Сын жанрларын сараптаңыз
«Қазақ әдебиеті шығып тұруымен бірге сынның белсенділігі,обьективтілігі,жауынгерлік сипаты,ғылыми негізділігі,әдеби процестегі ролі арта түсті.Ішкі мүмкіндіктері толығырақ пайдаланылып,сын жанрларының сипаттық белгілері арта түсті.Сын жанрларының бұрын көрінбеген түрлері де көріне бастады,Сынның түрлі жанрларының газет бетінде көрінуіне назар аударды.» «Қазақ әдебиеті» газетіндегі С.Ерубаевтың «Мажит пен Өтебай» атты пародиясы қазақ әдебиеті сынындағы алғашқы пародиялар еді.Сын жауынгер,оперативті болуы керек десек,бұл қасиеттерге ең алдымен рецензия ие.Рецензия -әдеби үрдістің барысында туындап отыратын әрбір жаңа шығармаға ізін суытпай дер кезінде пікір білдіріп отыратын шапшаң жанр.Жетпісінші жылдары әдеби сын жанрлық жақтарынан да жетіле түсті.Сынның рецензиядан басқа мақала шолу шығармашылық портрет эссе эпиграмма сияқты жанрлары баспасөз беттерінде тұрақты түрде шығып тұрды.Шолудың міндеті-тек шолып не бар не жоқ екенін айту ғана емес шола отырып жақсы жаманын саралау ой түю баға беру
2Сынның сатиралық жанрларын талдаңыз
3 Рецензияны пайымдаңыз
Рецензия -әдеби үрдістің барысында туындап отыратын әрбір жаңа шығармаға ізін суытпай дер кезінде пікір білдіріп отыратын шапшаң жанр.Рецензия сан жағынан ғана емес жанрлық жағынан да жетіліп сапасы арта түсті.Шағын көлемде толымды пікір айту әсіресе жас сыншылардың шеберлік мектебіне айналды,Жаңадан шығып жатқан көптеген шығармалар өзі туралы айтылар бағаны алғаш рет осы рецензиядан алып жатты.Шағын да шапшаң жанр рецензияның бірсыпырасы алдын-ала ойластырылған белгілі бір мақсаттармен жазылып біржақтылыққа ұрынған сөйтіп өзіне жүктелген абыройлы міндеттің үдесінен шыға алмаған кездері де кездесті.Талапты қатты қоямын.кемшілікті батыл айтамын деп асыра қаралаушылыққа ұрынатын рецензиялар да кездесті.Әдетте рецензияның көлемі шағын келеді.Десекте көлемді келетін рецензиялар да кездеседі
4 Әдеби фелетонды пайымдаңыз
Баспасөздегі әдеби сын
Әдеби сынның даму арнасы-баспасөз,Сондықтанда сынның дамуы баспасөздің дамуына тікелей байланысты.19 ғ2 ші жартысында қазақ даласында баспасөздің тууы шын мәніндегі жазба әдеби сынның пайда болуына тікелей қолайлы жағдай туғыздыӘдебиетке қатысты алғашқы сын мақалалар 19 ғ соңғы ширегінде шыға бастаған «Түркістан уалаяты газеті» «Дала уалаяты газеті» беттерінде көрінді.Қазақ баспасөздерінің қарлығаштары болған бұл газеттер әлеуметтік рухани ойларды оятумен бірге әдеби ой-пікірлердің де көш басында тұрды. «Түркістан уалаяты газеті» алғаш Ташкентте шығып тұрған «Түркістанские ведмости» газетіне қосымшасы ретінде кейіннен жеке бөлініп айына екі рет қазақша жарық көріп ұрды.Газет бетінде қазақ халқының тұрмыс тіршілігі туралы түрлі тақырыптағы мақалалармен қатар әдебиетке тілге байланысты бірсыпыра материялдар жарияланды.Сөйтіп қазақ баспасөзінің тұңғышы болып саналатын «Түркістан уалаяты газеті» беттерінде қазақ ауыз әдебиетіне әдеби тілге жекелеген ақындарға қатысты материалдар алғаш рет тасқа басылып оқырман қауыма жолданды
