Су құстары. Бұған сегіз отрядтың өкілдері: пингвиндер, чистик тәрізділер, шағалалар, түтік тұсмсықтылар, гагар тәрізділер, ескек аяқтылар, қаз тәрізділер енеді. Сулы ортада тіршілік етуі және олардың дене құрылысындағы бейімделушілік әрбір түрінде түрліше болады.
Жалпы белгілері қауырсыны өте тығыз, мамығы өте жақсы, құйымшақ безі жақсы жетілген, саусақтарының арасында тері жарғағы болады.
Сүңгурілер — өмірінің көпшілігін суда өткізетін, сула ортада тіршілік етуге бейімделген құстардың тобы. Қорегінің бірқатарын судың ішінен, ал енді бірқатарын судың түбінен табады. Бұлар балықтармен, шаян тәрізділер және моллюскалармен қоректенеді. Олардың көпшілік түрі нашар ұшады, ал барлығы да суға жақсы сүңгиді. Сулы ортаға өте жақсы бейімделген пингвиндер мүлдем ұша алмайды. Бірақ өте жақсы сүңгиді.
Ауада – суда кезедесетін құстар тобына шағалалар, крачкалар, түтік тұмсықтылар жатады. Сүңгуірлерден ерекшелігі жақсы ұшады. Олар ұяларын суға жақын жерге салады. Балық аулайды. Оны ұшып жүріп байқап, құйылып келіп ұстап, қоректенеді. Тұмсығы қуатты, ұзындау әрі ұшы төмен қарай иіліп тұрады. Құрлықта жақсы жүре алады.
Өкілдері: дауылпаздар, теңіз және өзен жағалаулары.
Жерді және суды мекендеуші құстар тобына: үйректер, аққула, қаздар жатады. Олар ұясын су қоймаларынан жырағырақ салады. Басқаларына қарағанда сулы ортамен тіршілігі тығыз байланыстысы – сүңгуір үйрек, олар жақсы сүңгиді, су қоймаларында ғана қоректенеді. Қоректік заттарына балықтар мен омыртқасыздар жатады. Оларды сүңгуір үйректер судың терең қабатынан да тауып ала алады. Сүңгуір үйректер жақсы ұшады, бірақ ауаға тез көтеріле алмай су бетімен біраз жерге жүгіріп барып көтеріледі.
Нағыз немесе өзен үйректерінің сумен байланысы нашар, көпшілік жағдайда құрлықтан қорек табады. Судың тайыз бөліктерін мекендейді. Нашар сүңгиді. Аузындағы «сүзгі аппараты» үйректерге қарағанда нашар жетілген, жақтарының жиектерінде мүйізді тісшелері болады, осының жәрдемімен өсімдіктерді жұлып алып жейді.