Дәрілік өсімдіктер құрамында болатын биологиялық әсерлі заттар

Дәрілік өсімдіктер құрамында көптеген биологиялық әсерлі заттар болады. Осы өсімдіктерді емдік мақсатта пайдаланғанда сол заттар адам организміне еніп, әртүрлі физиологиялық өзгерістер туғызады. өсімдіктердің дәрілік қасиеті осы биологиялық әсерлі заттардың түрлері мен мөлшеріне байланысты. Дәрілік өсімдіктер құрамындағы биологиялық әсерлі заттардың тобына алкалоиттер, гликозидтер, эфир майлары, сапониндер, илік заттар, витаминдер, органикалық қышқылдар тағы басқа да көптеген заттар кіреді.

Алкалоидтар – табиғаттағы күрделі азотты заттар. Бұлар өсімдіктерде тұздар немесе олардың негізгі түрінде болады. Бұл заттың аты араб сөзі “алкали” — сілті және грек сөзі “ейдос” – сияқты деген екі сөзден тұрады. Бірінші рет алкалоид көкнәрден алынып, гректің ұйқы құдайы Морфейдің құрметіне морфи деп аталған. Содан кейін әртүрлі өсімдіктерден стрехнин, бруцин, никотин, атропин, хинин сияқты өте әсерлі алкалоидтар алына бастаған. Алколоидтардың фармакологиялық касиеттері алуан түрлі және әсерлі. Сондықтан болу керек, алколоидты препараттар мен емдеу көбіне нәтижелі аяқталды. Елімізде өсетін көптеген өсімдіктерден алынатын алколоид мөлшері өсімдіктер өсетін жердің табиғат жағдайына, оларды жинау мен кептіру мерзіміне байланысты. өсімдіктердегі алкалоидтар мөлшері 2-3 проценттен болады. Алкалоидтардың әсіресе, орталық нерв жүйесіне тигізетін физиологиялық әсері өте күшті. Оларды жоғары мөлшерде қолданғанда улану қаупі туады да, ал аз мөлшерде әсерлі емдік қасиеті болады.

Гликозидтер — молекулалары қанттан (гликон) және қантсыз (агликон), азотсыз заттардан тұратын топтарға жатады. Сақтау кезінде гликозидтер ферменттерінің және сыртқы әсерлерден бұзылысқа түседі. Сондықтан жиналған өсімдікті дереу кептіріп, ал сақталған уақытта дымқылданбағаны жөн. өйткені ферменттер құрғақ өсімдікте өз әсерін жүргізе алмайды. Гликозидтердің бір тобы жүрек ауруларын емдеуге пайдаланылады. Олар өте улы. Дегенмен жүрек ауруларын емдеуге бұл гликозидтердің аз мөлшерінен жасалған препараттар өте пайдалы. Гликозидтердің ащы түрлері асқазанның ас қорыту жұмысын жақсартуға қолданылады. Гликозидтердің бір түрі – сапониндер. Олар өсімдіктердің 70-тен астамтұқымдастарында кездеседі. Көбінесе қалампыр және примула тұқымдастарында сапониндер көп болыды. Бұлар қақырық тұсіруді жеңілдетуге , зәр, өт айдауға қоректік препараттарды дайындауға пайдаланылады. Соңғы жылдары флавоноидты гликозидтер бактерициндік препараттар алуға және радиактивтік заттарды организмнен шығаруға қолданылып жүр.