5 Пародияны пайымдаңыз
Пародияның нақтылығы бір шығарма немесе бір кемшілікке негізделедіӘдеби сынның көркем жанрларының бірі-әдеби пародия.Сексенінші жылдардың әдеби сынында пародия сиректеу болса да беріліп тұрды.Қожанасыр қоржынынан ұсынылған материалдар «Ақындардың мойындауы, жане оқырманның уайымдауы» атты ортақ тақырып берілген Мұнда ақындардың өлеңдерінде айтылған ойлар пародияланған.Мысалы Тоқаш Бердияровтың
«ігіт шағында төрт бақ балуан пішінде
Жұмсап жүрдік Қажымұқанның күшін де
О ағайын керек екен денсаулық
Ішімдікті сілтеп тастау үшін де»
Осы сияқты Қ,Бұғыбаевтың
«Бұлбұл құсың бұл күні торғай болды ау
Ән іздемей көмейі дән іздеген»
Қ.Тұрманбетұлы «Тнкубаторында» Қ.Смағұловтың «Бәрін де біліп жүрміз» (1988) өлеңдер жинағында кездескен ұйқас тіркестерді былай сынапты
«Тарта алмай оқырманды күлкің жатыр
Жүр мекен итермелеп құлқың батыр
Алғашқы кітабында-ақ болдық көкек
Ұйқасың тұнып тұрған инкубатор» (1989,27.10)
6 Эпиграмманы пайымдаңыз
Эпиграмма-шұбалаңқылау.Мұнда аздап болса да сын бар.Сатирашы Р.Бердібаевтың өз еңбектерінде орыстан енген кейбір сөздердің кейбір сөздердің қазақша мағынасында шығыс сөздерін көбірек қолдана беретінін құптай бермейді.Олар қалың көпшілікке оның ішінде маған да ұғу қиын, сондықтан да осының бәрін тәржімалау ләзім дейді Р,Бердібаевтың мұндай ұлағаттары сол эпиграмма жазылған 1985 ж аздап түсініксіз болса болған шығар ал қазір бұл сөздердің көпшілігі қалың оқырманға ұғынықты болып келетінін де айта кеткен жөн.Эптграмманың нысаны-қаламгер оның өзіне ғана тән бір не бірнеше кемшілігі немесе осы қалай болар екен дегізетін өзгешелігі «Қазақ әдебиеті» газеті эпигоамманы «Қожанасыр қоржынынан» беріп тұрды «Жұлдыз» журналында эпиграмма айдары тұрақты түрде беріліп тұрдыМысалы З.Қабдоловқа эпиграмма
«Жазушылық ғалымдыққа жол беріп,
Ғалымдығын ұстаздығын өңгеріп
Бара жатыр…
Зерттегендер Зекеңді
Қиналды ау үш салаға тең бөліп
Мұндай мінез мықтылардан жұғады
Ұқса сырын әбебаптар ұғады
Анық ойлы үш Зекеңді қосқанда
Абыройлы бір Қабдолов шығады» «Жұлдыз 1982 ж №7»
11 Р.Бердібавтың әдебиет сынының зерттеушісі екенін пайымдаңыз
Р.Бердібаев та соңғы жылдар сынында сандық та сапалық та ілгерілеу болғанын нақтылы мысалдармен атап айтады «Әдебиет сыны әрі ғылыми,әрі өнердің қасиетін бойына дарыта білсе игі…Сыншы ілгерішіл дүниетаныммен қарулануы керек.ал көркем әдебиет шығармалары туралы сынның өзі де жатық тартымды тілмен жазылуы тиіс…сыншыға бәрінен бұрын азаматтық тұрғының беріктігі әдебиеттің ортақ мүддесін жеке адамдар беделіне жоғары қоя білетін қажырлы табандылық керегірек» деп сынның әрі ғылыми әрі көркем болуымен сыншының принцпшіл кемшілік атаулыға қарсы күрескер болуына аса мән береді.
