Біздің жер деп аталатын планетамызда су ерекше ро атқарады. Өзі жаралған3-3,5 миллиард жылдар ішінде жердің басынан өткен ұлы өзгерістерге әсер ету жағынан суға бәлкім, парапар кеетін зат жоқ шығар. Сусыз тіршілік жоқ. Су тірі организмдердің бөлінбес бір бөлігі. Ол жан – жануарлардың, адамның қанының, етінің, майының, миының, тіпті сүйегінің құрамында болады. Организмінің 65- 75%- і судан тұрады, ал кейбір теңіз жәндіктерінің, мысалы, медузаның денесінің 97-98 %- і су. Тіршілікті судан бөліп қарауға болмайды. Су – жер бетінде алғаш тіршілік туғызған орта. өмірдің өте тұзы мол, жылы суда басталған. Сондықтан да қазақ елінін ақыл сздерінің бірі – “сулы жер – нұрлы жер” деп айтуы. Қандай көп философиялық мағына жатыр десеңізші. Қазақ елі қндай данышпан халық. Табиғатты аялай білген.
Аштыққа қарағанда, шөлге төзу өте қиын.Ол туралы француз жазушысы Де – экзюпири “шөл жүргенде” деген шығарамасында жазған еді. Адам, жануар, өсімдіктер өз организміен судың 10-12%жоғалса, өлім қаліне душар болады. Сусыз тірі организм қоректене де, дами да, өсіп-өне де алмайды. Адам да, жан – жануарлар да қоректенгенде ол қоректік зат қанға өтуге тиіс. Қоректік заттар ішек арқылы қанға өтуі үшін сулы ерітіндіге айналады. Қанның құрамында да көп мөлшерде су бар. Қоректік заттар ағзаның әрбір клеткаларында бір күйден екінші күйге айналып тіршілік процесін сақтауға қажетті жағдайлар тұғызады.
Тірі организмдерге аспен бірге судың жана мөлшері үнемі қосылып, сондай мөлшерде организмнен бөлініп отырады. Тер бездерінен буланып шығатын су дененің температурасын бір қалыпты ұстайды. Оның үстіне су ағзадағы әр түрлі зиянды заттарды сыртқа шығарып, тазалап отыруға көмектеседі. Судың сімдік өміріндегі рөлі де ерекше. Ол өсімдікке топырақтағы қоректік заттарды жеткізеді және белгілі мөлшерде өсімдіктің температурасын қалпына келтіріп, оны жазғы ыстықта қурап кетуден сақтайды. Қоректік заттар топырақта қаншама болып үйіліп жатса да, өсімдктер оларды сусыз құрғақ күйде қабылдай алмайды. Сусыз берілген қорек пайдасыз тамақ сияқты. Міне, сол себептен де халқымыз “Суы тасыған жердің көгі тасыр” деп бекер айтпаған.
Жануарлар мен өсімдіктердің суды қажет етуінің өзі әр түрлі. Олардың кейбіреуі суды өте аз мөлшерде пайдаланса, екінші бірі көп мөлшерде керек етеді. Бір гектар жердегі бидай өзінің бүкіл вегетациялық кезінде тпырақтан атмосфераға 2000 т суды, ал 1 гектар жердегі жүгері 3200 т суды сіңіріп буландырады.
Жер шарының төрттен үш бөлгін су басып жатыр. Оны мынадан көруге болады: жердің жалпы аумағы 510 млн км2. Оның 149 млн км2 немесе 29,2 %құрлықтың үлесіне тиеді де, судың үлесіне 361 млн км2 немесе 70,8 %тиеді. Құрлықтың 16 млн км2 мәңгі мұз басып жатыр, ал миллион шаршы шақырымға жуығын ірлі-ұсақты көлдер алып жатыр. Батпақты және жартылай батпақты жер 5 млн км шамасында. Міне осындай үлкен су орталығында құрлық азғантай ғана.
Судың ең көп блігі мұиттар мен теңіздерде жатыр, ол 1370 млн км3 тең. Биіт тау жоталары мен полярлық мұздарда 30 млн км3 су болса, су тамшылары түрінде атмосфераның құрамында 7-15 млн км3 су бар. Міне осынша жер бетіндегі барлық гидросферадағы су 1400 млн км3 , оның 97,6%мұиттар мен теңіздерде, 2,14 %мәңгі мұздарда, 0,29 %құрлықтарда да, ал 0,0005%атмосферада.
Дүние жүзінде 4 мұхит бар екенді баршаға белгілі. Олар: Тынық мұхиты, Солтүстік мұзды мұхиты, Үнді мұхиты және Атлант мұхиты. Жер жүзіндегі ең терең мұхит – Тынық мұхиты, оның орташа тереңдігі 4028 м, өте терең жері (мариан қойнауындағы тереңдік 10863 м) жетеді. Үнді мұхитының орташа тереңдігі 3897 м, Атлант мұхитының орташа тереңдігі 392 м, Солтүстік мұзды мұхиттың орташа тереңдігі 1204 м.
