Бекірелер- Қазақстанда бұл отрядтың 7 өкілі бар: қартпа, сүйрік балық, бекіре, сібір бекіресі, шоқыр, мекіре, тасбекіре тіршілік етеді. Бекірелер сүйекті –шеміршекті балықтар, басқа балықтардан сыртқы пішіні және құрлысымен ерекшеленеді. Денесі ұзынша ұршық тәрізді, бес қатар сүйекті өсінділермен жабылған ( бір қатары арқасында, екеуі екі бүйірінде және екеуі құрсағында), осы қатарлардың ортасында ұсақ сүйекті түйіршіктер мен тақтайшалар бар. Басы конус тәрізді созылған және тұмсығы күрек тәрізді. Төменгі жақта тісі жоқ. Бекірелер ұзақ өмір сүретін, кеш жетілетін балықтар, әр түрлі түрінің аталықтары 5- 13-тен 8-18 жаста, ал аналықтары 8- 12-ден 16-21 жаста жынысты жетіледі. Сонымен қатар, дене пішіндері өте үлкенг болады. Мысалы, қортпаның салмағы 1 тоннаға дейін, ұзындығы 4- 4,5 метрге дейін жетеді, 2 тонналық балықты ұстаған жағдайлар да белгілі. Тасбекіре 40 см- ден артық өспейді. Олар уақытының көбін теңізде өткізеді (Каспий және Арал теңіздері) , ал ұрығын шашу үшін өзенге көтеріледі. Барлық бекірелерді бағалы, жоғары сапалы еті және қара уылдырығы үшін әрқашанда көп ауланған. ХХ ғасырдың аяғында саны азайып кетті, сондықтан бұл кәсіптің уақытын реттеуге тура келді. Қазіргі кезде бекіре балығын ұстау үшін арнайы рұхсат керек, кей түрлері Қазақстан Қызыл кітабына енгізілді (тасбекіре мен мекіре ) және ұстауға тыйым салынады. Қазақстанда қортпа, бекіре , шоқыр – Каспий теңізі мен Жайықта; Сібір бекіресі- Бұқтырма су қоймасы мен Ертісте ; сүйрік бекіре- Жайық, Ертіс, Тобыл өзендерінде; мекіре- Каспий теңізі мен Жайықта, ертеректк ол Арал теңізінде кездесетін, Қазір Балқаш су қоймасында жерсіндірілген, ал тасбекіре – Сырдария өзені мен оның суармалы каналдарында таралған.
Шортан- Солтүстік жарты шарларда кең таралған, бала кезден ертегіден таныс жыртқыш балық. Шортанның денесі ұзынша жебе тәрізді, ұсақ қабыршақпен қапталған және қоршаған ортасына байланысты алуан түске боялған. Денесінің астыңғы жағы алға шығыңқыраған, жалпақ тұмсықты. Аузында тістері көп, олар ұшымен кері бағытталған, сондықтан аузына түскен жемтігі мұндай қақпаннан қайтып шыға алмайды. Шортан- жыртқыш, балықты басынан бастап жұтады, 1,5 метрге дейін өседі, салмағы 30-35 кг. Қазақстанда шора\тандар ағыны жай өзендер мен су маңы өсімдіктері жақсы жетілген көлдерде кездеседі.Тек Балқаш- Алакөл ойпаты мен Талас өзені су қоймасында кездеспейді. Бұл ерте көктемде таяз суларда уылдырық шашады да, уылдырықтарын өсімдіктерге жабыстырады.Жарып шыққан шортаншалар біраз уақыт жұмыртқадан қалған, сарыуыз қабығындағы қоректік заттарды пайдалынады, одан кейін ұсақ шаянтәрізділермен қоректенеді. Ұзындығы 5 см-ге жеткенен кейін, олар түгелдей жыртқыштық жолмен қоректенеді, шабақтарды аулайды.