Орташа сұрақтаруы
2 Ыбырайдың соны ойлары мен пікірлерін ой елегінен өткізіңіз
Ы,Алтынсарин «1891-1889жж» -қазақ халқының болашағы үшін халық ағарту саласында тарихи еңбек сіңірген ХІХ ғ аса көрнекті әдебиет мәдениет қайраткері.Оның торғай қаласында алғашқы қазақ мектебін ашыуы осы мектепке арналған оқулық ретінде «Қырғыз хрестоматиясын» жазуы қазақ даласы үшін үлкен тарихи оқиға.Қазақша орысша мұсылманша жан жақты білім алған Ыбырай өзінің бар дарынын жас ұрпақты тәрбиелеуге арналғандықтан оның әдебиетшілдік қызметі де тікелей осыған байланысты болды. Сондықтан да «Қазақ хрестоматиясын» қарастырғанда оған екі тұрғыдан және педагоктық жағынан келген.Кітапқа енген шығармалардың көбі Ыбырайдың төл тумалары ,ауыз әдебиеті үлгілері, аудармалар,Оқулықты мақсатты көздегендіктен де Ыбырайдың өз әңгімелерінің барлығы дерлік тәрбиелік ыңғайда жазылған,Оның ақындық шабытына дем берген жазушылық қиялына қанат бітіретін зор нысанасы –қараңғы қазақ халқының кһзін ашу көңілін ояту оның озық мәдениетті елдердің қатарына қосы.
Ыбырайдың шығармалары қазақ тілінің әдеби нормасын берік ұстанумен ерекшеленеді.Ол өзі ғана таза әдеби тілмен жазып қоймай өзгелерден де осыны талап етті.Қазақтың бай ауыз әдебиетінің ішінен басқа да халықтар әдебиетінен аудармалар жасап кітапқа саралап енгізілгенде Ыбырайдың сыншылдығы педагогикалық бағытта көрінеді.ол әдебиет жайлы арнайы мақала жазбағанымен де оның еңбектерінде ағартушылық педагоктік бағытта барынша жарқырап көрінген әдеби сыншылық көзқарастары айқын көрінеді.
Абайдың қара сөздегі сын пікірлерге зер салыңыз
Абай-уақытынан озып туған ұлы ақын.Қазақ бойындағы кемшіліктерді Абайдай қатты айтқан ашық сынаған тағы да адам жоқ.Халқының қамын жеп «Толғауы тоқсан қызыл тілді қару қылып қанша қызмет етсе де» елі кезінде ақынды өз дәрежесінде түсіне алған жоқ өйткені Абай өз оқырманынан кеп алға кетіп қалған болатын.Ақынның көркем кестеленген көп мағыналы да терең өміршең ойлары көпшіліктің түсінуіне ауыр соғып жатты.Сондықтан да Абайды оқырман мәселесі қатты қанады.
Қазақ әдебиетінің сыншыл ойлардың дамуына ұлы абайдың сөз өнері жайлы айтқан өнері жайлы өрелі ойлары әдеби сынды кең өрістергебел-белестерге алып шығып философиялық эстетикалық сыннан биік асуларына бет алғанын байқатты.Сынның дамуы қоғамдық ой пікірлердің дамуымен тікелей байланысты болса данышпан Абайдың өмірдің мәні поэззияның қоғамдағы орны сөз өнері жайлы айтқан өнікті ойлары әдеби сынды да көркейтіп оған жаңаша сипат көзқарас берді.Сөйтіп қазақ халқының сөз өнері жайлы ғасырлар бойы қалыптасқан талғам-түсінігі Абай арқылы үлкен електен өтіп кемелденеді толысып жазбаша сипатта ала бастады
Кеңестік қайта құрулар кезеңіндегі баспасөздегі әдеби сынның дамуына ой сал
Сексенінші жылдарға қазақ әдеби сыны партия қаулысынан кейін қол жеткізген біршама қарқынмен кірді.әдебиет мәселелеріне арналып жазылған мақалалардың баспасөз бетінде көрінуі сан жағынан да сапа жағынан да өсе түсетіндігі байқалады. Азаө әдебиеті газетінде» «проблема жанр және қаһарман» поэзия ізденістер мен іркелістер ақын туралы «Әңгіме туралы әңгіме» «Сын туралы сын» «Әдеби сын» «Қазіргі қазақ лирикасы» «Кітап сөресінде» «Қисық кебеже» «ашық әңгіме отауы» «Біздің анкета» тб айдарлары бойынша әдеби сын материялдары тұрақты түрде беріліп тұрды.
