Тамырлар жүйесі. Қан жасушалары

Тамырлар жүйелеріне қан және сарысу тамырлары,сонымен бірге қан жасайтын мүшелер: жілік майы,айырша без ,көкбауыр жатады. Тамырлар жүйелері ішінде қан немесе сарысу сұйықтықтары бір бағытта ғана ағатын бір-біріне ұласқан,іші қуыс түтіктерден тұрады.

Тамырлар жүйесі олардың морфологиялық құрылыстары мен қызметтеріне қарай 2-ге бөлінеді:

  1. Қан айналым жүйесі
  2. Сарысу жүйесі.

Тамырлардың іші қуыс болады,олар бір –бірімен байланысып тұйық жүйе құрайды.

Қан ағзаның сұйық ортасына жатады.Ол 2 бөліктен

  1. қан плазмасынан 55-60 процент
  2. қан жасушаларынан 40-45 процент тұрады

Қан плазмасы ашқылтым келген сұйық сарғылт зат 90-92 процент судан,8-10 процент құрғақ заттардан тұрады.

Қан жасушалары 3 топқа бөлінеді

1.эритроциттер

2.лейкоциттер

3.тромбоциттер

Эритроциттер – екi жаққа бүгiлген диск тәрiздi, диаметрi 7 микрон және қалыңдығы 8 микрон болатын қанның қызыл клеткалары. Жетiлген эритроциттерде ядро жоқ. Ядроның болмауы және екi жақты бүгiлу линзасы эритроциттiң бетiн үлкейтедi. Адамның барлық эритроцитiнiң жалпы ауданы 3 мың м2, ол 1500 рет дене бетiнен үлкен. Адам организмiнде 25000 миллиард эритроциттер бар. Эритроциттiң сырты мембранамен қапталған, iшi күрделi белок гемоглобин бар. Әр эритроцитте 270 млн. Гемоглобин молекуласы бар. Гемоглобин 4 белокты жiпшеден және 4 темiр атомынан тұрады, ол оған қызыл түс бередi. Гемоглобиннiң белоксыз, темiр атомы бар бөлiгi гем деп аталады. Гемоглобин қанның тынысалу пигментi деп аталады. Эритроциттiң қызметi – газдарды тасымалдау. Әр гем оттегi молекуласын қосып немесе бере алады, сөйтiп тұрақсыз қосылыс оксигемоглобин – HbO түзедi. Ұлпа капиллярларында оксигемоглобин оттегiн бередi және көмiр қышқыл газын қосып алып, карбогемоглобин деген зат түзедi – HbСO. Өкпеге қан ағынымен түсiп, карбогемоглобин ыдырап, түзiлген көмiр қышқыл газы тыныс алғанда шығады.Гемоглобин организмде улы газбен тұрақты қосылыс түзе алады, оны карбоксигемоглобин деп атайды, егер улы газбен ұзақ уақыт тыныс алса, өлiмге әкеп соғады. Гемоглобиннiң улы газбен ұқсастығы оттегiге қарағанда 300 рет күштi, сондықтан атмосферада улы газдың аз мөлшерiнiң өзi гемоглабин молекуласының газ молекуласымен тез қозғалуына әкеп соқтырып, эритроциттер оттегiмен байланыса алмай, адам тұншығып өледi.

Эритроциттер – сүйек кемiгiнде болатын, қан жасайтын мүше – кемiкте, жiлiк майында түзiледi. Олардың өмiр сүру ұзақтығы 4-айға жуық, 120-130 күн. Эритроциттер бауыр мен өтте бұзылады. Тәулiк сайын 15 млн. эритроциттер түзiлiп, соншасы бұзылады. Қан кеткенде эритроциттiң орнын оттегi қоры басады, өтте 300 мл –ге дейiн қан жиналып, сақталады.