Эфир майлары — өсімдіктердің гүлінде, жапырағы мен жемісінде кездесетін күшті иісті жеңіл, ұшатын зат. Өсімдіктердің жоғарыда аталған мүшелерінде ыстық су, болмаса бу арқылы айдалынып алынады. Эфи майы өсімдіктердің 2000 астам түрінде кездеседі. Бұл өсімдіктердегі эфир майының мөлшері сол өсімдіктердің биологиялық өсіп-өну кезеңіне және ауа-райының жағдайына байланысты өзгеріп отырады. Эфир майы, әсіресе әр түрлі микробтармен, вирустармен күресуге өте әсерлі. Сонымен қатар, жүрек-қан тамыры жүйесінің қызметін, асқазан-ішек қызметін жақсартуға және қақырық түсіруге мүмкіндік туғызады. Өсімдіктен алынатын илік заттары – таниндер тобына жататын көп атомды фенолдар. Оларды иләк заттар деп те атайды. Бұл илік заттары ішек, асқазан ауруларын емдеуге бактерициндік препарат ретінде жиі колданылады. Танидтер денедегі жараны, күйікті емдеуге де пайдалы. Сонымен бірге алколоидтармен, ауыр метал тұздарымен уланғанда қолданылады.

Химиялық құрамы жағынан эфир майына өте жақын, өсімдіктерде кездесетін заттардың бірі смолалар. Қою, қолға жабысатын аромат иісті, әр түрлі күрделі қосылыстардан түратын зат. Смоланың ұзақ уақыт қатпайтын түрін бальзам деп атайды. Смоланың бактерицидтік қасиеті өте күшті.

Витаминдер — майда еритін витаминдердің – А, Д, Е суда еритін витаминдерден – С және В тобынан айырмасы бар, ал витамин К суда да, майда да ериді.

Витаминдерді қолдану әдісі тегінде витамин профилактикасына байланысты жасалынады. Айталык, тағамда витаминдердің жетіспеуі организімнің жұқпалы ауруланрга, әртүрлі авитаминоздарға және баска да ауруларга қарсылық көрсетуінің әлсіреуіне әкеліп соқтырады. Қазіргі кезде кейде химиялық таза табиғи немесе синтетикалық дәрі – дәрмек қолданылады, бірақ витаминдерге бай қайсыбір өсімдіктерді ( жас не кепкен күйінде ) қолдану жақсы нәтиже беріп жүр, өйткені оларда витаминдер жиынтығы мен тұздардың болуы өзара әсер ету күшін ұлғайта түседі.

С — витамині ( аскорбин қышқылы ) өсімдіктерде өте көп кездеседі, ол өсімдіктің көп бөлігінде жинакталып, құралатындардың қатарына жатады. С витаминіне мыналар бай: тағамдық көктің барлық түрлері – көк пияз, аскөк, ақжелкен ( петрушка), балдыркөк, салат, саумалдық, қымыздық; жидек пен жеміс дақылдары – итмұрын, шырғанақ, қара қарақат, бүлдірген, қарлыған, алма ( пісіп жетпегені) және грек жаңғағының жапырақтары; көкөніс өсімдіктерінен – көкөніс қызыл бұрышымен қабықты бұрыш; сирек кездесетін жер асты жемістері – желкек, шомыр; ал жабайы өсімдіктердің ішінен қалақайды, ерменді ( ащы сусан) атауға болады, бұларда да С витамині көп. С витамині консервіленгенде де жақсы сақталады, сондықтан қысты күні томат – пастаны, жасыл бұршақты, шпинатпфрені, ішіне фарш салынған бұрышты пайдалануға болады. С витамині мұздатылған жидекте жақсы сақталады, бірақ оны мұзы ерігеннен кейін сол сәтте тамаққа салу керек. Бұл витаминінің жақсы сақталуына өніп -өсу жағдайының, өніп — өсу кезеңінің, сақтау тәсілі мен мерзімінің үлкен мәні бар. Мәселен, С витамині төмен температурада басқа витаминдерге қарағанда анағұрлым шапшаң қалыптасады, ал құрғақшылық жағдайда аскорбин қышқылының құрамы азаяды. Бұрышқа өсіп келе жатқан кезде жиі – жиі су құйса, онда С витаминінің көбірек жинақталатыны байқалады.

С винівитамині тканьдардың тыныс алу процесіне, қан тамырларының құректенуіне қатысады, белок пен майдың сіңуін жақсартады. Ол организімнің дұрыс дамуына мүмкіндік береді, қоршаған ортаның қолайсыз әсер етуіне қарсылықты, жұқпалы ауруларға деген төзімділікті күшейтеді, жұмыс істеу қабілетін арттырып, шаршап – қажуды азайтады.

