Микроэлементтер

Микроэлементтер — микроэлементы. Өсімдіктерде өте аз мөлшерде кездесетін, бірақ олардың қалыпты дамуына немесе індетсіз тіршілік етуіне өте қажет элементтер. Олардың мөлшері мыңнан бір, жүзмыңнан бір процент шамасында болады. Микроэлементтерге бор, фтор, марганец, мыс, мырыш, йод, барий, титан, литий, бром, никель, молибден, кобальт және т.б. жатады. Микроэлементтердің көпшілігі организмдегі биохимиялық процестердің қалыпты жүзеге асуына қатысады.

Бор – Бұл элементтің өсімдік тіршілігіндегі физиологиялық маңызы алуан түрлі деуге болады. Ол көптеген ауылшаруашылық өсімдіктердің қалыпты өсіп дамуына қажетті элементтің біріне жатады. Бор жетіспеген жағдайда қант қызылшасының тамыры шіри бастайды, жапырақтары сарғайып кетеді. Бұл элемент дәнді дақылдарға және жалпы дара жарнақтыларға қосжарнақтыларға қарағанда көп қажет емес.

Сонымен қатар, бор микроэлементтердің ішінде физиологиялық маңызы жағынан өте көп зерттелген элементтің бірі болып есептеледі. Қоректік ортада бор жетіспеген жағдайда көмірсулардың синтезі, тасымалдануы, өсімдіктің репродуктивті мүшелерінің дамуы, ұрықтануы жане жеміс түзу қабілеті бұзылыды.

Бор тапшы жағдайда өсімдіктер жапырағында кіші молекулалы көмірсулардың концентрациясы көбиеді және олардың ара қатынастары өзгереді. Клеткалардың осмостық қысымы жоғарылайды.

Бордың жетіспеуінен өсімдіктің пісіп жетілген бөліктерінде аммиактың, сондай- ақ, ерігіш азотты қосындылардың мөлшері көбейіп, оның есесіне белоктар мөлшері азаяды.

Өсімдіктердегі бор тапшылығының белгілері көбінесе карбонат, қоңыр түсті батпақты, сондай – ақ ізбестелген топырақтарда байқалады. Бордың жетіспеуіне әсіресе қант қызылшасы, зығыр, күлді қырық қабат, алма, алмұрт өсімдіктері сезімталдау келеді.

Дәнді дақылдарда бордың тапшылығынан сабақтары жуандап, соңында өсуін тоқтатады. Масақтардың және сіптебастардың пішіндері қисық – қыңыр болып өзгереді.

Марганец — ең бірінші 1788 жылы жабайы зере өсімдігінің және әртүрлі ағаш тектестердің күлінен табылды. Одан соң бұл элементтің барлық өсімдіктерде болатындығы белгілі болды.

Көптеген зерттеулердің нәтижесінде марганецтердің өсімдік жапырақтарында хлорофилдің, басқада пигменттердің синтезделуі олардың мөлшері мен ара – қатынастарына әсер ететіндігі де дәлелденді. Мысалы, қант қызылшасын құрамынды марганец жоқ қоректік ортада өсіргенде клеткалардағы хлоропластар саны азайып, хлорофилл мөлшері төмендейді.

Марганецтің әсерінен фосфорлы қ осындылардың, ДНҚ, РНҚ алмасуы жеделдеп, жапырақтардағы белоктардың мөлшері жоғарылайды.

Бұл элементтің тотығу – тотықсыздану процестердегі әсері өсімдіктердің қоректенуіне байланысты өзгереді. Марганец тотықсыздырғыш, аммиакпен қоректенгенде – тотықтырғыштық әсер етеді.

Азотты қорек көбейген сайын өсімдік марганейті көбірек қажет етеді. Қоректік ортада марганец болмаған жағдайда өсімдік ұлпаларында негізгі элементтердің мөлшері көбейіп, ара – қатынастары бұзылады. Марганец болмаған жағдайда өсімдікте темір болады. Керісінше, марганец концентрациясының кобеюінен темір мөлшері азаяды да, өсімдік оның тапшылығынан зардап шегеді.

Табиғи жағдайда марганец тапшылығының сыртқы белгілері қант қызылшасында, картопта, асбұршақта, сұлыда, үрме бұршақта, жеміс жидектерден — шабдалыда, өріктерде, алмада, шиеде, таңқурайда жиі кездеседі. Марганец тапшылығының негізгі көзге оңай түсетін белгісі – жапырақ жүйкелерінің арасы қойырланып, қурап қалады.

Мырыш – жеткіліксіз ортада өскен шырын жемістілерде (цитрус) және қызынақта еритін қанттардың мөлшері көбейіп, сахароза мен крахмалдың мөлшері азаяды.

Мырыш тапшылығының оңай байқалатын белгісі ретінде өсімтердің өсуін баяулап, буын аралықтарының өсуінің толық тоқтайтындығын келтіруге болады .Кейбір өсімдіктерде (қызынақ, күнбағыс) мырыш жетіспегенде ауксиннің мөлшері кемиді.

