Улы өсімдіктер

Аласа құртқашаш (құртқашаштар тұқымдасы) – Қазақстанның солтүстік шығыс аймақтарында (Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қостанай облысының бөлігінде) кездеседі.Ол астық- тұқымдастар өсетін шым жерлерде, жусанды- қаулы далада, кейде ұсақ тасты және сортаң топырақта өседі.Жуан бұтақтанған тамырсабағымен 1 –1,5 см -ге дейін ерекшеленеді. Жыл өткен сайын жеке құртқашаштардың тамырсабағы қаулай өсіп, үлкен (көлденеңінен 70 см –ге дейін) үйме құрайды. Аракідік тамырсабақтың ортаңғы бөлігі тіршілігін жояды және иірім ортасындаөркендердің тығыз сақинасымен қоршалған тақыр (жылтыр) дақ пайда болады. Вегетативті және генеративті сабақтың төменгі жағындағы жапырақ таспа тәрізді. Ені 1 см-ге жуық, ұзындығы сабағымен бірдей 10-15 см-ден аспайды, гүлдері дара, үлкен (көлденеңі 7 см-дің айналасында) ұзын түтікті. Түрі үлкен өзгергіштігімен, әсіресе гүлінің түрін өзгертумен ерекшеленеді. Қою-көк, қызғылт сия түсті, тжасылдау, сары, кейде тіпті ақ түсті де болады. Құртқашаш көктемде сәуәрдің соңы-мамырда гүлдейді, жемісі (үлкен ұшталған үш түрлі қауашақ), маусым-шілде айдарында піседі. Тұқымы үлкен, қыртыстанған, қара-қошқыл, қауашақтан жерге түсе сала домалай жөнеледі.

Құртқашаштың бұл түрі мәдени жағдайда көптеген елдерде танымал. Мысалы Батыс Европада оны 1588 жылдан өсіреді. әсіресе, тамыр сабақтарының бөлігі ретінде және тұқымымен жеңіл көбейетіндігі жоғары бағаланады (себілгендері мәдени түрде екі жыл гүлдейді). Аласа құртқашаш басқа түрлермен және мәдени сорттармен жылдам тұқымдасады. Ол көптеген сорттардың, туыстасы болып табылады. Қысқа сабақты, құртқа тобына кіретін бұл түрдің жер үсті бөлігі және тамырсабағында күрделі заттар құралады, олардың қатарында улы заттар да бар. Бұл улар малдың кейбір түрлеріне әсер етеді. Мысалы: шошқалар үшін өсімдік улы, қойлар үшін жақсы азық болып есептелінеді.

Ашық құндызшөп (Сарғалдақтар тұқымдасы)-Қазақстанда кездесетін 6 түрлің ішіндігі ең солтүстікте кездесетіні –орманды дала, және зонасына тән. Құрғақ далада, сирек қарғайлы ормандарда және орман алаңқайларында республиканың батыс шекарасынан бастап Шығыстың аласа тауларында, Алтай және Тарбағатайда кездеседі. Шөптесін көпжылдық, көп бұтақталған тамырсабақты, сабағы онша биік емес (15 см-ге дейін). Ол жеміс бергеннен соң үш есене дейін үлкейеді. Төменгі жапырақтары ұзын қалемшелі, күрделі саусақ-салалы, гүлдеген соң түгелдей бұрылып кетеді. Одан кейінгі жапырақтар (сабақтағы) көп мөлшерде кішірейген, және орамдалған (тысталған), иілген ұзын түкті жіңішке бөліктерге бөлінген. Гүлдері жалғыздан ашылған кезде қоңырауға ұқсас, кейін барын,ша ашыла түседі. Гүл серігінің жапырықшалары үлкен, ұзындығы 4см-ге дейін, сыттқы жағы түкті ашық көкшіл түсті. Аталықтары мен аналықтарының саны көп, жемісі жіңішке ұзын (5см-ге дейін) бағаналы, иілген, қою жібек тәрізді түкті, ашық құндыз шөп ерте көктемде гүлдейді, наурыздың аяғынан амаырға дейін. Жемісі мамыр-маусым айларында пісіп жетіледі.

Құндызшөп өсіп тұрған ортасында гүлдегенде де, жеміс берген кезінде де ерекшк көзге түседі, әсіресе жібектей жұмсақ, иілген күйінде қалғып тұрған тәрізді болып көрінеді. Осыған байланысты халық арасындағы (“сон- трава”) атауы шыққанға ұқсайды. Кейбір авторлар мұндай атау өсімдікке оның улы болуына байланысты берілген деген пікірде. өсімдіктің құрамындағы улы заттар адам организмін сал ауруына әкеліп, кейде өлімге әкеліп соқтырған. Осыған қарамастан ашық құндыз шөп өкпе, аяқ-қол, ревматизм, бел ауруларына және басқа да ауруларды емдеуде кеңінен қолднылады. Жапырақтан алынған шырынмен күйікті емдейді, тамырын кесіп алынған бөлігін, түрлі ісіктерді емдеуге пайдаланылады. Сәндік мақсатта бұл түр негізінен тастақты бақтарды безендіру үшін қолайлы.

