Отряд үсті тармағы Пингвиндер

Пингвиндер — ежелгі құстар тобы болып табылады, олар Жаңа Зеландия, Австралия және Оңтүстік Американың эоцен қабатынан белгілі. Филогенетикалық жағынан бұл құстар бәрінен бұрын түтіктанаулыларға жақын болуы мүмкін. Дене тұрқы 40 см-ден 120 см-ге дейін (император пингвині) ауытқып отырады. Ұша алмайды, аяқтары қысқа, тұлғаның артына қарай орналасқан, құрлықта епетейсіз қозғалады. Жақсы жүзгіштер, жүзу кезінде су қабатында жіңішке қанаттарымен (ескек тәрізді) қарқынды жұмыс жасайды және аяқтарындағы жарғақшаларының көмегімен әрі құйрығымен бағыттайды. Адели пингвині жұмыртқасын кезектесіп 35 тәулік бойы шайқайды. Балапандары ширақ, денесін мамық басқан, көзі ашық. Пингвиндердің негізгі қорегі — балық, басаяқты моллюскалар және шаянтәрізділер (криль). Қазіргі кезде антропогендік факторлардың әсерінен пингвиндердің саны біртіндеп кемуде. Ең солтүстік түр — галапагосс пингвині Галапагосс аралдарына дейін жетеді. Көптеген балапандар суықтан, аштан және жыртқыш шағалалар — поморниктерден қырылады. Үш тәуліктен соң бірнеше ондаған балапандар топқа («ясли») брігеді. Топтарды бірнеше ересек құстар байқап жүреді. Пингвиндердің ішіндегі ең ірісі- император пингвині (Aptenodytes forsteri), ол Антарктида жағалауларында мекендейді, аталықтарының салмағы 40 кг-ға, бойы 1,10-1,20 м жетсе, ал аналықтары сәл кішірек болады.

Субантарктидада басқа бір пингвин — королъ пингвині (A.patagonica) тіршілік етеді. Майда түрлерге адели, субантарктидалық Магеллан пингвиндерін жатқызуға болады. Алтыншашты пингвиндер — айдарлы Виктория пингвині, аітыншаш, үлкен айдарлы пингвиндер тобына жататын құстардың орташа денелілер (дене тұрқы 75 см-ге дейін). Бұдан бірнеше жыл бұрын Бұл құстардың коллониялары өте үлкен болған-ды, қазіргі кезде де олардың саны біршама көп. Алтыншашты пингвиндерге сарыкөз пингвин жақын, ол Жаңа Зеландияның Оңтүстік аралында және Стьюарт, Кемпбелла, Окленд аралдарында таралған. Ең майда пингвиндер (бар-жоғы 40 см) — кіші және аққанатты пингвиндер, Бұлар Австралияға жақын теңіздерде мекендейді. Галапагосс пингвині (Speniscus mendiculus) ХТҚО-ң Қызыл кітабына тіркелген.