Крахмал — өсімдіктерде дән түрінде кездесетін құрамы күрделі көміртегі, ол тамырларды, түйннектер мен тұқымдарда жиналады. Крахмалды дәндерде полисахаридтерден басқа су, май қышқылдары, липидтер, шағын мөлшерде минералдық заттар, негізінен фосфор тұздары мен кремний қышқылдары және басқалары бар.
Крахмалды өсімдіктер көп. Олар бидай, арпа, күріш, ақ жүгері, қарабидай, т.б. Біз жүйекшелерде өсіруге болатын өсімдіктер – картоп пен жүгері.
Тағамға картоптың крахмалға, минералдық заттарға, қантқа, белоктарға, майларға, клетчаткаға, витаминдерге бай түйнектері қолданылады. Калориялығы жағынан картоп басқа көкөністердің бәрінен асып түседі. Картоптың белогы бидайдың белогынан анағұрлым бағалы. Оның құрамына организмге аса қажет аланин, аргинин, аспарагин мен глутамин сияқты амин қышқылдары кіреді. Тағамдық сорттарының түйнектерінде 13-16% крахмал болады.
Картоп. Картоптың шыққан жері – Оңтүстік Америка , ал Россияға таралуы Петрдің есімімен байланысты. ХVIII ғасырдың екінші жартысында кеңінен өсіріле бастады.
Картоп түйнектерінде көміртегі, моноолигосахаридтер (глюкоза, фруктоза, сахароза), клетчатка, пектин заттары, одан басқа әртүрлі аса бағалы амин қышқылдары, өсімдік белоктарының ішіндегі ең құндысы – белок-туберин бар. Картоп бағалы витаминді азық, онда С витамині, витаминдер жинағы В(тимин, рибофлавин, пипдоксин, фолий қышқылы), РР, U витамині және А провитамині топтадған. Картоп органикалық қышқылдардың (лимон, қымыздық, алма) және минералдық тұздардың қайнар көзі. Минералдық заттардан мұнда калий тұзы басым; фосфор, магний, кальций, темір тұздары бар.
Картопта калийдің едәуір мөлшерде болуы несеп жүргізуге әсер етеді. Сондықтан жүрек-тамыр және бүйрек ауруларынан зардап шегіп, сарысып ісінген адамдарға диета белгіленгенде дәрі-дәрмекпен қатар мұны да қолданалы.
Жаңа жайындалған картоп шырыны қыжылдағанға, қышқылы басым гастритке, асқазан мен ұлтабар жара ауруларын емдегенде жақсы әсер етеді. Шырынды ас ішерден 20-30 минут бұрын ½ стаканнан тәулігіне 3-4 рет ішеді.
Картоп – алқа тұқымдас түйнекті өсімдік. Картоптың бірқатар сорттары дән береді. Дән арқылы өскенде картоп көптеген бүйір тармақтары бар басты тамыр түзейді, ал түйнектеніп өскенде қосалқы шашақты тамыр жүйесі ғана қалыптасады. Көп соттары нашар гүлдейді, қала берді гүлдегенде көбіне тозаң түземейді және жеміс бітпейді. Мәуесі – көп дәнді екі-үш ұялы жидек.
Топырақтың ішкі қабатындағы сабақтың төменгі жағындағы жапырақ қойнынан жіңішке бүйір сабақ-бұтақшалар – жылан бұтақтар өнеді. әрбір сабақ 4-8 жылдан бұтақтар түзейді. Жылан бұтақтардың мықтап жуандаған жоғары бөлігі түйнек деп аталады. Түйнектердің формалары сопақша, дөңгелектеу, ұзынша болып келеді. Сыртында қабығы бар. Ал түсі ақ, қызғылт, алқызыл, сары, көк болады.
Картоп – 16+—70С-де жақсы өседі, түйнектері қалыптасады. Температураның төмен болуы да картопқа қолайлы емес. Картоптың суыққа төзімділігін калий тыңайтқышын енгізіп қана көтеруге болады. Түйнектерді тыңайтқыш ерітінділерменөңдеудің әсері бар. Оларды егуден екі және алты тәулік бұрын тыңайтқыш ерітінділермен (6-7 кг картопқа 1 л) өңдейді. Тыңайтқыштар (1 л суға 1г): аммиак селитрасы 4, суперфосфат 6, хлорлы калий 4, оларға микротыңайтқыштарды (бор, кобальт, марганец) 0,01-0,05% ерітінділер қосады.
Отырғызуға ең қолацлы түйнек – 45-120 г. тым ірі түйнектерді отырғызудың қажеті жоқ, өйткені отырғызатын материалдар едәуір көбейген кезде, өнім айтарлықтай өспейді. Картопты жердің 10 см тереңдікте 7-80С –дейін қызған кезде отырғызады.
