БІЛІМ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ КЕЙБІР ТЕОРИЯЛЫҚ-ПРАКТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Әлеуметтік-экономикалық жүйенің дамуының қазіргі сатысы постиндустриалды, ақпараттық қоғамға немесе білімге негізделген экономикаға өтумен сипатталады. Осы тұрғыдан зерттеуде Қазақстандык мэліметтер қолданылған, яғни Қазақстандағы инновациялық және білім экономикасының қалыптасу алғышарттары қарастырылған.

Зертгеуде отандық жэне шетелдік ғалымдардың теориялық пен методологиялық зерттеулері, сонымен бірге статистикалық жэне монографиялық зерттеу эдістері қолданылған. Алынған нэтижелер мен үсынымдар шаруашылық органдарында, «Экономика жэне құқық» кафедрасында талқыланып оң қорытынды жасалынған.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан элеуметтік модернизациялануы: жалпыга ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атгы мақаласында әлеумсттік модернизациялау саясаты нақты еңбек өнімділігі негізінде жүзеге асырылу қажет екенін атап көрсетті, сондай-ақ Президент мақалада инновациялық экономиканың ірге тасын құрайтын факторлар жүйесіне ерекше тоқтаған. Олар: экономикалық жэне әлеуметтік модернизацияның біртүтас, қатар жүргізілуі; жаңа өндірістер, білім мен ғылымның жаңа жүйелерін жасақтау; қоғамдағы орташа тапты дамыту; элеуметтік қорғау стратегиясы бағытынан әлеуметтік прогресс стратегиясына бетбұрыс жасау.

Білім экономикасы мен инновациялық теорияның дамуына А.Смит, Й.Шумпетер, Ф.Бродель. Г. Менша, С.Кузнец, Н. Кондратьев, П.Сорокин,Р. Солоу, И.Фишер, Р. Лукас, Ф.Махлуп, Д. Белл жэне басқалар өз үлестерін қосты.

Экономика өсімінің саласында зерттеу жүргізген ғалымдар адамзат дамуының барлық кезеңінде дамудың негізгі қозғаушы күші инновациялар болғанын бөліп көрсетті. Адам Смит өзінің 1776 жылы басылған «The Wealth of Nations» монографиясында капитализмнің ұйымдастырушылық механизмі ретінде нарықтық жүйе ғана қызмет етпейді, сонымен бірге, үлғаймалы қажеттіліктерді сапаны жақсарту мен бағаны төмендету арқылы жай қанағаттандырумен ғана емес, оны жаңа технологияларға өту көмегімен ең тиімді эдіс арқылы, яғни, инновациялар көмегімен жүзеге асатын бэсекелестік атқаратынын атап көрсетті. Бүл постулат уақыт өте келе кең және маңызды мағынаға ие болды. Ақпараттық технологиялар қазіргі өндіріс пен тұтынудың материалдық негізіне деген көзқарасты өзгертті. Еңбек пен капиталдың өнімділігі ғылым мен техниканың ақпарат жүйесінің жетістіктерін өндірісте пайдалану деңгейіне тэуелді. А. Смит экономикалық пайдалы біліммен байланысты мамандықтар арқылы білімнің экономикалық дамудағы ролін айқындаған болатын.

Экономикалық өсудің қазіргі кездегі модельдерінде ғылыми жетістіктер мен технологиялар экономиканың орнықты өсуінің басты факторы ретінде қарастырылады.

«Білім экономикасы» терминін айналымға ең алғаш рет 1962 жылы австро-американдық экономист Фриц Махлуп енгізді. Ол оны экономиканың жай секторы ретінде қарастырды. Қазір бұл термин білім шешуші рөль ойнайтын, ал білім өндірісі өсімнің негізі көзі болып табылатын экономика типін анықтау үшін қолданылады.

Американдық социолог Д. Белл 1973 жылы жарыққа шыққан монографиясында негізгі құрылымдық элементтері ретінде ақпарат пен білімді бөліп көрсеткен постиндустриалды қоғамның тұжырымдамасын айқындады. Оның ойынша, постиндустриалды қоғам құнның еңбектік теориясымен емес, білімге негізделген құн теориясымен сипатталады. Инновация факторы ретінде білімді жүйелеу болады. Д. Белл өзінің монографиясында статистикалық ақпараттың кең көлемін талдайды жэне қоғамдық өмірде болып жатқан өзгерістерді көрсетеді.

Ф.Махлуп пен Д.Белл еңбектерінде статистика қоғамдық дамудың жаңа тенденцияларын

анықтау көзі болды, яғни жаңа тұжырымдамалардың (білім экономикасы) пайда болуына алып келді.