Осы кезде қазақ әдеби сынның көшін бастаған М.Қаратаевтармен бірге С.Қирабаев,Т,Кәкішев,Р,Бердібаев,М,Мағауин,Д.Досжанов,С,Бақбергенов,Ғ,Мүсірепов,Ә.Нұрпейісов,Ә.Кекілбаев,К,Сегізбаев,К.Көпішев,С,Мұратбеков, Қ,Сегізбаев,Ә.Бөпежанов,Б,Алдамжаров,С,Дәуітов секілді бір топ жас сыншыларды сын қазынада қайнатып шынықтырып шығады.
4 Түркістан уалаяты газетіндегі алғашқы сыни ойлар
«Түркістан уалаяты газеті» алғаш Ташкентте шығып тұрған «Түркістанские ведмости» газетіне қосымшасы ретінде кейіннен жеке бөлініп айына екі рет қазақша жарық көріп ұрды.Газет бетінде қазақ халқының тұрмыс тіршілігі туралы түрлі тақырыптағы мақалалармен қатар әдебиетке тілге байланысты бірсыпыра материялдар жарияланды.Сөйтіп қазақ баспасөзінің тұңғышы болып саналатын «Түркістан уалаяты газеті» беттерінде қазақ ауыз әдебиетіне әдеби тілге жекелеген ақындарға қатысты материалдар алғаш рет тасқа басылып оқырман қауыма жолданды
«Түрікістан уалаяты газеті» әртүрлі тақырыптарға ауыз әдебиетінің үлгілерін беріп отырған.Әсіресе мақал мәтелдер мол кездеседі. «биез әдеКөп сөзден аз сөз жақсы,аз сөздің өзі жақсы», «Ашу дұшпан ақыл дос», «Ай ортақ, күн ортақ,жақсы ортақ» «Жаманға жалынғанша жат та жаныңды қарман» секілді мақалдардан сыни ойларды аңғара аламыз.
Қазақ баспасөзінің тұңғышы болып саналатын «Түркістан уалаяты газеті» беттерінде қазақ ауыз әдебиетіне,әдеби тілге,жекелеген ақындарға қатысты материялдар алғаш рет тасқа басылып оқырман қауымға тарады.Бұл шын мәніндегі проффессионал жазба әдеби сынның алғашқы көрінісі,бастаулары еді.
Сондай ақ газет беттерінде жұмбақтар,айтыстар, өлең жырлар,аңыз әңгімелер ертегілер үзбей жарияланып отырды.Шығыстық қисса дастандар әсіресе «Мың бір түннің хикаялары» араб парсы әдебиетінен келген қисса дастандар едәуір орын алған.
5 «Дала уалаяты газетіндегі» алғашқы сыни ойлар
«Дала уалаяты газеті» «Акмолинские областные,ведмости» газетіне қосымша ретінде Омбыда 1888жылдан 1893 жылға дейін орыс және қазақ тілдерінде шығып тұрған.
Газеттің қазақ тіліндегі негізгі шығарушылары әрі аудармашылары Дінмұхаммед сұлтанғазин, Асылқожа Құрманбаев, Рахымжан Дүйсенбаев болды.Үшеуі де кезінде қазақ баспасөзі тарихында елеулі орын алған білімді ғалым аудармашы болумен қатар газет бетінде халқымыздың мәдениеті әдебиеті тілі тарихы шаруашылы мәселелері жөнінде сауатты да білімдар мақалалар жарияланған.Тіл туралы аудармашыларының бірі Асылқожа Құрманбаевта маңызды пікірлер айта білді.Асылқожа «Тіл қа й халықтың болса да ғылым мен өнерге жетілуіне қажетті ең күшті құралдың бірі болып табылады»Ол «Қазақ тілі хақында» атты көлемді мақала жазып,онда тіл тазалығын көтереді.
