Химия ғылымы, оның міндеттері, шешу тәсілдері.
Химия заттар туралы білімдердің жай ғана жиынтығы емес, белгілі әлеуметтік маңызы және басқа ғылымдар қатарында өзінің орны бар, реттелген үнемі дамып отыратын білімдер жүйесі.
Химия ғылымы алдында екі үлкен міндет тұр.
- Берілген қасиеттері заттар алуан — өндірістік міндет.
- Заттардың қасиеттерін меңгеру тәсілдерін анықтау – ғылыми зерттеудің міндеті.
Бұл міндеттердің шешудің 4 тәсілі бар.
- Заттың құрамын анықтау ( элементтік, малекулалық)
- Молекулалардың құрамын анықтау.
- Нәтижесінде осы заттар алынатын химиялық реакцияның термодинамикалық және кинетикалық шарттарын табу.
- Заттың құрылымын деңгейін анықтау.
Химиялық білімдер оларды біріктіру мен жүйелік керек болғанға дейін эмперикалық түрде жинала берді. Химиялық білімді жүйелі түрге келтірген орыс ғалымы Д.И. Менделеев болды. Ол кез-келген дәл білімдер белгілі бір жүйелікте болуы керек деген қағиданы ұстанды. Осындай қағиданың нәтижесінде Олар 1869ж химиялық периодты заңды ашып, химиялық элементтердің периодтық жүйесін табады. Д.И. Менделеевтің бұл жаңалығын химия ғылымындағы төңкеріс деп қарауға болады, өйткені ол жекелеген элементтердің химиялық және физикалық қасиеттерінің арасындағы байланысты ғана анықтап қана қойған жоқ, сонымен бірге барлық химиялық элементтердің арасындағы өзара байланысты тауып анықтады.
Перидтық заң және Мендельевтің химиялық элементтерінің периодтық жүйесі.
Д.И. Менделеевтің өз кестесін құруының негізгі принципі элементтерді олардың атомдық салмақтарының өсуіне қарай орналастыру болды. Элементтердің валенттілігі мен химиялық қасиеттерін негізге ала отырып Д.И. Менделеев оларды іс жүзінде екі жыл созылған шығармашылық қызу жұмыстың нәтижесінде ғылым біздер 100 жылдан астам уақыт, осы күнге дейін қолданып келе жатқан элементтердің периодтық жүйесін жасады. Элементтердің атомдарында валентті электрондар 3 деңгейшелерде орналасқан. Бұдан соң кіші периодтарды электрондар мен S және P деңгейлер толтырады, ол үлкен периодтарды d деңгейлермен толтырады. VI жәнеVII периодтарды сонымен қатар f деңгейлері толтыруы байқалды.
Кестенің негізгі постулаты химиялық элементтің валенттілігі сыртқы электрон қабатындағы электрон сонымен анықталатындығы болып табылды. Сондықтан бұл электрондар валентті электрондар деп аталды.
Химия ғылымдарының даму кезеңдері.
Химияның даму тарихы оның негізгі мәселесін шешу тәсілдерін заңды түрде ауысып отыруы болып табылды. XVII – ғ дейінгі химия ғылымының даму тарихы заттардың қасиеттері туралы мәселені шешудің сан ғасырғы созылған жеміссіз әрекеттері деп қарастыруға болады, Осы мезгіл ішінде денелердің қасиеттерінің пайда болуын түсіндіретін принсиптердің 2 түрі түсініктемесі ұсынылды.
- Атомистикалық натурафилософияның өкілдері Левкин (б.э.д 500-400ж), Демокрит (б.э.д 470-380ж), Эпикур барлық денелер көлемі мен формалары әртүрлі атомдардан тұрады. Бұл олардың сапалық өзгершіліктерін түсіндіреді деп болжам айтты.
Аристотель (384-322) мен Эмпедоко (440-430) денелердің әртүрлілігін оптиотомистикалық поэзиядан денедегі әртүрлі элементтердің тіркелуі арқылы құбылыстармен элемент қасиеттерінің мен қосылуымен түсіндірді. Химия ғылымының даму кезеңі XVII ғ. екінші жартысынан 19 ғ. басына дейінгі кезеңді жатқызады. Заттардың қасиеттерінің пайда болу мәселесінің шешімін ағылшын ғылымы Р.Бойл тапты. оның зерттеулері денелердің сапалары мен қасиеттері дененің қандайматериалдық элементтерден құралдығына қатысты екендігін көрсетті. Бойл заттың ең кіші субстанцияларын (minimanaturalia) деп аталады. Бұл бөлшектер бір-бірімен байланысын үлкенірек бөлшектер – кластерлер жасайды деп тұжырым жасайды. Жалпы химия ғылымының зерттеулерін бір жүйеге тізглеп мынадай зерттеу әдісі қалыптастырады. Заттың қасиеттері . Бұл тәсілғылыми химиялық білімдердің бірінші деңгейі болған заттардыңқұрамы туралы ілімнің басын бастады.
Химияның ғылым ретінде даму кезеңі ХIХ ғ. басынан ХХғ. басына дейін созылған құрылымдық химия кезеңі болды.
ХХғ ретінде дамуының үшінші кезеңі химиялы процестер туралы ілім кезеңі ХХ ғасырдың 1-ші жартысын қамтиды.
4- кезең ХХ ғасырдың 2-ші жартысында эволюцияның химия кезеңі 1960-1980ж химияның басты мәселесін шешудің эволюциялық химия деп аталатын жаңа тәсіл пайда болды. Бұл тәсілдің негізінде химиялық жүйелердің өздігінен құрылуына әкелетін шарттарды пайдалану принціпі жатыр. Химиялық бөлімдердің дамуының 4 деңгейін ирархия немесе субординация қатынасында болатын 4 концептуалды жүйе деп аталады.