Дәрілік өсімдіктерді дайындау және қолдану тәсілдері

Орман бүлдіргені — биіктігі 5 –20 сантиметірге дейін жететін, көп жылдық, шөптесін өсімдік. Тамыры қысқа, белбеу өседі. Одан көптеген жіңішке, көптеген қосымша тамырлартарайды. Түк басқан сабақтарының кейбіреуілері жатаған, жіңішке, тамырланғыш, гүлдері бар. Орман бүлдіргені жапырақтары мен гүлдеп тұрған 1 – 2 ғана жапырақтары бар жіңішке сабақтан тұрады. Тамырдан шыққан жапырақтар үш бөлімді, сағақтары ұзын, шеттері ара түсті. Гүлдері ақ, сабақтары ұзын. Май июнь айларында гүлдейді, ал жемісі июнь айының аяғы мен июль айының басында пісіп жетіледі,Орнма н арасындағы алаңдарда, шалғынды жерлерде, шабындықтарда, бұталардың арасында өседі.

Дәрілік мақсат үшін өсімдіктің жемісін жинап, көлеңкеде жеңіл екпіні бар жерде кептіріп алады. Бірақ жемістерінің бір – біріне жабысып қалмауы н қадағалау керек, себебі мұндай жағдайда жеміс дұрыс кеппейді. Құрамында С витамині, қант , лимон алма,салицил қышқылдары, иілік заттар бар. Орман бүлді ргені ас қорыту жұмысын жақсартып, тамаққа тәбет шаптыратын, қабынуға қарсы әсер ететін, дененің ау ырған жерін ты ныштандыратын, жарахаттардың жазылуын жылдамдататын, подагра, жүрек, бауыр және бүйрек ауруларына, әсіресе бүйрекке бауырға тас байлағанда өте жақсы шипалық әсчері бар өсімдік болып табы лады. Халық медицинасына көп жағдайда бұл өсімдікті әл сіреген дененің қуатын қалпына келтіріп, ішектің жұмысын жақсартуүшін, асказан және өт жолда рыны ң қабынуын емдеу үшінкеңінен қолданылады. Геморой ауруын емдеп ішек құртарын жою де орман бүлдіргенінің емдік қасиеті мол. Ал қантты диябет ауру ы бар адамдар қантты пайдалана алмайтындықтан, орман бүлдіргенін пайдаланса да болады. Туберкулездіде ежелден осы өсімдікпен емдеп келеді. Егер мұның жемісін күніне 3 килограмнан тамақ орнына пайдаланып, артынша пияз бен тұздалған ащы балық жесе, онда тіпті солитер сияқты ішек құрттарында айдап шығарады. Орман бүлдіргенінің ұнтақталған жемістерінен майдәрі жасап, есек жемдіде емдеуге болады. Оның шөбінен жасалған тұнбаны асқазан, ішек, тоқ ішек қабынғанда және осыған байланыстыіш жүрмей қалғанда немесе керсінше іш өткенде пайдалануға болады. Орман бүлдіргенін қапелімде ленеге ауа жетпей қалғанда, жатырдан көп кеткенде, асқазанға жара түскенде, қан азайғанда, қан қысымы көтерлгенде, атеросклерозауруына қарсы, жүрек ауруларын емдеуүшін пайдалануға болады.

Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. 20 грамм өсімдік жемісін қайнап тұрған бір стакан суға са,.лып 20 минут тұндырады да, шай ретінде ішеді.

Орман құлқайыры — биіктігі 1 метірге дейін жететін, тамыры тұтас әрі түзу, көптеген қосымша тамырлары бар, бір немесе екі жылдық, шөп тектес өсімдік. Бұтақтары көп, сабақтарын түк басқан, тік көтеріле өседі.Ұзын сағақты, 5 – 7 салалы жапырақтары кезектесіп орналасқа, шеттері ара тісті. Ж астау жапырақтарының екі жақтарында да түктері болады. Гүлдері ірі ақ немесе ақшық – қызыл түсті, 2 –3 тен жапырыақтарыны ң қуысына орналасқан. Гүл тотағаншасы бес қалақшадан, гүл тәжі бес гүл жапырақшасынан тұрады. Гүл жапырақшаларының бетінде қою қызыл түсті ұзынша жола қтары және терең ойықтарыбар, ұш жағы түп жағына қарағанда жалпақтау болып келеді. Гүл жапырақтары гүл тостағаншасының қалақшаларынан

3 – 4 есе ұзын. Жемісі жалпақтау әрі ортасы ойыстау келген ішінде көпбеген ұрықтары бар. Бүкіл жаз бойы гүлдеп тұрады. Орман құлқайыры бос жатқан жерлерде, жолдар мен бюақшаларды ң маңайында, бұталардың және сиреген ормандардың арасында кездеседі. Дәрілік мақсат үшін өсімдіктің гүлдері мен жапырағы пайдаланылады да алып кептіреді. Жапырақтарын жаз бойы жинауға болады.