Су біздің жер деп аталатын планетамыздың тек үстіңгі бетнде ғана емес, қоры бу, қар немесе су тамшысы түрінде атмосферада болады. Атмосфераның төменгі қабаты тропосферада (10,15 км биіктікке дейін) су әруақытта болады. Ал неғұрлым жоғарғы қабаттарда су болмайды.
Жердің ішкі қабатында да су мол болды. Бұлар жер асты сулары делінеді. Жер астындағы су мөлшері жағынан мұхиттар мен теңіздердің суынан кейін екінші орын алады. Орыстың са көрнекті ғалымы академик В.И.Вернадский “Біз табиғатта өз құрамында су сақтамайтын бірде бір затты көрген жоқпыз” – деп жазған еді (1926 ж).
Бүкіл құрлықтың үстіңгі бетін жауып жатқан топырақ қабатында белгілі бір дәрежеде су қоры сақталады. Жердегі судың мөлшері бір проценттен 70%-ке дейін барады, ылғалы 15-25 %дейін баратын жер жиі кездеседі. Міне, мұның зі топырақтың бестен бір блігі су болатынын көрсетеді. Су қуыс-қуыстарға және тау жыныстарының те кішкета, көзге крінбейтін жарықшаларына жиналады. Су жер қартысының қабаттарына де терең бойлап кетеді. Жер астында болатын судың төменгі шегі 13-14 км тереңдікке барады деп есептеледі. Ал одан тереңірек қабатта су бу күйінде болуы мүмкін. Сонымен 10-15 км асатын қабатта және жер бетінен төмен 50 км жерде су барлық физикалық қалыпта: қатты, сұйық және газ түрінде болады.
Теңіз суы, атмосфера және жер астындағы сулар бір – бірімен қатыспай тұра алмайды. Биосферада аса мол су атмосферадан жердің үстіне, ішкі бойына түсіп, одан қайта шығып жататын процестер үздіксіз болып тұрады. Міне, енді біз судың биосферада жасайтын тамаша айналымымен жете танысамыз.
Сонымен қатар, жер жағдайында су бір қалыптан екінші қалыпқа оңай көшіп отырады: буланады, қатады, ериді. Міне, сондықтан да су үнемі қозғалыста болады. Өзен, көл, теңіздердің бетінен жылдың қай мезгілінде болса да ауаға көзге крінбейтін булары үнемі көтеріліп жатады. Оларды жел көтеріп әкетіп, шексіз аспан әлеміне жайып жібереді.
Ауаның температурасы неғұрлым жоғары болса, онда бу түріндегі су да көп болуы мүмкін. Алайда, ауадағы су буының мөлшері шексіз өсе бермейді: температура қалыпты болса да, ауаның су буына қанатын кездері үнемі болып тұрады. Мәселен, 200 аязда су буына қанған бір текше метр ауада 1 гр бу, 00 5 грамм, ал 200 жылылықта 17 грамм бу болады. Егер де ауа су буына толғаннан кейін де, бу оған қосыла берсе, онда бу қиыршық қарға немесе тамшыға айналып, қоюлана немесе конденсациялана бастайды. Егер су буына қанған ауа белгілі бір температурада тоңази бастайтын болса да бу қоюланып, бұлт п.б.
Бұлт құрайтын су тамшылары өте кішкентай болады – олардың диаметрі сантиметрдің мыңнан бір бөлігінен аспайды. Мұнда кішкентай тамшылар ауада жеңіл сақтала береді. Кейде тонналаған суды сақтайтын бұлттардың атмосферада ұзақ жүре беретіні осыдан.
Ал бұлттың аса жоғары көтерілетінісондай, оның үстіндегі тамшылар қатып қалады. Құралған мұз кристалдары басқа тамшылармен дәреу бірігіп, ауырлай бастайды. Егер ауаның жылы қабаты кездессе, ол кристалдар еріп, жаңбыр тамшысына айналады. Ал, егер, ауаның температурасы төмен болса, онда қар болып жауады.
Қыста жауған қарды, көктемде күннің жылы сәулесі ерітіп,, сылдырлаған суға айналдырады. Жан –жақтан аққан мыңдаған бұлақтар бірігіп алып өзенге ағады. Қар еріген кезде өзеңдер тасып, өз арнасынан асып кетеді. Жаздың ыстық кезінде тартылып кеуіп, қалатын кішкентай өзендер де тасып, суы арнасынан асып, бірнеше шақырымға жайылады. Жерге жауған жауын- шашынның бәрін бірдей өзеңдер теңізге ағыза бермейді.
Оның біразы қайтадан бу болып көтеріледі де, қалғаны топыраққа сіңіп кетеді. Жер астына барған сулардың біразы қайтадан жер үстіне шығатын жолды табады, содан суық бұлақтар пайда болады.
Атмосфераға су булары өсімдіктер қабығы, жапырағы арқыла да көп буланып ктеріліп жатады. Транспирация нәтижесінде бөлінген судың мөлшері өсімдіктің түрі – не өсімдік бірлестіктерінің типіне, климаттық факторларға, жылдың мезгілдеріне және басқа да жағдайларға байланысты. Орман өсімдіктері мен мүкті өсімдіктердің транспирациясының қарқындылығы нәтижесінде буланған судың мөлшерін теңіз бетінен буланған су мөлшерінен асып кетеді.