Білім кез келген қоғамның дамуы үшін қажет. Бірақ, білім экономикасындагы айырмашылық білім сипатының өзгеруімен байланысты. Кез келген қызмет саласында (экономикалық, саяси, әлеуметтік) шешім қабылдауда және өзгерістерді басқаруда негізгі ретінде теориялық білімнің басымдылығы бола бастады. Шешім қабылдау үшін тек қана ақпарат қажет емес, сонымен бірге ақпарат белгілі бір жүйеге ретке келтірілген болуы қажет.

Дүниежүзілік Банк қызметкерлерінің берген анықтамасы бойынша «Білім экономикасы -бәсекеге қабілеттілікті арттыру мен өзін-өзі дамытуды жеделдету үшін білімді қүрайтын, оны тарататын жэне пайдаланатын экономика» болып табылады.

Білім экономикасы – бұл білімге және инновацияларға, сонымен бірге жаңа идеяларды, жаңа машиналарды, жаңа жүйелер мен технологияларды қабылдауға, оларды практикада адам қызметінің барлық сфераларында ендіруге әзірлікке негізделген экономика. Білім экономикасының қозғаушы күші ғылыми зерттеулер мен зертгемелер болып табылады. Білім экономикасы өсудің жаңа көздері арқылы еңбек өнімділігінің артуын қамтамасыз етеді, өсудің жаңа факторларын жэне үлттық экономиканың барлық секторларында бэсекеге қабілетті артықшылықтарды іс жүзіне асыру үшін негіз құрайды.

Қазіргі кезде негізгі қорлардағы салымдарға қарағанда білім саласындағы инвестициялар жоғары қарқынмен өсуде. Адамзат иелігіндегі барлық жинақталған білімнің 90%-ы соңғы 30 жылда алынған. Ал бұл табиғи ресурстарга негпделген экономиканың білімге негізделген экономикаға өтуінің жарқын дәлелі.

Бірақ, білім экономикасы аграрлық жэне индустриалдық дәуірдің орнына келген қоғамдық дамудың жана кезеңі ме деген мэселе пікірталас күйінде қалып отыр. Кейбір эксперттер білім экономикасы байлықтың жинақталуы материалды активтермен байланысты болған индустриалды экономика типінен маңызды айырімашылыққа ие деп есептесе, басқаларының ойынша бүл индустриалды дэуірдің келесі фазасы ғана, эл-ауқат бұрынғыдай өндірістік процеспен анықталады, ал материалдық емес активтер бэсекеге қабілеттілікті арттырады ғана деп есептейді.

Берклидегі Калифорния университетінің профессоры, социолог-экономист М. Кастельстің ойынша, постиндустриальды қоғамның классикалық моделі жеңілдетілген сипатқа ие, өйткені ол оның келесідей негізгі құраушыларын: өсім мен өнімділік көзі білімде; тауарлар өндірісінен қызметтер экономикасына өту; білім мен ақпаратпен жоғары қамтылған мамандықтардың өсуін бөліп көрсетеді.

М.Кастельс біріншіқұраушыны талдайотырып«мұндайбөлінуиндустриалдымен постиндустриалды экономикалардың арасында емес, өнеркәсіптік пен ауылшаруашылық өндірісі және қызмет көрсету өндірісіндегі білімге негізделген екі форманың арасында болады». Осының салдарынан қогам ақпараттандырылған болып элеуметтік құрылымның нақты моделін бейнелейтінімен емес, ақпараттандырылған экономиканың таратылуы жэне дамуы арқылы өнімділік біліміне негізделген, максимизациялау принципіне байланысты өзінің өндірістік жүйесін қалай ұйымдастыруымен анықталады» деп атап көрсетті.

М. Кастельстің ойынша ақпарат пен білім дамудың барлық әдісінде маңызды болып табылады, бірақ дамудың ақпараттандырылған әдісінде өнімділіктің негізгі көзі ретінде білімнің білімге әсер етуі тән болып табылады деп есептейді. Оның даму әдістерінің тұжырымдамасы көп жағдайда К.Маркстің өндірістік жүйелер мен өндірістік революциялар идеясының жалғасы екенін байқауға болады.

М. Кастельс нарықты қайта реттеу мен жекешелендіру дамытушы механизм болып табылмайтынын сенімді дэлелдейді. Ол «нарықтық механизмдердің қалыбына толықтай берілген елдер, эсіресе қаржылық ағындардың өзгерісіне нашар сезімтал жэне технологиялық тэуелділік тұрғысынан элсіз». Мұндай елдерде либерализациялаудан болатын қысқа мерзімді ұтымдар нақты экономикада сіңіп кеткеннен кейін, эдетте түтынушылық құбылыстан кейін шоктык сілкініс болады» деп көрсетті.