Р — витамині (“Pemeape деген латын сөзінен алынған ) тек қана өсімдіктерден табылған.

Р витамині С витаминімен қосылғанда жақсы әсер етеді, оның бойға сіңімділігін арттырады, оны қышқылдандырудан алдын ала сақтандырады деген де ұғым бар. Р және С витаминдері зат алмасуының көптеген процестеріне қатысады да әдетте сонда бас қосады. Сондықтан Р витамині аскорбин қышқылына бай өсімдіктерде (итмұрын, қара қарақат, қарлыған, бұрыш, капуста, көп қабатты пияз, кресс – салат, фенхель) көп болады. Соңғы кезде Р витамині сергек білінетін заттарды іздеудің арқасында флавондар, катехиндар, антонциандар, лейкоантоциандар болып табылатын қоспрлардың көп топтарын анықтауға мүмкіндік туды.

В – тобының витаминдері. Бұл әртүрлі қоспалар бұлардығң әр қайсысы өзіндік қасиеттері бар, ерекше витаминдер.

В1 витамині (тиамин) көптеген өсімдіктерде, өніктерде, дәндерде (атап айтқанда, бұршақ тұқымдастарының ішінде – көк ұсақ бұршақтар), көкөніс дақылдарында (картоп пен сәбізде ), татымды өсімдіктерде (пияздың кейбір түрлерінде – батунда, порейде, көп қабатты пиязда), бұрышта, балдыркөкте, салатта, аскөкте, фенхельде кездеседі. Оны С витаминімен бірге пайдалану керек. В1 витамині нерв жүйесінің қызыметінде үлкен роль атқарады, жүрек бұлшық еттері мен ішек – қарын жолдарының дұрыс жұмыс істеуі үшін өте қажет. Мұның болмауы немесе жетімсіз болуы көміртегі мен алмасуын бұзады, нерв жүйесінің ауруларына шалдықтырады. Тәуліктік қажеттігі – 1 – 3 мг.

В2 витамині (рибрфлавин) көкөніс өсімдіктерінде (сәбізде, жуада, кресс – салатта, ақжелкенде), фасоль мен жасымықта, жүгері дәнінде, сондай – ақ жеміс дақылдарында – алхорыда, шиеде, өрікте, итмұрында болады. В2 витаминінің шипалы болуы үшін В1 және В6 витаминдері қажет. Бұл витаминдердің қажеттігі суық түскен немесе күн көзі күшті сәуле шашқан кезде анағұрлым арта түседі.

В2 витаминінің жетімсіздігі ішек –қарын қызыметіне теріс әсерін тигізеді, көз ауырады, нерв жүйесі жұқарады, шаш ерте ағара бастайды. Тәуліктік қажеттігі – 3 мг.

В3 витамині (пантотен қышқылы ) жидектерде (қара қарақатта, таңқурайда, бүлдіргенде), жемістерде (өрікте, шиеде), көкөністерде (көк бұршақта, картопта, түсті капутада, томатта, сәбізде), татымдыларда (ақжелкенде, пиязда) және салат өсімдіктерде (қояншөпте) болады. Ол метабализімнің – белоктық, көміртегіндік және басқада көптеген процестеріне қатысады.Бұл витаминнің клиникалық жетімсіздігінен бойдың өсуі баяаулайды, тері бұзылады, шаш ағарады, ішек – қарын жолдарының, нерв жүйесінің қызыметі (ұйқыт қашу) нашарлайды. Тәуліктік қажеттігі 2-3 мг.

В6 витамині (придоксин) көкөніс өсімдіктері ішінен картопта, жүгері дәнінде, алхоры, қарақат, шырғанақ жемістерінде, алмада болады. Оның организімде жетіспеуі анемия (қан аздық), дерматит (терінің қабынуы), тырысу ауруларына шалдықтырады.