Орман құлқайырының гүлдерімен жапырақтарының құрамында каротин, С витамині, қоймалжың бояулы заттар, крахмал бар. Одан жасалған дәрілердің қақырық түсіреті н, адамды әлдендіретін, жүйкені тыныштандыратын, қабынуға қарсы әсер ететін қасиеттері бар. Осыған байланысты орман құлқайырының жоғарғы тыныс жолдары қабынғанда, жөтел пайда болғанда, дауыс қарлыққанда, тамақ бездері қабынғанда пайдаланады. Дене сыртына іріңді бөртпелер шыққанда және ауыз уылып, сілекей бездері мен тамақ қабынғанда бұл өсімдіктің емдік қасиеті мол деп есептеледі.

Дауыс қарлыққанда, не месе күшті жөте л пайда бол ғанда егіс тік қарамықты, өгейшөпті, апиы н – көкнәрді, балшытыр шөбін орман құлқайырын теңдей етіп алып, осы қоспаның 50 грамы н қайнап тұрған 5 стакан суға 1 сағат тұндырып, 1 стаканнан күніне 5 рет ішеді.

Талақ ісініп, ұлғайғандаорман құлқайыры гүлдерінің және жапырақтарының 200 грамын, қара ж усанның, түймедақтың, сұлының әр қайсысынан 150 грамнан алы п араластырып, үстіне 25 стакан қайнаған су құйып 1 тәулік тұндырадыда, кешке қайнатып, сонан соң су араластырып булау жасап пайдаланады. Сонымен қатар орм ан құлқайырын асқазан ауруы қабынып ауырған жағдайдада пайдалануға болады. Бұл өсімдіктің бір ас қасық ұнтағын 1 стакан қайнап тұрған суға салып 1 сағат тұндырады да, 1 күн ішінде ішіп тауысады.

Қара меңдуана – аса көп тараған, екі жылдық, шөп тектес өсімдік. Қара меңдуананың бір түбінің өзі орта есеппен 10 мыңдай тұқым береді және осыншама куй таңдамай кезкелген жерде өсе береді. Бұл өсімдік үйлердің маңайында, жолдардың бойында, егістік жерлерде кездеседі . Қара меңдуананың биіктігі 150 сантиметрге жетеді. Ұнамсыз, күшті аңқыған иісі бар. Тіктеу өскен сабақтарының сыртын жабысқақ түктер басқан. Бұтақтары көп. Жапырақтары жұмыртқа тәріздес, кезектесіп орналасқан, үсті қошқыл жасыл, астынғы жағы сұрғылт, шетерінде үлкен жұмыр тістері бар. Гүлдері ірі, бұтақтарының жоғарғы жағына, жапырақтарының қуыстарына орналасқан. Гүл тәжісінің ұш жағы қоңырау тәрізді, түсі сарыға жақын, төменгі жағы көкшілдеу. Ұрығы жарты шар тәрізді, қақпағы бар. Пісіп жетілген кезде қақпағы ашылады да , ондағы ұсақ тізбекті, орасн көп майда тұқымдар жерге шашылады май айынан август айына дейін гүлдейді .

Дәрі жасау үшін өсімдіктің жапырағы мен гүл орналасқан бұтақтарының ұш жағын қоса алады. Бұл жұмысты ашық күндері іске асырған жөн. Сонан соң оларды қараңғы жерде қайта – қайта араластырып кептіру керек. Соңынан қолды барынша тазалап жуу қажет. Өйткені қара меңдуана — улы өсімдік. Оның күн бағыс майына салып жасаған тұнбасын суын сырқырағанда, бұлшық еттер қабынғандадененің ауырған жеріне жағады . Қара меңдуана асқазан қышқылын басады, оның түйнеп ауырғанын қойғызады және сондай – ақ ол бронх демікпесіне қарсы қолданылады. Бұл өсімдіктен жасалған дәрі ауру адамның нерв жүйесін тыныштандырады, сондықтан оны психиаторлар да қолданады. Осы өсімдіктің тұқымын жеп уланып қалатын жағда й болады. Ондайда адамның беті мен мойны қызарады аузынан сілекей ағады , кейде құсады, қол – аяқтарының бұлшық еті жиырылып қалады. Уланған адам кейде күледі кейде жылайды, айқайлайды ақылға сиымсыз әрекеттер жасайды.

Тіс ауырғанда қара меңдуананы былай қолдану каерек: темір шәугімге жаңа ғана жаныпболған ағаштың шоқтарын салады, оның үстіне қара меңдуананың тұқымдарын сеуіп шәугімнің қақпағын жабады. Сонан соң оның шүмегінен шыққан түтінді ауырған тіске жібереді. Сөйтіп ауырған тіс лезде басылады.

Қара меңдуананың майлы туындырмасын былай жасайды: өсімдіктің 20 грамм тұқымын майдалап 100 грамм күбағыс майына салды да, 8 – 10 күн тұндырады. Одан экстраты былай алады . 0,25грамм кептірілген жапрагын 100мл суга салып, ол әбден қоюланганша ұзақ қайнатып буландрады. Сонан соң оны 2 тамшыдан 1 қасық суға қосып, күніне 3рет ішеді.

Спиртті тұнбаң; 15 грамм майдалаған қара меңдуана жапырағын 100 грамм спиртке немесе араққа қосып, 8 –10 күн тұндырады. Сонан соң оны 1 қасық суға екі тамшыдан қосып күніне 3 рет ішеді.