Гимнастикалық қабырға қондырғысы жаттығулар үшін бастапқы қалып таңдауда дененің жекелеген бөліктерін бекіту биіктігін жеңіл өзгертуге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде жаттығудың әсер етуін жаттығушылардың даярлық деңгейіне орай реттеп отыруға көмектеседі. Гимнастикалық қабырғада жасалатын жаттығулардың басты артықшылығы – бастапқы қалыпта дәл бекіту.
Гимнастикалық қабырға жанында жасалатын жаттығуларды терминологиялық анықтау кезінде әдеттегі ЖДЖ терминдерін ұстау және тірек деңгейін анықтай отырып пайдаланған ыңғайлы. Мысалы: қабырғаға арап тұру, кеуде деңгейінде қолмен ұстау; сол жақпен тұру, сол аяқ жамбас деңгейінде рейкаға қойылған, қол белде. Кейде снарядтарда жасалатын жаттығулар терминін пайдалануға да болады: вис (иық ұстау деңгейінен төмен болатын қалып) және тірек (иық ұстау деңгейінен жоғары). Мысалы: қабырғаға оң бүйірмен тұрып вис; қабырғаға арқамен отырып вис. Егер жаттығулар тікелей қабырғада орындалатын болса “вис” және “тірек” терминдерін пайдалану керек.
Гимнастикалық қабырғада жасалынатын жаттығулар.
Гимнастикалық қабырғада жасалатын жаттығуларды орындау кезінде ұйымдастырудың мынадай түрлерін пайдаланған тиімді:
- Жаттығуды жаттығушылардың бәрі бірдей орындайтын кезде
Топты қабырға бойымен одан үш\төрет адым қашықтықта сапқа тұрғызу керек, беттермен қабырғаға қаратып, мынадай команда мен қарату керек.
Әрбір адам бір аралыққа қарама\қарсы тұратындай етіп таралыңдар!. Егер мұғалім көрсетілімді пайдаланатын болса, онда жаттығушылар қабырғадан үш\төрт адымқашықтықта тұрады. Ал бастапқы қалыпты қабылдаңдар! Командасы берілгенде олар қабырғаға жақындап көрсетілген қалыпты қабылдайды. Одан әрі қарай ЖДЖ жүргізуге арналған әдеттегі командалар бнрілнеді, Тоқта! Командасы берілгеннен кейін жаттығушылар қабырғаға сырт вйналып тұрады да, келесі команданы күтеді, егер келесі жаттығу көрсетуді талап ететін болса, онда жаттығушыларды әуелі қабырғадан алыстату керек. Мұнда өз орындарыңа адымдап бар! Командасы пайдаланылады. Қабырғада жасалатын жаттығуларды жүргізу барысныда уақыт үнемдеу үшін мүмкіндігінше түсіндіру тәсілімен, иммитациялық көрсетуді пайдалана отырып шектелген әрі жаттығушыларды қабырғадан алыстатпаған жөн.
- Жаттығуды алма\кезек орындауда. Мұнда жаттығушылардың барлығын бірдей қабырға бойымен сапқа тұрғызу мүмкін емес.
Топты екі қатарға тұрғызу кекрек. Олар жаттығуды кезекпен орындайды, бірқатар жаттығуды орындап болған соң, команда беріледі “орын ауыстырыңдыр”. Дейді! Мұндай жаттығумен айналыудың тығыздығын арттыру үшін қабырғада жасалатын жаттығуларды орындақта жасалатын жаттығулармен немесе затсыз орындалатын ЖДЖ мен біріктірген дұрыс. Снда ортақ командамен және санақпен екі қатарды жұмыс істейді.
- Жаттығуды екеулеп орындағанда.
Бұл жаттығулардың қызықта пайдалы тобы. Мұнда гимнастикалық қабырғада екі серіктестік те өз ара ортақ қимылы пайдаланылады. Жаттығушылар екі қатарға тұрғызылады. Жаттығу екіә серіктестің көмегімен көрсетіледі, одан кейін бастапқы қалыпты қабыдауға және жаттығуды орындауға команда беріледі. Жаттығу орындалғаннан кейін, орындарыңды ауыстырыңдар! Командасы беріледі.