Қазақстанның солтүстік облысында түйнектер 4-6 см тереңдікте, оңтүстік облыстарда 8-10 см тереңдікке отырғызылады. Ал қуаңшылық аудандарда отырғызу тереңдігін 12-15 см етеді, кейде одан да тереңдетеді.
Баптау жағдайы мынадай: ылғалды сақтайды, отап отырады, 2-3 рет түптейді. Топырақта ылғал жеткіліксіз болса, жапырақ-сабақтар түйнектердің өсуі тоқталады. Сондықтан түйнек құрала бастаған кезде топырақ үнемі ылғалды болуы керек. Бірақ ылғалдың тым көп болуы тамырларды оттекпен қоректендіруді нашарлатады, жапырақ-сабақтардың өсуін күшейтіп, түйнектердің шіруін тездетеді, өнімді азайтады.түйнектердің пісіп жетілуін тездету үшін түптеудің алдында фосфор және калий тыңайтқыштарын енгізген немесе ағаш күлін төккен жөн.
Картопты құмдақ жерде өсірген жөн. Картоп тыңайтқыштарды өте қажет етеді, шірінді, сондай-ақ азот, фосфор және калий тыңайтқыштарын енгізгенде оның өнімі шұғыл артады.
Жинау мерзімін жапырақ-сабақтарының кебуіне қарай белгілейді. Бұл кезде түйнектердің қабығы жұмсағынан сыдырылып түспейтін болады.
Біздің елде картоптың 110 сортын өсіреді. Орташа ерте пісетіндер – 60 тәулік, орташа пісетін 90-120 тәулік.
Қазақстанның оңтүстік облыстарындағы аудандастырылған сорттар: ерте пісетіндер – Приекульский ранний, Ульяновский; орташа мерзімде пісетіндер – Гатчинский, Искра; орташа кеш пісетіндер – Столовый 19, Лорх; солт үстік облыстарындағы аудандастырылған сорттар: ерте пісетіндер – Приекульский ранний, Мурманский, Белоруский раний т.б.Қазақстанның оңтүстік облыстарындағы аудандастырылған сорттар: ерте пісетіндер – Приекульский ранний, Ульяновский; орташа
Қантты жүгері.
Жүгері- Орталық Америка (Перу, Чили, Мексика)халықтарының ежелгі (3 мың жыл бұрын белгілі болған) дақылы. Қантты жүгері- жалбыз тұқымдас, биік тік сабағы бар бір жылдық өсімдік. Тамыр жүйесі 2,5 м дейін тереңдікке кетеді. Түптеген кезде қосалқы тамырлар түзейді. Тұқымды қатарлау әдісімен қатардың арасын 70 см етіп себеді, Қазақстанның оңтүстік аудандарында – егістің тереңдігі – 6 – 8 — см, ал солтүстік аудандарда –4 – 6 см .
Дән 8 – 10 0 С – де көктей бастайды. Көктемгі қысқа суықтар жас өсімдіктің жапырақтарына зақым келтіреді. Жүгері, әсіресе собықтар қалыптала бастаған кезде — олар шашақ бастар пайда бола бастаудан бір апта бұрын қалыпталады – суаруды өте қажет етеді.
Жүгеріге ашық жарық учаскелер бөледі . Өсімдік жиі болса , ол жоғары созылады , собықтар аз құралады және нашар өседі. Жүгері жеңіл, құнарлы, көгентамырлы арамшөптер баспаған жерде жақсы шығады. Ауыр сазды, жауын –шашын көп болғанда батпақтанып кетіп жерде жүгері нашар өседі. Топрақты қопсыту, орташа суару арқылы күтіп баптайды.
Жүгері тез пісетін сорттары аталық гүлдерінің шашақтары көктеп шыққаннан кейін, 50-60 тәулікте шешек атады. Ал ұрғашы гүлдердің аталық аузы 7-8 тәулік кеш пайда болады. Сабақтардың табарлы пісуі, көктем шыққаннан кейін 80-100 тәулікке созылады, ал толық пісуіне сорттары мен температураға байланысты 115-190тәулік керек. Жүгеріні бұрын күздік дақылдармен томат егілген жерге жақсы. Жүгері әсіресе фосфорлы тыңайтқыштармен өсімдіктің қуаншылыққа төзімділігін күшкйтетін қалайы және молибдені бар микротыңайтқыштарда жақсы қабылдайды. Оңтүстікте жүгерінің ең қас жауы- жүгері жетім көбелегі. Оның жұлдыз құрттары дәнді зақымдап сабықтардың ішінде қысьтап шығады. Бұл зианкеске қарсы метафоз аэрозолдарын , севин мен хлорофосты қолданады. Өсімдіктің жер үстіндегі бөлігін зақымдайтын көпіршік қаракүйеден сақтау үшін жүгері дәндерін ТМТД және фентиураммен улайды.