Сазан ( қалантыр ) — тұқы балық тұқымдасының ірі балығы, мәдени тұқының жабайы шыққан тегі . Тығыз жалпақ денелі, денесі жасыл-сұр кейде сары түсті , ол тығыз ірі қабыршақпен қапталған . Тез өседі , екінші жылдың соңында ұзындығы 30 см , салмағ,ы 0,5-0,6 кг –ға жетеді (ең үлкені 2 метрге дейін өсіп , салмағы 20 кг ) өседі 30 жылға дейін өседі . Қазақстанда барлық жарамды су қоймалары және ну өсімдікті өзен шығанақтарында мекендейді . Қорек талғамайтын балық . Кәсіптік түр болдып табылады., оны кәсіптік деңгейде де, әуесқойлар балықшыларда аулайды. Адам әуелден қалантырды «үй балығына » айналдырды.. Басқа балықтармен салыфстырғанда судағы оттегі құрамын көп талап етпейді , оның уақытша төмендеуіне шыдай береді., тоғандағы жағдайға тез үйренеді . Көп ғасырлық сұрыптау нәтижесінде тұқы балықтың бірнеше түрі алынған , солардың ішінде көпке белгілі –жалтырауық тұқы , Айна сияқты екі бүйірін жауып тұратын үлкен қабыршақтары үшін осылай аталады.
Құбылмалы форель немесе бахтах – бұл балықтың Отаны – Солтүстік пен Орталық Америка. Форель албырттарға жатады. Бағалы қызғылт түсті еті үшін адамдар бұл балықты кең таратуға тырысты. Нәтижесінде бұл балық тоған болық шаруашылығының нысаны болады, дүние жүзінде көпеген елдерде жерсендіріледі. Ол Қазақстанда Шелек өзені су қоймасында тіршілік етеді. Бұл орташа пішінді (ұзындығы 0,5 метрдей, салмағы 6 кг ), арқасы сұр түсті, бүйірінде жарқыраған теңбілдері мен қызыл (аталықтары уылдырық шашу кезінде) бүйір жолақтары бар балық. Өзінің “құбылмалы” деген атын кей түрлерінің ашық бояоғандығын алған. Қоректенуі алуан түрлі- бентос, ұсақ балықтар, жәндіктер және т. б. Форельге жақын балық – албырт. Қазақстанда 2 түрше – Каспий және Арал албырттары тіршілік етеді, олар Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген.
Қара балық немесе шармай – Қазақстанда мекендейтін екі шармайдың бірі Шармай тау өзендері мен Азия көлдеріне бейімделген тұщы су балығы , Қазақстанда Сырдария , Талас су қоймалары мен Қаратау өзендерін мекендейді . Денесі ұсақ қабыршақтармен қапталған , бояуы құбылмалы. Сондықтан қоңыр бояуына түскен ақ дағы бар бұл балықты тау өзендерінен байқау қиын. Талғаусыз қоректі , 0,5 метрге дейін өседі, салмағы 1,5 кг . Шармай тау аңғары мен таулы аймақтардағы әуесқойлық жолмен ауланатын шалғыз түрі , дегенмен оның уылдырығы мен құрсағында төселген қара жұқа қабығы улы екенін есте сақтау керек Қазақстанда бұдан басқа Балқаш шармайы тіршілік етеді.
Жайын-Қазақстандағы жацйын тәрізділер отрядының жалғыз өкілі , көпке танымал балықтың түрі. Жайынның денесі жоғарыдан төмен қарай шамалы жалпайған , арқасы қара , құрсағы ақшыл түсті , екі бүйірінде дақтары бар . Үлкен аузының жоғарғы жағында екі ұзын мұртшасы және төменгі жағында 2 қысқа мұртшасы болады. Бұл қорек талғамайтын балық . Қорегінің көп бөлігін балықөтар . бақалар құрайды. Жайын ыстық күндері терең шұқыр немесе судағы табиғи ағаш түбінде жатқанды ұнатады. Жайын өзіне тән өсімдіктен жасалған таяз жердегі ұясында уылдырығын салады. Алғашқы кезде , дернәсіл шыққанға дейін , ұяны аталығы қорғайды . Жайын тез өседі. 3-4 жылдан кейін жынысты жетіледі. Ұзындығы 5 метрге , салмағы 300 килограмға дейін жетеді.