Әлемде білімге негізделген экономика дамуының деңгейін сипаттайтын кешенді көрсеткіш ретінде білім экономикасының Индексі қолданылады. Ол 2004 жылы Дүнижүзілікбанк тобымен елдердін білімді жасау, кабылдау жэне тарату кабілетін бағалай үшін «Даму үшін білім» арнайьт бағдарламасы шеңберінде жасалды. Оның құраушылары төмендегідей (сурет 1).

Білім экономикасы индексі (КЕІ))Білім индексі (КІ)

Экономикалық ынталандыруБілім беруИнновацияИКТ

және институционалдыиндексіиндексіиндексі

— тарифтік жэне тарифтік емес барьеры;

реттеуші шаралар сапасы;

— заң билігі

-роялти жәнелицензиялық төлемдер

-патенттер

-ғылыми макалалар

-білім беру деңгейі орта

-біліммен қамту жоғары

-біліммен қамту

— телефондар

— компьютерлер

-Интернет қолданушылар

Сурет 1. — Білім индекстерінің кұрылымы (КЕІ, КІ)

Индекстің есептеу негізіне Дүниежүзілікбанктің ұсынған«Білімді бағалау әдістемесі» жатады. Ол 109 қү_рылымдық жэне сапалық көрсеткіштердің кешенінен қүралып, негізгі 4 топқа біріктірілген

Білімді бағалау эдістемесі екі негізгі индексті ұсынады — Білім экономикасының индексі (The Knowledge Economy Index — KEI) жэне Білім индексі (The Knowledge Index — KI):

  1. Білім экономикасының индексі -экономикалық жэне қоғамдық даму мақсатында елдің білімді қолдануының тиімділігін бағалау үшін қолданылатын кешенді көрсеткіш. Ол белгілі бір елдің білім экономикасына қатысты даму деңгейін сипаттайды. Бүл индекс төрт субиндекстің орташа мэні болып табылады.
  2. Білім индексі-елдің білімді тарату қабылдау мен жасау қабілеттіліктерін бағалау үшін қолданылатын кешенді экономикалық көрсеткіш. Ол елдің білімге қатысты әлеуетін сипаттайды. Үш субиндекстердің орташа шамасы ретінде есептеледі.

Негізгі субиндекстер келесілер:

  1. Экономикалық жэне институциональдық режим индексі — тұгастай қоғам мен экономика дамитын шарттар, экономикалық жэне қүқықтық орта, реттеу сапасы, бизнестің дамуы, қоғам мен оның институттарының жаңа білімді жасау мен оны тиімді қолдану қабілеттілігі.
  2. Білім беру индексі — түрғындардың білімділік деңгейі жэне білімді жасау, қолдану мен тарату икемділіктерінің болуы. Ересек тұрғындардың сауаттылық көрсеткіштері жэне басқалар.
  3. Инновация индексі — қүрамына мамандандырылған бірлестіктер, университеттер, зерттеу орталықтары, компанияларенетінүлттықинновациялықжүйеніңдамудеңгейі.Ғылыми зерттеулер саласындағы ғылыми қызметкерлер саны, ғылыми журналдар саны жэне тағы
  4. Ақпараттық және коммуникативтік технологиялар индексі (АКТ) — ақпаратты қайта жасау мен тиімді таратуға мүмкіндік беретін ақпараттық жэне коммуникативтік инфрақұрылымның даму деңгейі.

Көрсеткіштердің әрбір тобы бойынша елдерге 1 ден 10 арасында балл қойылады. Балл жоғары болған сайын, ел берілген критерий бойынша жоғары бағаланады. Есептеуде Жалпы ішкі өнім мен Адами даму индексі енетін жалпы экономикалық жэне элеуметтік индикаторлар да ескеріледі.

2012 жылы Дүниежүзілікбанк зерттеулері 146 мемлекеттер мен аймақтарды қамтыды.

(Кесте-1).

Кесте1-2012жылыДүниежүзілікбанкэдістемесібойыншаесептелгенБілім экономикасының индекстері

Дә реже

 

 

  Елдер Индекстер Субиндекстер
 

 

 

 

КЕІ КІ Экономикалық режим инновациялар білім АКТ
1   Швеция 9.43 9.38 9.58 9.74 8.92 9.49
2 +6 Финляндия 9.33 9.22 9.65 9.66 8.77 9.22
3   Дания 9.16 9.00 9.63 9.49 8.63 8.88
10 -5 Швейцария 8.87 8.65 9.54 9.86 6.90 9.20
55 +9 Ресей 5.78 6.96 2.23 6.93 6.79 7.16
73 +5 Қазақстан 5.04 5.40 3.96 3.97 6.91 5.32

Дереккөз: http://info.worldbank.org

2012 жылғы зерттеулер бойынша Қазақстан Білім экономикасының индексі бойынша 73 орынға тұрактаған, экономикалық жэне институциональдық режим корсеткіштерінің тобы аясында төмен көрсеткіштерге ие, сонымен бірге инновациялық даму деңгейі де жеткіліксіз дәрежеде.

