Құстардың экологиялық топтары

Жер шарында құстар тарамаған жер өте сирек кездеседі.Құстардың бір қатары теңіз деңгейінен төмен жерде, ал енді бірқатары теңіз деңгейінен әлдеқайда биік жерлерде де кездеседі. Құстардың ұшу қабілеті басқа омыртқалылардың таралуына кедергі болатын жағдайлардан тез өтуіне мүмкіндік береді. Екіншіден жыл мезгілінің қолайсыздығына қарай тіршілік еткен мекенін тастап, қолайлы жағдай бар бөлігіне баруға толық мүмкіншілігі бар.

Құстардың таралуына ауа температурасы да үлкен әсер етеді. Насекоммен қоректенетін құстардың таралуының шегі солтүстікте температурада насекомдар өте аз болады, сонымен қатар жыл маусымының ондай қысқа мерзімінде құстар балапандарын толық жетілгенге дейін қоректендіріп үлгіре алмайды.

Құстардың таралуына дымқылдықтың да аздап болса әсері бар. Құрғақшылықтың әсерінен су қоймаларының, батпақтың ауданы кшірейіп үйрек, жылқышы, батпақты жер, қорек болатын жануарлар мен өсімдіктер құрып кетеді. Ұзақ уақыт бұлт басып, температура төмендеп, дымқылдықтың артуы құстарға қорек болатын көптеген жануарлар мен өсімдіктердің қалыпты тіршілігіне нұқсан келтіреді.

Құстар тіршілігі үшін жарықтың да маңызы зор. Өйткені, құстардың көпшілігі күндіз белсенді түрде тіршілік өтеді. Күннің қысқаруы көптеген құстардың тіршілігін қиындатады, олар тіршілігіне қажетті қорегін қамти алмайды.

Жарықтың белгілі бір мөлшерден артық болуы құстарға қолайсыздық етпейді. Қиыр Солтүстікте жаз кезінде бірнеше ай бойы күннің батпауы түнде жемін аулайтын құстардың тіршілігіне нұқсан келтірмейді, олар тез арада күндіз тіршілік етуге ауысып кетеді. Ондай құстарға ақ жапалақ, қаршыға жапалақ, қауырсын аяқты байғұз, т.б. жатады. Түнде тіршілік етуге беймделген құстардың түрі көп емес, оларға жататындар – жапалақтар, үкілер, байғұздар, кивилер.

Осы кезде тіршілік ететін құстар ағашты, бұталы, батпақты сулы орталарда мекен етеді. Бірақ сүтқоректілерге қарағанда, құстардың бейімделген орталары оншама көп емес. Мысалы құстардың ішінде тек қана суда тіршілік ететін немесе топырақтың қалың қабатында тіршілік етуге бейімделген түрлері болмайды.