Құрлықта жануарлардың таралуы мен тіршілігі

Құрлықта жануарлардың таралуына қоршаған ортаның түрлі факторлары әсер

етеді. Соның бірі климат және оның негізгі компоненттері-ылғалдылық, ауа күн сәулесі t0+ және өсімдік жамылғысы.

Ауа ылғалдығы жер бетінде бір келкі емес. Оның өзгеруі жануарлар тіршілігіне әсер етеді. Ылғал сұйгіш жануарларды- гигрофилдер, құрғақ сұйгіштерді- ксерофилдер деп атайды.

Гигрофилдер –ылғалды жоғалтуға қарсы қорғанысы жоқ. Олардың тері қабаттары су өткізгіш болып келеді. Оларға жауын құрты, сүліктер, планария мен молюсскалар жатады.

Ксерофилдерге-көпаяқтылар, насекомдар, рептилия мен құстар, сүткоректілер жатады. Бұл жануарлар эвригигробионтар болуы мүмкін. Ал кейбір гигрофилді молюсскалар арасында ксерофилдер болады. Ксерофилді топтар арасында гигрофил – крокодилдер, таспақалар бар.

Жалпы гирофилдерге жауын шашынды тропикалық ормандардың (гилей) жануарлары жатады, ал шөл мен шөлейіт аймағаның жануарлары ксерофилдер болады.

Ауа мен топырақтың ылғалдығы жауын шашынның мөлшеріне байланысты. Жауын шашын жануарлары тіршілігіне әсер етеді. Қардың қалың түсуі жануарлардың таралуы мен тіршілігіне зиянды да пайдалы әсерін тигіздіреді.

температура жануарлар өміріне, тіршілігіне ерекше әсер етеді. Жануарлар өсіп дамиды.

Температура- климаттық жағдайдың көрсеткіші. Июль айының орташа температурасы жазды, ал қаңтар айының орташа температурасы — қысты көрсетеді.

Әр бір түр өзіне қажетті температурада жақсы тіршілік етеді. Оны түрдің температуралық оптимумі дейді. Егерде түрдің температуралық оптимумі кең көлемді болса – оны эвритермді дейді, ал қалыпты температураның көлі кішкентай болса оны стенотермді дейді. Құрлықтағы жануарлар –эвритермді болады. Және олар қоңыржай климаттық белдеуде мекен етеді.

Стенотермдік жануарлардың арасында термофилді (жылы сүйгіш) және термофобті (суық сүйгіш) түрлер болады. Мысалы тундрада тіршілік ететін – ақ аю, леммингтер, солтұстік бұғысы жатады. Жылы сұйгіш жануарлар саны өте көп. Бұған рептилиялар, құстар, сүткоректілер, амфибиялар жатады.

Қоршаған ортаның температурасына салқынқандылар (пойкилотермдер) мен жылықандылар (гомойтермділер) әртүрлі реакция береді. Салқынқандылардың дене темапературасы тұрақсыз және қоршаған ортаның температурасына тұрақсыз және қоршаған ортаның температурасына қарай өзгеріп отырады. Бұл топқа омыртқасыздар, төменгі омыртқалылар, рептилиялар жатады. Пойкилотермдік жануарларға жылы климат активті өмір сүруіне қолайды. Ал суық климатта олар анабиоз, диапауза күйінде болады.

Гомойтерімдік жануарлардың (құстар мен сүткоректілерде) дене температурасы 360-440 С болады. Жылы қандылық жануарлардың суық климаттық жағдайда тіршілік етуіне мүмкіндік береді. Жылықанды жануарлар дене температурасын бір қалыпты ұстап тұруға мүмкіндігі бар. Бұл олардың морфологиялық,физиологиялық жағдайларында болады.

Жануарлардың жылуды бөлуі беткі қабаты арқылы жүреді. Температураны реттеу жануарлардың дене салмағы мен беткі қабатының теңдігіне байланысты. Мысалы ірі жануарлар жылуды бөлуі төмен болады.

Солтүстік жарты шарда – солтүстікке қарай жануарлардың денесінің көлемі ұлғая береді, оңтүстік жарты шарда – оңтүстікке қарай ұлғаяды.

Оны Бергманн заңы деп атайды. Мысалы қоңыр аюдың ең үлкені Солтүстік шығыс Сібірде, Аляскада тіршілік етеді. Не болмаса солтүстіктегі император пингвині- бойы 120 см.

Жануарлар тіршілігіне, таралуына жарықтың орны ерекше. Әсіресе күннің ұзақтылығы. Фотопериодизм жануарлар тіршілігіне әсер етеді.

Жарықтың мол түсуі жануарлардың солтүстікке дейін таралуына мүмкіндік береді.

Шөлді аймақта ымырт түскеннен кейін тіршілік болады. Негізгі климаттық факторлардың бірі – жел саналады. Теңіз жағалауы мен аралдарда тоқтаусыз соғатын желдің әсерінен-шыбын шіркейлер, насекомдар болмайды. Мұхит аралдарында қанатсыз насекомдар тіршілік етеді.

Ал кейбір құстар альбатростар, дауылпаздар, фрегаттар желді ортада тіршілік етеді.

Грунттің түрі жануарлардың таралуына әсер етеді. Жануарлардың таралуына топырақтың тұздылығының мөлшері әсер етеді.

Әсіресе буылдық құрттар. Кейбір қоңыздар тұзды топырақта ғана тіршілік етеді. Оларды галофильдер дейді.

  • Жер бетінде өсімдікпен коректенетін жануарлар басым. Сонымен фитофагтар зоофагтардан көп.
  • Жер бетіндегі жануарлар жоғары сатылы жануарлармен байланысты.
  • Фитофагтар(өсімдіктермен қоректенетін жануарлар) өсімдіктерді таңдап жейді. Оларды стенофагтар дейді.

Ал жануарлардың өсімдіктерді аз таңдайтын бөлігін эврифагтар дейді. Егерде

жануарлар бір түрге жататын өсімдіктермен қоректенсе монофоагтар дейді. (тұт жапырағымен коректенетін құрттар).

Жануарлар арасында зоофагтарда кездеседі. Олар жыртқыштармен паразиттер.
Жануарлардың таралуына өсімдік жамылғысы әсер етеді. Өсімдік жамылғысы биогеценоздің түрін анықтайды. Әр жердің өсімдігінің өзіне лайқты жануарлары болады.