2000 мен 2009-шы жылдар аралығында Қазақстан Білім мен АКТ субиндекстері бойынша оң динамиканы көрсетсе, ал инновациялар субиндексі бойынша төмендеп кеткен (кесте 2).

Кесте 2. — 2000-2012 жылдардағы КЕІ, КІ индекстері мен жекелеген субиндекстер бойынша Қазақстан рейтингісі

Көрсеткіш 2012 2009 2000
 

 

Дәреже Мәні Дәреже Мәні Дәреже Мәні
КЕІ индексі 73 5.04 72 5,05 76 4,79
КІ индексі 64 5.40 70 5,48 66 5,37
Экономикалық режим 91 3.96 70 4,70 104 3,06
Инновациялар 91 3.97 92 3,68 69 4,82
Білім 41 6.91 39 7,07 43 7,10
АКТ 68 5.32 79 4,76 91 4,19
Дереккөз:KnowledgeEconomyIndex(KEI)2009,2012RankingsURL: http://info.worldbank.org

2012 жылғы нәтижесі бойынша КЕІ индексі 2009 жылға қарағанда бір сатыға төмендеген, ал 2011 жылға қарағанда өсім +5 сатыны құраған. Қазақстандағы «білім экономикасының» даму деңгейі мен динамикасын келесі кестеден көруге болады (кесте 3)

Кесте 3 Білім экономикасы индексіндегі Қазақстан динамикасы (1995-2012)

ИндексКЕІКІ Экономикалық жэнеИнновациялар БілімАКТ

тізіміинституционалдық режим

201273 5.045.43.963.976.915.32

2000784.585.103.033.927.204.17

1995794.935.931.954.037.266.48

Дүниежүзілікбанк мәліметтері негізінде:http://info.worldbank.org/etools/kam2/KAM_

Кестеден көретініміздей Қазақстан 1995-2012 жылдар аралығында индекс тізімінде шамалы жетістікке ие. 1995 жылы 79-шы орында болса, 2000 жылы 78-ші орын, ал 2012 жылы 73-ші орынға тұракхаған.

Қорыта айтқанда, жүргізілген талдаулар нэтижесінде білімге негізделген экономика элеуметтік-экономикалық қатынастардың жаңа типін көрсетеді деп айтуға болады. Білімнің жинақталуы мен қолданылуы экономикалық дамудың негізгі факторлары және жаһандық экономика шеңберінде елдердің бэсекелестік артықшылығы сипатында үлкен мәнге ие болып қалуда.

«Білім экономикасы» дамуының қүраушы факторларына жүргізілген талдау Қазақстанда ғылыми-зертгеушілік инновациялық орталыктарды қалыптастыру мен білім саласын күшейтілген түрде дамыту қажеттігін көрсетті.

Елімізде білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, сонымен бірге өндіріс бойынша «Өнімділік-2020», Қазақстан-2050 стратегиялық бағдарламалары қабылданған. Алдағы кезеңце осы бағдарламалардың орындалуын қатаң бақылау жүргізу қажет. Сэйкесінше, Қазақстанның бэсекеге қабілетгігін қалыптастыру мен бэсекеге қабілетті отыз елдің құрамына ену мақсатына жетуде ғылыми зерттеу мен инновациялық қызметті жеделдете дамыту йте маньтьт. Ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру білім экономикасына өтудің маңызды көрсеткіші, ал ол өз кезегінде елдің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатудың негізгі бағыты.

Сонымен бірге, Кастельс моделін де ескергеніміз жөн. Ғылым өнеркәсіп ендірісінің тұтас бөлігі және тікелей өндіргіш күшке айналғанда ғана инновациялық экономика онды нәтижеге жеткізеді. Инновациялар өндірістік және интеллектуалдық ресурстарды қатар пайдалану арқылы жаңа тауарлар өндіру мен қызмет көрсетудің жолдарын және жаңа технологиялардың өндіріске кеңінен қолдануына жол ашады. Экономика тек қызмет көрсету саласына ғана бейімделмей, «білім-өндіріс» процесін жандандыру қажет. Еліміз индустриалды-аграрлы мемлекет болғандығтан инновацияларды ауылшаруашылығына, жеңіл онеркәсіпке багыттау маңызды.

Мұндай бағыт интеллектуалдық өнімділікті көтеріп, ғылыми-техникалык жетістіктерді, ресурстарды өндіріс факторларына айналдыруға мүмкіндік береді.