Жаратылыстану ұғымы жаратылыстану курсының мақсаты мен міндеті
“Жаратылыстану” ұғымы екі сөзден құралған – “жаратылыс” (табиғат) және “тану” немесе білу. Қазіргі кезде жаратылыстану термині дәл жаратылыстану ұғымын білдіреді.
Дәл жаратылыстану – бұл толығынан қалыптастырылып дайындалған ( көбіне математикалық формулалармен) Ғаламдағы бар немесе бар болуы мүмкін барлық нәрселер туралы нақты білім (ғылым)
- Жаратылыстану – бұл табиғат туралы біртұтастық ретіндегі ғылым.
- Жаратылыстану – бұл біртұтас ғылымдардың жиынтығы.
Жаратылыстанудың мақсаттары :
- Барлық физикалық, химиялық және биологиялық құбылыстардың органикалық бірлігін құрайтын жасырын байланыстарды анықтау.
- Осы құбылыстардың өзін тереңірек және нақтырақ танып білу.
Жаратылыстану ғылымы физикаға, химияға, биология
мен психологияға бөлінетіні белгілі. Физиктер тек қана әр түрлі материалдық денелермен ғана емес, жалпы материяны зерттейді. Химия әр түрлі заттармен айналысады. Биологияның зерттейтін заты – тірі организмдер (ағзалар), ал психология – адам психикасының құпияларын танып – білумен шұғылданады.
Қазіргі жаратылыстанудың негізгі сипаттық белгілері.
Жаратылыстық ғылымдарға физика, химия және биологиядан басқа да, мысалы, кешенді сипаттары бар геология мен география да жатады. Негізгі жаратылыстық ғылымдар иерархиясының циклдік тұйықталған сипаты бар. Төмендегі сызбадан физиканың химияға негіз болатыны; ал химияның өз кезегінде биология мен психологияға негіз болатыны көрініп тұр. Психология жоғары орында тұр, бірақ, сонымен қатар, циклдік тұрғыда барлық тізбектің бастапқы ғылымы физикамен тұйықтасады.
Физика Химия Биология Психология
Циклділік – бұл Табиғаттың өзіне тән қасиет. Табиғаттағы заттардың айналымы баршаға белгілі. Қазіргі жаратылыстануды Табиғат туралы жаратылыстық ғылымдардың жиынтығы деп қана емес, құрауыштары (жаратылыстық ғылымдар) бір – бірімен соншалықты тығыз байланысқан, бір – бірінен шығатын, нағыз біртұтастықты көрсететін бірыңғай жүйе ретінде түсінуге болады.
Әлемнің жаратылысты – ғылыми бейнесін (картинасын) тікелей жасайтын ғылымдар – астрономия, космология, космогония және физика. Ғылымның күрделі творчествалық іс деп саналуының бір себебі сол,онда тәжірибеден теорияға көшетін бір өткелі жоқ. Оның ғылыми жолы — салыстыру, абстракциялау, жалпылау, талдау, синтездеу сияқты жалпы әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы іске асатын диалектикалық таным жолы. Ғылымның басқа қоғамдық сана формаларынан басты бір айырмашылығы сол, онда жаңа білімді қорытып шығарудың әдіс – тәсілдері, яғни ғылыми әдіс шешуші роль атқарады. ХVІІ ғасырда яғни классикалық жаратылыстанудың туу дәуірінде ағылшын ғалымы Ф.Бэкон мен француз ғалымы Р.Декарт ғылымды дамытудың бір – біріне қарама – қарсы екі методологиялық программасын: эмпириктік және рационалистік әдістерін тұжырымдады. Бұл методологиялық әдістер таным процесінде маңызды тарихи үлкен ролі атқарады.
- Қазіргі жаратылыстану принциптері
А) көп нұсқаулылық
Б ) қосымшалық тәуелділік
В) зерттеудің эмпирикалық әдістері
- Теориялық әдістер(байқау, эксперимент, сипаттау, өлшеу)
Жаратылыстану обьектілеріне қолданылатын бүкілжалпылық әдістер
Анализ – бұл мағлұмат процедурасы ой немесе реалды бөлшектеу, обьектті жеке элементтерге бөліп оларды жүйелі қасиетін және қатынасын табу.
Синтез – бұл операция анализде зерттеліп жатқан элементтерді бір тұтас бүтінге біріктіру.
Мысалы: химияда қарапайым заттардан күрделі заттарды алу.
Қазіргі кезде ғылымда 15 мыңға жуық пәндер бар, ол ғылымның дамуының бастапқы кезеңінде саны 20 – ға жетпейтін. Ғылымның дамуында қазіргі этанымда зерттеліп жатқан шындықты нақтылау және ғылыми мағлұматтың өсуі дифференциялануымен бірге ұсақ бөлімдерге бөліп жатыр. Жаратылыстану пәндерінің ішінде аралық пәндер пайда бола бастады. Жартылыстануда жалпы методологиялық функцияларды орындайтын теорияларды жасау. Жаратылыстанудың дамуында дифференция және интеграция процестері өзара жоққа шығару емес, ал бір – бірін толықтырып отыратын тенденция.