Ақезу мәрпі (Сарғалдақтар туысы)-Қазақстандық 11 түрдің ішіндегі ең кең таралғаны. Шығыс ұсақшоқыларында, Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы және Тянь-Шань (Қарағанды, Шығыс Қазақстан, АКлматы, Жамбыл облыстары) тауларында кездеседі. Орман және субальпі шалғындықтарында, қылқанжапырақты және аралас ормандарда, өзен аңғарларында өседі. Жиі қалың шілік құрады, сабағы биік (2 м-ге дейін) қабырғалы, жай және безді түк басқан. Жапырағы өте ірі, төменгілері қзын свғақты ірі тісшелі, саусақ салалы бөліктерге бөлінген. Гүлшоғыры қалың, көп гүлді, бұтақтанған. Гүлдері сұрғылт-күлгін, симметриясыз, иілген гүлтабанына отырған. Тостағаншаның түсі күлтеге ұқсас, бес жапырақшадан тұрады, жоғарғы дулыға тік қалпақтың пішініне келеді.

Ол басқа жапырақшалардан едәуір ірілеу (ұзындығы 2 см-ге дейін). Желектері барлығы екеу, олар дулығаның ішіне орналасқан шірнелікке айналып кеткен. Мәрпі маусым-тамызда гүлдейді, шілдеден бастап жеміс береді. Өсімдік толығымен улы, әрі түрлі алкалоидтар бөледі, кейінгі кезде прпараттар ғылыми-медицинада нерв жүйесі ауруларын емдеуге қолданып жүр.

Күмән тегеурінгүл (Сарғалдақ тұқымдасы-бүкіл Тянь-Шань, әсіресе батыс Тянь-Шаньда көптеп кездеседі. Әр түрлі шөпті және субальпілік шалғындықта, шыршалы, аршалы ормандарда, кейде аласа таулардан бастап, таулардың жоғарғы белдеуіне дейінгі тастақты беткейлерде өседі. Биік (90 см дейін) көпжылдық, сабағын түк басқан, жапырақтары ұзын сағақты, тісті бөліктерге тарамдалған. Гүлдері күлгін, күңгірт түсті, саны көп, қысқа гүлсағақты бас жағындағы қалығ шашаққа жиналған. Тостағаншалары боялған, ұзындығы 1,5 см, жоғарылары көлденең, ұзын шақшамен аяқталады. Шақшаның ұшы сәл төмен иілген. Желектер мен шірнеліктерінің саны төрттен. Қап-қара түсті, жоғарғылары екіге бөлінген шақшалы, тостағаншалар шақшаға салынған.

Тиімді декоративтік өсімдік. Маусым-мамырда гүлдейді, жемістері (үш қабатты көптұқымды топтамалар ) тамыз- қыркүйекте піседі. Өсімдік улы, құрамындағы заттар (алкалоидтар) демалыс органдарын және бұлшық еттерін сал ауруына ұшыратады. Тегеурін гүлі көп өсетін жерге ірі қара малды жаюға болмайды. Гүлдерін күнделікті тұрмыста жүнді жасыл және қоңыр түстерге бояу үшін пайдаланады.

Ұзын желайдар (Сарғалдақтар тұқымдасы)-Қазақстандық 11 түрдің ең көп кездесетіні, кейде көлемді алқап құрайды. Шалғындықта Солтүстік және Батыс Тянь-Шаньның тастақты беткейлерінде өседі. Ортаңғы және жоғарғы тау беткейлерінде, еріп жатқан қарлардың маңында кездеседі. Шөптесін көпжылдық, қиғаш тамыр сабақты, биіктігі 60 см болатын жапырақсыз сабақтарымен. Сабақ түбіндегі жапырақтар ұзын сағақты, үш бұрышты тақталы, үш қайтара тісті бөліктерге тілімденген. Шатыр тәрізді гүлшоғыры 2-6 гүлден тұрады. Гүлдері ірі, диаметрі 4см-ге дейін. Гүлсерігінің жапырақшаларының саны 5-8, аппақ астыңғы жағы түкті, аталықтары мен аналықтары көп. Мамырдың ортасынан тамызға дейін гүлдейді, шілде-тамызда жеміс салады. Әдетте жайылымда желінбейді, себебі мал үшін улы, тамаша декоративті өсімдік, әсіресе гүлдеген мезгілінде.