«Дала уалаяты газеті» беттерінде шығыстың классикалық әдебиетінен келген аңыз әңгімелер қисса-дастандар жиі жарияланып тұрды. «Мың бір түн» «Шахнама» «Фархад-Шырын»т.б
Газетте халық ауыз әдебиеті жиі орын алып тұрды Алдар көсе Еңлік Кебек,Жиренше шешен, Асанқайғы Қожанасыр, Ақсақ құлан Жошы хан
Сөйтіп «Дала уалаяты газеті» қазақ әдеби тілінің қалыптасуына әдеби сыншыл ойлардың дамуына тарихи еңбек сіңірді
8 «Социалистік Қазақстан» газетіндегі әдеби сынның жайын тілге тиек етіңіз
«Социалистік Қазақстан» газетінде жарияланған Қ.Бекхожиннің «Бір жас ақынның шығарбиемаларындағы жат пікірлер» Ж.ұмаханов пен Ж.Құлбаевтың «Семейде Зощенко жоқ» болғандықтан С.Бәйішеровтың «Идеясыздық пен сауатсыздықтың жинағы» С.Төлешовтың «Шығанақ» романындағы қателер «Қазақ әдебиетін зерттеудегі елеулі қателіктер мен кемшіліктерді батыл және тез жояйық. Сияқты мақалалар соғыстан соңғы солақай саяси сындардың алғашқы қарлығаштары болатын
13 Сын жанрларының даму мәселелерін пайымдаңыз
1талық комитетінің 1932 ж 23 көкектегі қаулысының шығуы үлкен оқиға болды.Онда кеңес әдебиетінің қарқынды дамуына пролетариат жазушыларының үйымдық құрылымы РАПП-тың аясы тарлық етіп көркем творчествоның кең құлаш жаюына кедергі келтіре бастады деп атап көрсетілді.Орталық Комитет РАПП-ты жойып орнына кеңес үкіметінің бағытын қолдайтын және социалистік құрылысқа қатысқысы келетін барлық жазушылардың басын біріктіретін кеңес жазушыларының біріңғай одағын құру туралы қаулы етті.Қаулы жазушылар одағының құылысын ғана емес соеымен бірге идеялық шығармашылық жолын да көрсетіп берді.Қаулыдан кейін жазылған сын мақалаларда ҚазАПП қызметінің кемшіліктері олардан арылудың жолдары талқыланды.С.Сейфуллин «Сын мәселесі-бізде артта қалып келе жақан мәселе.Сын бұрын ұлтшылдардың улы дәрісі болды.Сын жікшілердің қолшоқпары болды.Сын өсуге емес өспеуге тартты.Сын қол ұшынан алып жетектеген жоқ.Етектен оралық кейін тартты.Үйретпеді ұрысты сөкті.Сапалы терең әдебиет сыны болмады» деді. «Ашық хат» «Жауап хат» түріндегі сын мақалалардың көрінуі сын жанрларының мүмкіндіктерін неғұрлым толығырақ пайдалану ниеттерінен туған еді.Қанадай да бір сын мақала болмасын оның өзіндік жанры айтылу тны жазылу стилі көлемі болады.Осылар дұрыс шешім тапқанда ғана сын өз міндетін дұрыс атқарып мақсатына жетеді.Әдеби сын өркендеуінің бір шарты оның жанрларының
жан –жақты дамуы болып табылады.Осы кездерде қазақ әдеби сынында бұрыннан бар жанрлары жетілу үстінде жаңа сапаға ие болды.Түрліше салада жазылған сын мақалалар көбейе түсті.Әдеби сынның ең елгезек жанры рецензия күнделікті әдеби жаңалықтың барлығына дерлік ат салысып өз пікірін білдіріп отырды.Жеке кітап жайлы айтатын рецензиялармен қатар шолу мақалалары да мол қолданыс тапты.Отызыншы жылдары көп көрінген сын мақалалардың бір түрі айтыс мақалалар.Отызыншы жылдарға шейін қазақ кеңе әдебиетінде поэзия басым болып келсе енді проза жедел қарқынмен дамып бел ала бастады.
