Жаратылыстанудың физикалық принциптері мен концепциялары

Физика құрылымыныңконцептуальді жүйелері.

Физика – заттар мен құбылыстардың ең қарапайым да, сонымен бірге ең ортақ жалпы қасиеттері туралы ғылым.

Бірінші концептуальды жүйенің негізінде классикалық механика жатыр, осы жүйеге акустика, аэро — мен гидродинамика да кіреді. Екінші концептуальды жүйенің негізін статистикалық механика (бұлар да термодинамикалық теориялар) қалайды. Үшіншіконцептуальды жүйе салыстырмалықтың арнайы теориясына негізделген; бұл жүйеге электродинамика, оптика, магнетизм туралы ілім және т.б. кіреді. Төртінші концептуальды жүйе квантты механикаға негізделген. Бұл жүйеге атомдық физика, химия, ферромагнетизм туралы ғылымдар кіреді.

Ломоносов жылу мен газдардыңкинетикалық теориясының негізін қалаушылардың бірі, материя мен қозғалыстың сақталу заңының авторы, алғаш рет температураның абсолюттік нөлінің барлығын алдын ала болжады.

Даниялық физик Эрстед (1777 — 1851) пен француз физигі Ампер (1775 — 1836) электр тоғы бар өткізгіштің магнит стрелкасының ауытқу әсерін тудыратынын тәжірибе арқылы дәлелдеп көрсетті. Ампер жаңа ғылымның – электродинамиканың шын мәнінде жасаушысы болды.

Электромагнетизм саласында Фарадей ашқан жаңалықтарды көрнекті ағылшын физигі және математигі Максвелл (1831 -1879) дамытып жетілдірді.

Максвелдің электромагниттік өріс теориясы физика мен жаратылыстануда жаңа кезеңнің басталуын жария етті. V ғасырда материяның ең ұсақ бөлшегі — атом туралы түсінік берілді. Ертедегі грек ойшылдары материя аса ұсақ бөлшектердің қосындысынан, атомдардың түрліше бірігуінен алуан түрлі денелер құрылады деген жорамал айтқан еді. Атомның бөлінбейтін аса ұсақ материалдық бөлшек ретіндегі ұғым физикаға химиядан ауысты.

Химия – заттар мен олардың қасиеттері, заттардың бір – біріне айналумен қабаттаса жүретін құбылыстар туралы ғылым. Химияның заттар туралы білімдердің жай ғана жиынтығы емес, белгілі әлеуметтік маңызы және басқа ғылымдар қатарында өзінің орны бар, реттелген, үнемі дамып отыратын білімдер жүйесі. Химияның екі бірдей мәселесі, бұл:

  1. Берілген қасиеттері бар заттар алу — өндірістік міндет.
  2. Заттардың қасиеттерін меңгеру тәсілдерін анықтау — ғылыми зерттеудің міндеті.

Алынатын заттардың қасиеттеріне ықпал жасайтын негізгі табиғи факторлар:

  1. Заттың құрамы (элементтік, молекулалық).
  2. Молекулалардың құрылымы.
  3. Нәтижесінде осы заттар алынатын химиялық реакцияның термодинамикалық және кинетикалық шарттары.
  4. Заттың құрылымының деңгейі.

1869ж химиялық периодты заңды ашып, химиялық

элементтердің периодтық жүйесін жасады.

Д. И. Менделеевтің бұл жаңалығын химия ғылымындағы төңкеріс деп қарауға болады.

Қазіргі ғылым барлық әлемдік денелердің өзара байланысты да дамушы системасын космос деп түсіндірді. Бүкіләлемді зерттейтін космология ғылымы космостық денелер мен олардың түзетін әр түрлі жүйелердің құрылымы мен дамуын зерттейтін ерте заманғы ғылым астрономияның дамуынан шықты. Астрономиядағы материя иерархиясының құрылымдық деңгейлерінің ішінен планетаны, жұлдызды, галактиканы және метагалактиканы бөліп айтады.

Күн жүйесі. Күн жүйесі Күннің тартылыс күші әсер ететін кеңістік аймағын қамтиды және оның размері Күн мен жердің арасындағы қашықтықтан 2 х 105 есе үлкен. Күн жұлдыз ретінде – бұл жәй сары карлик, қатты қызған плазмалық шар.

Бүкіләлем кеңістігін космология (греч. kosmos – Бүкіл әлем)ғылымы зерттейді.