. Майда және орташа денелі (3 кг-ға дейін), жақсы үшатын, тіршілігі орман тоғаймен байланысты қүстар. Қызылшақа балапанды және шөпқоректілер, түмсығының түбінде балсірі болуы мүмкін. Аяғында 4 саусағы бар, артқы саусақ жетілген. Жемсауы жақсы дамыған және етті қарны күшті. Тропика мен қоңыржай аймақта көп кездеседі. Үшуы шапшаң, жерде жақсы жүреді. Отряд екі отряд тармағына: бүлдырықтар мен кептерлерге бөлінеді. Кептертәрізділерге 310 түр (49 туыс) жатады. ТМД елдерінде 16 түр (5 туыс) бар, оның 14 үялайды. Қазақстанда 13 түрі кездеседі, көпшілігі республикамызда үя салып, балапан үшырады. Қорегі аралас өсімдік — жануартектес (түқым, насекомдар) азықтар.
Түқымдастардың 16 түр (2 туыс) бар. ТМД елдерінде 4 түр — 2 түр бүлдырық және 2 түр қылқүйрық үялайды. Қазақстанда ақбауыр (Pterocles alchata), қарабауыр (P. orientalis) булдырықтар және қылқұйрық не қылаңтөс (Syrrhaptes paradoxus) мекендейді. Үшеуі де Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген.
Кептерлер отряд тармағы – Columbae. Кептерлердің аяқтары бүлдырықтарға қарағанда үзын. Артқы саусағы жетілген және басқаларымен бір деңгейде орналасқан. Үлкен екі айрық жемсауы болады. Жіңішке, үшында үзарған ілмегі бар түмсығының түбінде танау тесіктерін жауып жататын балсірі болады. Отряд тармағында 2 түқымдас бар.
Дронттектестер түқымдасы — Raphidae. Қазба қүстар, 16-17 ғасырларда Маскарен аралдарында толықтай жойылған. 3 түрі болған, ірі (10 кг дейін) қүстар, қанаттары әлсіз, ұшу қабілеті толықтай жойылған. Балсірі болмаған, тұмсығы күшті, үстіңгісінің үшында ілмек болған. Руль қанаттары болмаған. Өсімдік қоректі қүстар болғанға үқсайды. Шығу тегі түсініксіз-бір авторлар дронттарды кептерлермен байланыстыруға тырысса, басқалары сутартарлардың ауытқып кеткен бір бүтағы болуы керек деп деп есептейді.Кептертектестер түқымдасы — Columbidae. Дене мөлшері әртүрлі — 30 г- 3 кг жететін қүстар. Қауырсындануы тығыз. Түмсығының түбінде балсірі жақсы жетілген. Моногамдар. Реңінде металл тәрізді жылтыр басым. Жақсы және мәнерлеп үшады. Үялайтын орны алуан түрлі — ағаш қуысы, саңылауы және т.б. Үяда 1-2 жүмыртқа болады. Балапаны қызылшақа, соқыр. Ересектері оларды жемсауындағы қүсықпен қоректендіреді. Қоңыржай аймақта бір мәрте, жылы жерлерде 2-3 мәрте үялайды.Қорегі алуан түрлі, негізінен өсімдіктер, бірақ жануартектес азықты да пайдалана береді. Қоңыржай және ыстық аймақтарда кең тараған. Тауықтәрізділер отряды – Galliformes. Пішіні және мөлшері жағынан алуан түрлі қүстар — салмағы 45 г-нан 10 кг-ға дейін ауытқып түрады. Жер шарына кең тараған. Бүлардың арасында отырықшы және жыл қүстары бар. Көптеген тауықтәрізділер спорттық аңшылықтың нысандары. бұлардың түмсығы қысқа, аяқтары күшті және артқы саусағы қысқарған. Өңешінде көлемді жемсауы болады. Соқыр ішек және өт қапшығы болады. Жабын қауырсындарында жанама өзек болады, қауырсындануы тығыз. Тауықтәрізділердің қанаты қысқа әрі жалпақ. Бүлар жақсы үша алмайды. Огрядқа 85 туысқа жататын 253 түр жатады, бүлар 8 түқымдасқа бөлінеді. Тауықтәрізділердің екі отряд тармағы (тауықтар мен гоациндер) морфологиялық және экологиялық жағынан бір-бірінен өте жақсы ажыратылады.Тауықтар-отряд тармағы – Galli .Бұл отряд тармағының өкілдерінің салмағы 45 г-нан 10 кг-ға дейін жетеді. Қабырғаларында ілгек тәрізді өсіндісі болады, төсінің қыр сүйегі жақсы дамыған. Жіліншіктің алдыңғы жағында екі қатар көлденең орналасқан мүйізді қалқанша, өңеште жүқа қабырғалы үлкен жемсау болады. Етті қарынның бүлшық еті күшті және ішкі жағынан қатты мүйізтектес кутикуламен қапталған. Ішек өсінділері дамыған. Қораздары ірі және ашық түсті, яғни жыныстық диморфизм байқалады. Балапандары ширақ , жұмыртқадан шыға сала аналықтың соңынан еріп жүреді және оған еліктеп өзгеше қоректене бастайды. Тауықтар отряд тармағы 2 түқымдас үстіне, 6тұқымдасқа, 84 туысқа бөлініп, 252 түрді біріктіреді. ТМД елдерінде 12 туыстың 21 түрі, ал Қазақстанда 13 түрі үялайды. Кракстер тұқымдасүсті – Cracoidea. Бүған ең қарапайым тауықтар жатады, олардың тепкісі (батқы) болмайды, ал артқы саусағы басқа саусақтармен бір деңгейде орналасады. Жүмыртқаны жарып шыққан балапандарда қақпа қауырсындардың түбіртегі болады.