Бас және мойынбұлшық еттері

Бас бұлшық еттері екі топқа бөлінеді: шайнау және ымдау.

Ымдау бұлшық еттері тері астында орналасқан, сол себепті ет жапқыш шандырлары болмайды,және олар бас сүйегінің әр жерінен басталып, бет терісіне бекиді. Ымдау бұлшық еттеріне: а) маңдай шүйде бұлшық еттері, сіңірлі жапқышпен жалғанған; б) құлақ еттері-үшке бөлінеді: алдыңғы, жоғарғы және төменгі, олар самай шандырынан басталып құлақ қалқанына бекиді. в) көздің дөңгелек еті- көз шарасында орналасқан.

Ымдау еттеріне үлкен және кіші бұлшық еттер, мұрын, ұрт, қас жиыру, ауыздың дөңгелек еті т.б. еттер жатады.шайнау бұлшық еттеріне: а) меншікті шайнау еті, бет сүйегінің доғасынан басталып төменгі жақтың бұрышына бекиді; б) самай еті-самай сүйегінің сырт жағынан басталып,төменгі жақтың тәждік өсіндісіне бекиді; в) ішкі және сыртқықанаты ет сына сүйектен басталып, төменгі жақтың өсіндісіне бекиді.

Мойын бұлшық еттері

Жалпы мойын бұлшық еттерін екі бүйір, алдыңғы және артқы топтарға бөлінеді. Артқы тобы арқа еттерінің жалғасы болып саналады. Мойын бұлшық еттері орналасуына байланысты беткей және терең еттер болып бөлінеді. Беткей еттеріне а) төс-бұғана-емізікше еті жатады, ол төс және бұғанадан басталып самай сүйегінің емізікше өсіндісіне бекиді; б) тері асты-адамда қалдық ет болып саналады, сүт қоректілерде жақсы жетілген. Ол үлкен көкірек еттерінің жоғарғы жағынан басталып, жақтың төменгі жерінен бекиді; в) жақ-тіл асты еті-ауыз қуысының түбін түзеді. Төменгі жақ сүйектен басталып, тіл асты сүйегіне бекиді. Беткей еттеріне иек-тіл асты без-тіл асты т.б. еттер жатады. Терең еттер мойын омыртқаның алдынғы және бүйір жағында орналасқан. Бүйір еттерге алдынғы ортанғы және артқы сатылы еттер жатады, олар 3-4 мойын омыртқалардың көлденең өсіндісінен басталып, 1-2 қабырғаларға бекиді. Мойынның алдынғы терең еттеріне бастың және мойынның тік еттері мен ұзын бұлшық еттері жатады, олар шүйде сүйегінен басталып, көкірек омыртқаларының көлденең өсінділеріне бекиді.

Бас және мойын шандыры. Бас шандырының орналасуында ерекшелік бар, олардыңбеткей шандырлары жетілмеген, ал меншікті шандырлар самай және шайнау бұлшық еттерінің кейбір жерінде болады, негізі олар тек перимизиямен (дәнекер ұлпалы қабықшамен) қапталған. Мойын шандыры үш пластинка түзеді: беткей, омыртқа алды және кеңірдек алды. Беткей шандырлар көкірек және арқа шандырының жалғасы. Кеңірдік шандыр бұғана мен төс тұтқасынан басталып, тіл-асты бұлшық еттерге жапқыш болады. Омыртқа алды шандырлар бас сүйектің төменінен басталып омыртқа еттерін жабады.