Лейкоциттер – қанның ақ клеткалары, олардың ядролары әртүрлi. Лейкоцит өлшемi 8 ден 12 микрон. 1 мм2 – та 6-8 мың лейкоциттер бар. Лейкоциттiң 5 түрi: бүршiктi – нейтрофилдер, эозинофилдер, базофилдер және бүршiксiз – лимфоциттер, моноциттер. Қанда нейтрофилдер көп – лейкоциттiң барлық санының 70%-iн құрайды. Нейтрофилдер мен моноциттер амеба тәрiздi қозғалады. Бөгде заттармен байланысып, оларды қоршап қорытады. Бұл құбылысты орыс ғалымы И.И.Мечников зерттеп, фагоцитоз деп атады. Моноциттер қаннан шығып, қабынған жерде жиналып, макрофагоциттарға – үлкен фагоциттаушы клеткаларға айналады. Эозинофилдер организмге гельминттер жұққанда паразиттi инфекциялардан қорғайды. Базофилдер гепарин бөледi, ол қанның ұюын төмендетедi және гистамин бөледi, ол капиллярларды кеңейтедi.

Лимфоциттер организмнiң қорғаныш реакцияларында үлкен роль атқарады. Лейкоциттердiң 25-30% — i лимфоциттер. Лимфоциттер кемiкте, жiлiк майында, өтте, лимфа түйiндерiнде, миндалинада, соқыр iшекте, қалқанша безде түзiледi. Лимфоциттер арасында қызметтерi әртүрлi түрлерi бар. Бiр лимфоциттер тимуста (қалқанша безде) түзiледi және оларды Т- лимфоциттер деп атайды, кейбiр лимфоциттер миндалинада, соқыр iшектiң лимфоидтты ұлпасында, тоқ iшектiң лимфоидтты ұлпаларда түзiледi, оларды Б – лимфоциттер деп атайды. Т- лимфоциттер iшiнде бөгде заттарды (антигендердi) танитындары бар, олар Т- лимфоциттер – хелперлер деп атайды., кейбiреулерi ферменттерi арқылы бөгде заттарды жоятындары бар, оларды Т- лимфоциттер – киллерлер немесе өлтiрушi – клеткалар. Б- лимфоциттер басқаша әрекет жасайды. Лимфоциттер – хелперлер көмегiмен антигендердi танып, антиденелердi түзедi, олар бөгде заттарды нейтралдап, фагоцитозға дайындайды. Т- лимфоциттер және Б – лимфоциттер арасында антигендер құрылысын есте сақтайтын клеткалар бар, олар есте сақтау – клеткалары деп аталады. Олар қанда ұзақ сақталады. Лейкоциттердiң айтылған түрлерi организмдi бөгде заттар – антигендер әсерiнен және бөгде заттар енуiнен (олар бактериялар, вирустар, улар) сақтайды. Лейкоциттердiң өмiр ұзақтығы түрлерiне байланысты, бiрнеше сағаттан бiрнеше жылға дейiн. Лейкоциттер өтте, лимфа түйiндерiнде немесе қабыну процесi жүрiп жатқан жерде бұзылады. Лейкоциттер санының қалыпты мөлшерден өсiп кетуiн лейкоцитоз деп атайды. Мұндай көрiнiстi ауырғанда немесе қабыну процесiнде байқауға болады.

Тромбоциттер немесе қан пластинкалары – майда ядросыз, дөңгелек диаметрi 1-4 микрон болатын клеткалар. Олар жiлiк майында түзiлiп, қанда 5-11 күн айналады, кейiн олар бауырда немесе өтте бұзылады. Олардың саны 1 мл3 –те 200-300 мыңға жетедi. Тамыр бұзылғанда, тромбоциттер қанның ұюына қажеттi заттарды түзiп, тромбтың түзiлуiн және қанның тоқтауын қамтамасыз етедi.

Моноциттер нейтрофилдерден үлкен, олар макрофагтарға айналып, микробтардың көп бөлiгiн өлтiредi. Сонымен бiрге, макрофагтар ақпаратты Т-лимфоцит – хелперлерге бередi. Арнайы клеткалық иммунитетте лимфоциттер негiзгi роль атқарады. Т-лимфоциттер арасында лимфациттер – хелперлер бар, олар макрофагтан патогендi организмдер табиғат туралы ақпаратты Б-лимфоцитке бередi, олар арнайы антиденелердi көп мөлшерде бөле бастады – бұл гуморальдi клеткалардың иммунитетi. Антиденелер антигендермен кiлт – құлып типiнде комплекс түзiп, оларды залалсыздандырады. Клеткалық арнайы иммунитеттi Т-лимфоциттер – киллерлер атқарады, микробтың қабығын бұзады.