Тұқымдас үсті 2 түқымдасқа бөлінеді.Үлкен аяқтылар не қоқыс тауықтары тұқымдасы — Megapodiidae. Салмағы 2 кг-дай болатын қүрлықта тіршілік ететін қүстар жатады. Денесі тығыз, аяқтары ұзындау, кейде ұзын қүйрықты. Басында қауырсынсыз терілері болады. Тұқымдаста 7 туысқа жататын 11-дей түр бар. Қоқыс қүстардың көбею процесі өте қызық және ол бүта куркетауыгында (Alectura lathami) жан-жақты зерттелген. Бүл қүс Оңтүстік — Батыс Австралияның шөлейтті аудандарында мекендейді. Алдымен аталығы тереңдігі 0,5м және диаметрі 3-5 м болатын шүңқыр қазады, содан соң шұңқырды жапырақпен толтырады, үстінен топырақ төгеді, нәтижесінде биіктігі 1 м-дей үйінді пайда болады. Жапырақтар жайлап шіриді, үйінді ішінде температура біртіндеп көтеріледі, 2-3 айдан соң оған жүмыртқа салатын уақыт болады. Аталығы үйіндінің ортасына дейін тар жол жасайды, аналығы бірінші жүмыртқасын салады. Келесі жүмыртқа 4 күннен кейін салынады және т.т. Сонымен арасынан 4 күннен салып 20-25-ке дейін жұмыртқалайды. Жүмыртқа салу кезегін аталығы реттеп отырады, ол ауа- райы қолайсыз күндері, үйінді ортасына жол салуға ерініп, аналығына кедергі келтіреді, ол жүмыртқасын жақын жерге салып жоғалтады. Үйінді ішінде жұмыртқа шайқалып жатқан кездегі температураны да аталығы реттейді, ол ауа-райы мен маусымға байланысты топырақ қабатын не ашады, не жабады, жұмыртқа жатқан камерадағы жылылықты реттеп, оңтайлы 34-40 ° температураны үстап түрады. Температура бас терісінің жалаңаш учаскесі немесе тілі арқылы реттелуі мүмкін. Инкубация 2-3 айға созылады. Үя инкубатор ретінде 6-9 ай қызмет атқарады. Балапандары ширақ, жұмыртқадан шыға салысымен — ақ өз бетінше тіршілік ете бастайды. Қоқыс тауықтары кез-келген өсімдіктектес және жануартектес азықпен қоректенеді.Қоқыс тауықтары Австралияда пайда болған деп есептейді. Кракстер түқымдасы — Cracidae. Салмағы 4 кг-ға дейін жететінОрталық және Оңтүстік Американың ормандарында таралған қүстар.Қаңқасында ауа көп болады. Кеңірдегі, әсіресе аталықтарында, өте үзарған және түзақ қүрайды. Кейбір түрлерінің басында қауырсынды айдары болады. Кракстар аталығының шағылысу мүшесі (пенис) болады. Моногамдар, жерде-ағашта тіршілік етеді, ағаш сүлбелерінде қарапайым үя жасйды. Үясында, әдетте 2 жүмыртқа болады, оны аналығы шайқайды.Шамамен бір айдан соң көзі ашық, үстін мамық басқан, қақпақауырсындарының түбіртегі дамыған балапандар шығады. Алғашқы күндерібалапандары ағаш сүлбесінде ересектері әкелген омыртқасыздарды, жемістерді, түқымдарды жеп тіршілік етсе, бір аптадан соң олар бүтақтан-бұтаққа қалықтап үшып, ересектеріне еріп, өз бетінше қорегін іздейді. Кракстардың пайда болған орталығы Оңтүстік Америка болып табылады және түқымдасқа 11 туысқа жататын 39 түр бірігеді. Қырғауылдар түқымдасүсті – Phasianoidea Бүл түқымдас үстіне тауықтәрізділердің негізінен жас түрлері бірігеді. Артқы саусағы кракстарға қарағанда қысқа және басқаларынан жоғары орналасқан. Кейде жіліншігінде тепкі (батқы) дамиды. Пенис болмайды. Аталықтары аналықтарына қарағанда әдетте ірі және біршама ашық түсті. балапандары ширақ, өз бетінше қоректенеді. Ересек қүстар балапандарының қауіпсіздігін бақылайды және үйретеді. Жастары, қауырсынданған балапандары, алғашқыда жынысына байланыссыз, мекиенге үқсас болады.