Мырыштың жетіспеуінен азоттың еритін органикалық қосындыларының мөлшері көбейеді. Мысалы , қызанақты глутамин мөлшері 7 есе, аспарагин 50 есе артады. Сонымкн қатар амин қышқылдарының жалпы мөлшері өте көбейіп, олардың сапалық құрамы мен ара – қатынастары өзгереді.

Мырыш өсімдіктердің саңырауқұлақтар мен бактерияларға төзімділігін арттырады.

Көп жағдайда оның жетіспеуінен өсімдіктің жас өркендерінде майда, енсіз жапырақтар тостағанша пайда болып, буын ралықтары өте қысқарып, оның салдарынан өсімдік аласа болып өседі .

Табиғи жағдайда мырыштың тапшылық белгілері үрме бұршақ, қытай бұршақ, жүгері, зығыр, үпілмәлік, құлмақ өсімдіктерінде және алмада, алмұрт, өрік, шие, жүзім сияқты шырынды жемістілерде жиі байқалады.

Мыс — өсімдіктердің қалыпты өсіп дамуына қажетті микроэлементтерінің бірі – мыстың өсімдік құрамындағы мөлшері 1 кг құрғақ затқа есептегенде 1 ден 20 мг дейін аралықта болады. Оның көп шоғырланатын орыны – митохондриялар айналасы, мембраналар арасындағы қуыстар, матрикс және құрлыстық белоктар құрамында кездеседі.

Мыстың зат алмасудағы маңызы өзіне тән ерекше қасиеттеріне байланысты. Біріншіден, мыс иондары амин қышқылдар, белоктар және басқа да полимерлермен реакцияға түсіп тұрақты жиынтық қосындылар түзеді. Екіншіден, мыс иондарының жеке күйіне де катализдік қасиет тән, онысы ол белоктармен байланысқанда арта туседі. Үшіншіден, мыс ионы бір электронды оңай бөледі де, қабылдайды да. Соған байланысты оның әрі донорлық, әрі акцепторлық маңызы бар.Мыс өсімдіктегі азотты қосындылардың алмасуына қажет нитраттардың тотықсыздануына қатысады.

Мыс тапшылығынан өсімдіктерхлороз ауруына шалдығады, бұтақтануы нашарлайды, дәндері дұрыс қалыптаспайды. Бидай, арпа, сұлы, алмұрт ,алма, қара өрік , шырынды, жемісті (цитрус ) өсімдіктер мыстың тапшылығына сезімталдау келеді. Астық дақылдардың жапырақтары ағарып , ұштары қурап қалады. Жас жапырақтар дұрыс жайылып өспей ,тез солады.

Молибден — жоғары және төменгі сатыдағы өсімдіктерге ,сондай-ақ микроорганизмдерге де молибденнің қажеттілігі көптеген ғылыми зерттеулердің нәтижесінде дәлелденген . Әсіресе бұршақ тұқымдастар бұл элементті көбірек пайдаланады. Жалпы өсімдіктің жас мүшелерін молибденнің мөлшері көбірек болады. Өсімдік дамуының вегетативтік кезеңінде жапырақтағы , әсіресе жоғарғы,молибденнің мөлшері біртіндеп көбейеді де, көбею органдары қалыптасқан кезде азаяды.

Молибденнің тапшылығынан фотосинтез бен тыныс алу процестерінің нашарлауына байланысты, көмірсулардың және органикалық қышқылдардың бұзылады.

Молибденнің әсерінен жапырақтарда бос рибосомалардың саны азайып , байланысқан рибосомалар көбірек болады.Молибден аскорбин қышқылының мөлшеріне де ықпалын тигізеді, ол жетпегенде өсімдіктерде бұл витаминнің мөлшері азаяды.

Молибденнің тапшылығынан өсімдіктерде байқалатын белгілерге — өсуінің баяулауы, хлорофилл синтезінің төмендеуіне байланысты жапырақтардың көгілдірленуі жатады. Оның жеткіліксіздігі қышқыл топырақтарда байқалады. Молибден көп болса, өсімдікке уытты әсер етеді. Ауыл шаруашылық өсімдіктерінің құрамында молибденнің мөлшері қалыпиағыдан көбірек болса адам және хайуанаттар организміне зиян тигізеді.

Кобальт — бұл элемент өте аз мөлшерде (0,05-11,6 мг / кг құрғақ затқа ) барлық өсімдіктерде кездеседі. Жоғары сатыдағы өсімдіктер ішінде суда өсетіндердің және бұршақ тұқымдастардың құрамында кобальт мөлшері басқаларға қарағанда көбірек болады.

Бұл элементтің басқа металдар сияқты карбоксилдену және карбоксилсіздену, пептидтік басланыстар мен фосфорлы эфирлердің ыдырауы,фосфорлы топтардың ауысу реакцияларына жанама қатысатындығы байқалды. Бірақ, кобальттың ферменттік реакциялардағы маңызы бұнымен шектелмейді.