Кеңестік әдеби сынның жайынан сөз қозғаңыз
Социялизм құру ісінде аса маңызды міндеттердің бірі елімізде түбегейлі мәдени өзгерістер жасау деп танылса оның негізгі бөлігі көркем әдебиетті дамыту мәселелер де алға қойылды.коммунистік партия мен қоғам мүшелерін социялизм мен қоғам мүшелерін социялизм мен коммунизм мұраттары рухында тәрбиелеуде жаңа әдебиетке ерекше назар аударды,С.Сейфуллин,М.Әуезов,С.Мұханов,Ілияс жансүгіров сияқты ақын жазушылар жаңа қоғамды социялистік құрылыстың алғашқы жетістіктерін жырға қосты.Қазақ кеңес әдебиетінің сын саласында алғаш қалам қозғағандардың қатарында осы әдебиеттің негізін салушы С.Сеуфуллин.М.Әуезов,С.Мұханов секілді қаламгерлер болды.Роиан жазу үшін Мұхтар қаршадайынан ақ қазақ әдебиетініңғылымына айналды,
Қазақ зиялылары әсіресеәдеби мұраны игеруге баса назар аударды.Әдебиеттің ескі үлгілері жинастырылып кітап болып шыға бастады,Әлихан Бөкейханов қазақ әдебиетінің ескі үлгілерін жинап бастырып шығарады.Онда әрбір шығарманың мәтінімен бірге оған түсініктемелер беріліп отырған,Халел Досмұхамедов дәрігерлік қызыметін қоя түрып,баспасөз бетінде қоғамдық әлеуметтік, мәдени мәселелерді қозғаған журналистік мақалалармен жиі көрінді
Әдебиет істеріне бұрын Алашордашыл атанып келген қазақ зиялыларының келіп араласуы көркем әдебиет туралы айтыстыі басталуына себеп болды.Әдеби сын әдебиеттегі «ескішілдікті» ұлтшылдықты әшкерелеуге едәуір көңіл бөлді.Әдебиеттегі ұлттық сипатты ұлтшылдық деп танып бірсыпыра ақындар мен жазушылар әдебиеттен шеттетілді,Сөйтіп әдеби сын әдеби дамуға септігін тигізудің орнына зиянында тигізе бастады
Жұлдыз журналындағы әдеби сын
3 деңгей
5 «Қазақ газетінің» әдеби сынын қалыптастырудағы рөлін ой елегінен өткізіңіз
Қазақ газеті (1913-1918жж) А.Байтұрсыновтың редакторлығымен Орынборда шығып тұрған.Газет туралы М,Ауезов «Қазақтың еңкейген кәрі,еңбектеген жасына түгелімен ой түсіріп өлім ұйқысынан оятып,жансыз денесіне қан жүгіртіп,күзгі таңның салқын желіндей ширықтырған,етек жеңін жиғызған «Қазақ газеті» болатын»-деп жазған болатын.Осы
Әдеби фольклорлық мұрадағы сын жайына зер салыңыз
Қазақстанда өткен заманның әдеби мұраларына назар аудару соғысқа дейінгі дәуірде күшейе түсті,Осы кездерде Қазақ әдебиетінде фольклористика ғылымы қалыптасты,Ауыз әдебиетін жинау зерттеу істеріне мемлекеттік маңыз беріліп мәдени құрылыстарға аса зәру міндеттердің біріне саналды,
Жалпы халықтың әдеби мұраларын жинастырып ел игілігіне айналдыру ісі ХІХ ғ ІІ жартысында басталған болатын,Қазақтың атақты ғалымы бастаған Ш.Уалихановтан бастаған бұл іс қазақ зиялыларының халық алдындағы абыройлы парыздарының біріне айналды.Мысалы Ахмет Байтұрсынов ел арасынан «ерсайын» жырын жазып алып оны 1923 ж Мәскеуде жарыққа шығарды
30шы жылдардың бас кезінде әдеби мұраларды жинау ісі күшейе түсті,1930 жылдың өзінде ғана ел әдебиетін жинауға шақырған бірнеше мақала шықты.Бұларда ауыз әдебиет үлгілерін жинаудың маңыздылығы атап көрсетілді.С.Мұхановтың хабарландыру типтес мақаласнда «Халықтың туындыларын уақытылы жинамаса,олардың ізі жоғалып кетуі мүмкін» сондықтан оларды жиюға бүкіл ел болып кірісу керек деген