Қырғауылдар түқымдас үстіне 4 түқымдас (құртектестер, қырғауылтектестер, цесаркатектестер және күркетауықтектестер) бірігеді. Құртектестер тұқымдасы — Tetraonidae. Қүртектестер Европа, Азия және Солтүстік Американың ормандарында, тундрада, орманды далаларда және далалы аймақтарында кең тараған. Салмағы 5 кг-ға дейін жетеді. Жерде немесе ағашта тіршілік етеді. Көпшілік түрлері — отырықшы, жыл қүстары аздау. Ерекше белгілері: танау тесіктері қауырсынмен жабылған, жіліншіг қауырсынды (толықтай не жартылай). Көптеген түрлерінде қысқа қарай
саусақтарының екі жағынан мүйізді немесе қауырсынды «шаңғы» түзіледі, ол
қарда малтықпай жүру қызметін атқарады. Біраз түрлері — моногамдар (шіл,
сүр қүр), басқалары -полигамдар (меңіреу қүрлар, қүрлар, монтайшіл). Мекиені ұя салуға және балапандарын тәрбилеуде белсенді Балапандары ширақ, 10 күнде бүғынуға немесе аса биік емес бүтаққа ұшып-қонуға қабілетті. Жыныстық жағынан 1-2 жылда жетіледі. Негізінен өсімдікқоректілер — өсімдіктердің жасыл бөлігін, түқымын, жидекті,
насекомдарды, қүрттарды қорек етеді. Қыста азық қүрамы көп емес — бүршік,
қылқанжапырақ, жас өркендер. Бүл түқымдаста 11 туысқа бірігетін 17 түр бар, олардың 8 түрі (5 туыс)’ ТМД елдерінде кездеееді және үялайды. Қазақстанда 5 түр (4 туыс) мекендейді. Қырғауылтектестер түқымдасы — Phasianidae. Бүл отрядтың негізгі
түқымдасы, Антарктида мен Солтүстік жарты шардың биік ендіктерінен басқа
барлық континенттерде кең тараған 175 түр жатады. Қүртектестерден ерекшілігі қырғауылтектестердің танау тесіктері қауырсынмен жабылмаған және жіліншігі жалаңаш. Қырғауылтектестерді шорманда, далада, шөлде және таудың түрлі биігінде кездестіруге болады. Жерде тіршілік етуте бейімделгел; десе де ағашқа қонақтайды және оның сүлбесінде түнейді. Құртектестер сияқты, бүларға да күрделі құсойнақ тән. Біраз түрлері — моногамдар, басқалары — полигамдар. Үясы топырақтағы жай шүңқыр, үяда түр ерекшеліктеріне байланысты 5-20 жүмыртқа болады. оларды әдетте мекиені шайқайды. 2,5-4 аптадан соң балапандары аздап ұша бастайды, Ірі түрлерінің балапандары біршама кеш үша бастайды және жыныстық жетілуі де кеш — 1-3 жылға созылады. Көп үшпайды, бірақ жылдам жүгіреді және шөп пен бүта арасында жақсы жасырына алады, Көбеюден басқа кезде аздаған топ қүрып, жерде қоректенеді. Өсімдік қоректі азықты — түқым, жидекті үнатады, қүрттар, моллюскалар, насекомдардан да бас тартпайды.Қырғауылтектестерде 175 түр (48 туысқа бірігеді) бар, олар әсіресе Оңтүстік-Шығыс Азияда көп. ТМД елдерінде 7 туысқа жататын 12 түр
үялайды. Қазақстанда 8 түр кездеседі, ал 7-і: кәдімгі қыргауыл, сур жсәне сақалды шіл, гимлай және алтай үлары, бөдене (бытпылдақ) және кекілік мекендейді..Түқымдас ішіндегі қатынас шат-шытырман, бірақ бірнеше топты: 1- америкалық бөденелер; 2-ескі дүние бөденелері; 3-шілдер, кекіліктер, ұларлар; 4-аргустар, тауыстар (павлин); қырғауылдар, нағыз тауықтар, трогопандар топтарын ажыратуға болады.Үй тауықтарының түқымдары жабайы күйінде Оңтүстік-Шығыс Азияда мекендейтін банкив тауыгын (Gallus gallus) қолға үйрету нәтижесінде пайда болған деп есептейді
.Цесяркатектестер түқымдасы — Numididae. Түқымдасқа 5 туысқа бірігетін 7 түр жатады. Бүлар — тек Африкада мекендейтін, теңбіл түсті, болмайтын тауықтәрізді қүстар . Мекендейтін ортасы — түрлі бұталар, орман алқаптары, тау бөктері. Тез жүгіреді, сирек үшады. моногамдар. Үяда 20-ға дейін жүмыртқа болады. Үясын мұқият түрде жасырады. Қорегі-өсімдіктер және майда омыртқасыздар.Қазіргі кезде көптеген елдерде цесаркаларды қолда өсіреді. Үй түқымдары ісршама ірі (3-4 кг), ал жабайы түрлерінің салмағы 1 кг-ға әзер жетеді.