В9 витамині немесе фолий қышқылы (антианемиялық фактор). Бұл витамин бірінші рет шпинат жапырақтарынан алынды (аты латыпнның foliant –жапырақ деген сөзінен шыққан). Өсімдіктердің көк бөлігінде, сондай – ақ капустада, қарлығанда болады. Фолий қышқылы темірімен бірге қанның жасалу қызыметін күшейтеді, анемияға шалдыққанда өте пайдалы. Тәуліктік қажеттігі –1 мг.

В12 витамині (кобаламин) молекулінде кобальт бар. Қан түзу мөлшеріне жақсы әсер етеді, бір қатар тері ауруларына, сәуле ауруларына пайдалы.

А витамині. Өсімдіктерде провитминдер – ол құралатын заттар (каротин пигменттері мен каротинойдтар) ғана кездеседі, олар ферменттердің әсерімен А витаминіне айналады. Каротин (каротин сәбіздің түрлері жөніндегі carota деген латын сөзінен алынған). Қызғылтсары немесе қызыл түске боялып, жапырақтарының хлороқыртыстарында шашау шықпай жинақталады. Сәбіз, шпинат, асқабақ, жүгері дәні, ақжелкен, итмұрынның, шырғанақтың, өріктің жемістері, сондай – ақ бақбақ, шашырақты, тырнақшагүл, қалқай гүлдері каротинге өте бай.

Бұл витаминнің жетіспеуінен көз ауруы пайда болады, көздің мөлдір қабығы құрғақтанады, бауырдың қызыметі, холестерин алмасуы бұзылады, жұқпалы ауруларға қарсылық кемиді. Тәуліктік нормасы 4-5 мг.

В витамині (токоферол) тағамдық өсімдіктерде мол таралған, бақша дақылдары ішінен салатта, сәбізде, капустада, көк пиязда, бұршақтарда, картопта, жүгеріде, шырғанақтың, итмұрынның, өріктің жемістерінде, ал жабайы өсімдіктенрдің ішінен – қалақайда, жолжелкенде көп болады. Бұларды пісірген, не қайнатқан кезде, витаминнің қасиеті біраз кемиді.

Е витаминінің ұдайы өндіру процсі үшін үлкен маңызы бар. Ол жетіспеген күнде, минералдың, белоктың, майдың, көміртегінің алмасуы бұзылады, сондай – ақ бактериялық, вирустік инфекцияларға төзімділік кемиді. Оның үстіне Е витамині А витаминін қышқылданудан сақтайды. Тәуліктік физиологиялық қажеттігі 20 –30 мг.

U витамині жараға күшті әсер ете алатын қосынды. Бұл витаминнің ақ басты капустада бай көзі бар, ло сондай – ақ қызылшада, томаттарда, сәбізде және басқа көкөністерде кездеседі.

U — витамині асқазан қызыметін қалыпқа түсіреді, оның шырышты қабығына жақсы әсер етеді. Сондай – ақ, ол склерозғада күшті әсер ете алады, өйткені көміртегінің, майдың алмасуына ықпал жасайды, майдың бауырда артық қорлануына кедергі болады. U витамині жылуды көтермиді, сондықтан көкөністерді езіп пісірмеген жөн. Жас күйінде мұздатқан және консервілеген көкөністе U витамині аса ұзақ уақыт сақталады.

К витамині (К – коагуляция деген сөздің алғашқы әріп) қанды ұйытуға себепші болады, мұның өзі қансыраған кезде, кесілген жарақат кезінде үлкен маңызы бар.

К — витаминіне бай өсімдіктерді қайнатпа күйінде және галендік дәрі – дәрмек ретінде, мәселен жүгері аналық аузын, қалақай жапырағын, жұмыршақты, қызыл тамырды, мың жапырақты пайдалынады. Бұл витамин көкөністердің ішінен: ақжелкенде, фенхельде, капустада, сәбізде мол болады. Организімде К витаминінің болмауынан болар – болмас жарақаттың өзі ұзақ уақыт бойы қанайды.