Соғысқа дейінгі дәуірде ауыз әдебиетінің жанрларына арналған жинақтары басылып шықты Мысалы «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары» «батырлар жыры» «Қазақтың мақал мәтелдері» «Қазақ ертегілері» «Жұмбақтар» мектепке арналхан хрестоматиялар жинағы құрастырылды
Халықтың озық туындылары орыс тіліне аударыла бастады.Бұл дәуірдің фольклористика ғылымын ауыз әдебиетін жинау фольклорлық үлгілерді зерттеу жұмыстары жүргізілді
Қазақ кеңес фольклористикасының тарихында С.Сейфуллиннің есімі алғашқфлардың қатарында алынады.20шы жылдардың өзінде ақ ауыз әдебиетін зерттеуге шұғыл кіріскен Сәкен отызыншы жылдары осы салада көптеген мақалалар сонымен қатар үлкен монография жазды. «Қазақтың ескі ауыз әдебиет нұсқаларын» (1931) «Батырлар жыры» (1933) тағы да басқа көптеген ауыз әдебиеті үлгілерін жеке ақындардың өлеңдерін кітап етіп бастырып шығады
С.Сейфуллин Қобыланды батыр,Ерсайын,Ер тарғын,Қамбар батыр,Алпамыс,Ер көкше,Қозы Көрпеш-Баян сұлу,Қыз Жібек жырын талдайды
Батырлар жырын әңгімелегенде бір жырдың бірнеше халықтарда кездесу себебін түсіндірген.Оло бұл жыр бір ғана халықтікі деген сияқты сыңаржақ пікірлерге қарсы.Патор батырлар жырының бәрін қазақтікі деуден аулақүБұл жалры түркі тектес халықтарға ортақ мұра.
Женген социялизм тұсындағы әдеби сынды ой елегінен өткізіңіз
1959 ж Ұлттық Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институты ғалымдарының ұйымдастыруымен өткен қазақ әдебиетінің мәселелеріне арналған ғылыми теориялық конференция әдеби сын мен әдебиеттанудың алдағы даму жолдарының бет-бағдарын көрсетіп бергендей болғанымен де билік басында отрған коммунистік партия әдебиет пен өнердің социялистік реализм бағытында дамуын ұдайы қадағалап отырады
Көркем ойды көркем түрде жеткізе білу-сөз өнерінің басты мұраты.Әдебиетте осы уақытқа дейін айтылмай қалған ой жоқ.Мәселе сол айтылған немесе айтылмаған ойды заманға лайықты формада жаңаша бейнелеп айта білуде жатыр
Сондықтан да әдеби дамуда қалам иелерінің алдынан көркемдік түрлік ізденістер жасау ешуақытта күн тәртібінен түскен емес.Көптің көкейінде жүрген кемел ойды түрін келістіріп айта білген жазушы ғана –шын жазушы
Әдеби шығармашылықта шеберлік-басты мәселе.Ғ.Мүсірепов шығармашылық шеберлікті тіл мәселесіне айрықша көңіл бөлді.Сол кездегі кейбір қаламгерлер де тіл мәдениетінің жетіспейтіндігін орфография емле заңдарын елемеушілік кездесетінін аяусыз сынаған «Әдебиет тілі жайында» мақаласын жариялады
Поэззиядағы жаңашылдық өлеңдегі түр мәселесі туралы пікір алысулардан қазақ әдеби сынының теориялық жағынан жетіле түскендігі байқалады.Әдеби дамудың орталық мәселесі дәстүр мен жаңашылдық проблемалары ғылыми тұрғыдан негізделіп дұрыс түсіндіріле бастады
Ұлттық тіл руханият мәселелері тұрғысындағы әдеби сынды зерделеңіз
Еліміз тәуелсіздік алған соң халқымыздың рухани мұрасын ұлттық тұрғыдан қайта саралау басталды.Ұлттық құндлықтарымыз кеңестік кезеңде қандай күйде болды қазір ше алдағы уақыттарда қандай болмақ деген сауалға жауап ізделді.мұндай мақалалар 90 жж 2 жартысынан бастап жиі көріне бастады.