Тундра ареалы — Скандинавия түбегінің Солтүстік жағалауында, Кола түбегімен Ақ теңіздің Солтүстік жағалауының Енесей, Лена,Анадырь өзені,Колыма жотасында орналасқан.Тундра суық шөл өсімдіктер үшін өте қолайсыз жерлер жазы өте қысқа 2-3 ай ғана болады,қысы суықта ұзақ болады және 8 айға дейін болады.Жер шарын басқа жерлермен салыстырғанда жылылығы 2есеге кем.Жаз күндері өсімдік өсіп тұрған уақытында да температура кенеттен күрт төмендеп қатты үскірік аяз болып кететін кездерде болады.Жыл бойы орташа температурасы –10 –14 0.Жаңбыр тек жаз айларында 200-250 мм жауады.Суықсыз,қыраусыз күн жоқ.кез-келген жаздың күні салқын болып қар жаууы мүмкін.Өсімдіктерге күн сәулесі тәулігіне 24 сағат полярлы күн, полярлы түн түсіп тұрады.Ал өсімдік түрлері мүлдем аз тек суыққа төзімді түрлер ғана кездеседі және де бұта мен шөптесін өсімдіктер кездеседі.Ауа райы мен жер ерекшеліктеріне байланысты зона 2 үлкен зонаға бөлінеді.
А) тундра зонасы
ә) полярлы зона
Евразия тундрасы –жылдық орташа температурасы қыста да салқын 2-3 ай, жаздың ең жылы айы шілде 10-14 0 қар қалыңдығы жұқа, суық жел қарды үріп сайлы жерлерді толтырып тастайды.
Ауа райының қолайсыздығынан тундра өсімдігі баяу өседі.Мысалы ива тал жылына 80-90 жылда диаметрі 1см жетеді.Тундра тоқтаусыз, үзіліссіз соққан қатты желде кері әсерін тигізеді.Тундра өсімдіктердің тамыры тереңге бармай, өте жер бетіне жақын орналасқан.Тік жартасты жерлерде сирек кездесетіндер мүктер, қыналар, аласа бойлы қайыңдар өседі. Тундра Россияның қиыр шығысында, байкал, кавказ, алтай, карпат жерлерде кездеседі.Өсімдіктерден тал,қайын, мәңгі жасыл ит бүлдірген, мүктер қыналардан 800 түрі гүлді өсімдіктерден 200-300 түрі кездеседі.Тундра өсімдіктергі 3 түрде болады.
А) бұта ә) шөптесін өсімдіктер б) мүк пен қыналар.
Шөлдала мен тундралардың айырмашылығы шөлдалада ылғалдылық жетіспесе ал керісінше тундрада ылғалдылық жетіп артылады жылылық жетпейді.Европа жерлерінде кездесетін тундралар 4аймаққа бөлінеді
1.Орманды тундра
2.Бұталы
3.Қыналы
4.Арктикалық аймақтар – полярлы шөлдала