Спорттық жаттықтыру дегеніміз қозғалыс ептілігі мен дағдысын қалыптастырудағы арнайы білім беріде дене қуатын, психологиясын дамыту барысында жоғары спорттық көрсеткіштерге жетуге бағытталған дене тәрбиесінің арнайы педагогикалық үйреті және тәрбиелеу процесі. Спорттық жаттықтырудың әсерін, нәтижесін спортшы дайындығының деңгейін анықтағанда “дайындалғандық”, “жаттыққандық”, және “спорттық қалып” деген ұғымдар қолданылады.
“Жаттыққандық” жүйелі дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысу арқылы спортшылардың жұмыс қабілеттілігін арттыру және берілген жаттықтырудың күш түсуіндегі организмнің биологиялық жқалыптасу деңгейі.
“Дайындалғандық” спортшылардың дене қуаты қасиеттерінің, техникалық шеберлігінің, тактикалоық жіәне психологиялық дайындықтары арқылы жоғары көрсеткіштерге жетуі. “Дайындалғандық” термині осы аталған дайындық жақтарының кез келгеніне жеке де арналуы мүмкін.
“Спорттық қалып” спортшының белгілі бір циклдегі спорттық жоғары нәтижелер көрсетуге дайын кезі.